1.О?ушыларды адамгершілікке, е?бекс?йгіштікке, жаман ?деттен аула? болу керектігі туралы біліктерін ?алыптастыру.
2.О?ушылар?а адамгершілік жайлы т?сінік беріп, жауапкершіліктерін одан ?рі дамыту. Таным белсенділіктерін арттырып оларды? т?рбиелік да?дыларын ?алыптастыру.
3. Адам бойында?ы ?намды, ?намсыз ?ылы?тарды ажырата отырып, ?деп-?ліпсан бойына дарыту, тіл байлы?ын арттыру.
Просмотр содержимого документа
«"Жа?сыдан ?йрен, жаманнан жирен" »
Көбенсай орта мектебі
Өткізген 1 сынып жетекшісі
Абдрахманова Айнажан
Темиржановна
2014 оқу жылы
Тақырыбы:«Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен»
Мақсаты:
1.Оқушыларды адамгершілікке, еңбексүйгіштікке, жаман әдеттен аулақ болу керектігі туралы біліктерін қалыптастыру .
2.Оқушыларға адамгершілік жайлы түсінік беріп, жауапкершіліктерін одан әрі дамыту. Таным белсенділіктерін арттырып олардың тәрбиелік дағдыларын қалыптастыру.
3. Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып, әдеп-әліпсан бойына дарыту, тіл байлығын арттыру.
Құрметті ұстаздар, ата – аналар, оқушылар! Бүгінгі «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен » сыныптан тыс тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Абай атамыздың Бес нәрсеге асық бол,бес нәрседен қашық бол»-деген сөзінен бастағым келіп тұр. Себебі, әр адам өмірде жақсылықты да, жамандықты да көреді. Соның бәрін жеңіп дайын болу керек.
Бүгінгі заман адамы сегіз қырлы бір сырлы болып өсуі қажет. Оның ең бастысы адамгершілік. Ата–ананың тілегі – сенің жақсы адам азамат болуың. Міне, осындағы ақылдылықты, кішіпейілдікті, инабаттылықты, шыншылдықты ата – аналарымыз, ата – бабаларымыз және ұстаздарымыз үйретеді. Ең бірінші осындай жақсы қасиеттерді ананың ақ сүтінен, бал тілінен бойымызға сіңіреміз. Балалар осы қасиеттерді үйреніп, жаман мінез- әдеттерден, ұнамсыз қылықтардан аулақ болуға тырысыңдар.
Балалар әркімнің өзінің бойында жақсы қасиеттер бар. Соны атымыздың басты әрпімен байланыстырып айтайық.
Н- намыстымын
А- адамгершілмін
Д- дарындымын
Д- дәриямын
М- момынмын
М- мейірімдімін
П- парасаттымын
И- имандымын
Г- гүлдеймін
И- инабаттымын
Балалар шеңберге тұрып
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Сәлем бердік сіздерге,
Құрметпенен біз.
Тақтаға таза ұқыпты, қолында оқулығы бар, және киімі лас, кітабы жыртылған оқушылардың суреті ілінеді. Балалар суретті мұқият қараңдар, ойларыңа не келді?
Өзіңді қай баланың орнына қоя аласың?
Жақсы қасиетті кімнен үйренеміз?
Енді балалар Абай атамыздың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін тыңдайық.
Назар:
Ғылым таппай мақтанба
Орын таппай баптанба
Құмарланып шаттанба
Ойнап босқа күлуге
Бес нәрсеге асық бол,
Бес нәрседен қашық бол
Адам болам десеңіз
Тілеуің өмірің алдында
Оған қайғы жесеңіз
Өсек өтірік мақтаншақ
Еріншек бекер мал шашпақ
Бес дұшпанды білсеңіз
Талап еңбек терең ой
Қанағат рақым ойлап қой
Бес асыл іс көнсеңіз
III. Негізгі бөлім: «Жалғастыр ойыны»
Не істеуге болмайды?
Үлкендердің (алдынан кешіп өтуге болмайды)
Кіші баланы (жылатуға болмайды)
Сабақтан (кешігуге болмайды)
Сыныпта (тәртіпсіздік жасауға болмайды)
Не істеу керек?
Үлкенді (сыйлау керек)
Алдымен (қыз балаға жол беру керек)
Айтқанды(тыңдау керек)
Сабақты(жақсы оқу керек)
Досқа (көмектесу керек)
Мұғалімнен (үйрену керек)
Жарайсыңдар сендер ізетті баласыңдар!
IV.Сиқырлы сөздер:
Балалар кез-келген жағдайда адам бойына ашу шақырмай сабырлы болған жөн. Қатты ашуды тарататын сиқырлы сөздер болады екен. Олардың қандай сөздер екенін бірлесіп іздейік
1) Апаң сенің базардан.
Алма сатып әкелді
Ең үлкенін жақсысын
Саған таңдап әперді
Не деп барып жеу керек
Рахмет апа деу керек
Әжең сенің түскі асқа
Қант, кәмпит салды мол
Жұрттан бұрын ыдысқа
Өз бетіңмен салдың қол
Рұқсат па деу керек еді
Балалар жүр көшеде
Естілді шу айқай,
Сенде шықтың көшеге
Қағып кеттің байқамай
Кешіріңіз деу керек
Бұдан басқа қандай сиқырлы сөздер білесіңдер?
Арай:
1. Мектебіме барғанда
Жолыққан бар жандарға
Ертемен ақ кейіппен
Қайырлы таң деймін мен
Гауһар:
2. Күндізде елді елеймін
Қайырлы күн тілеймін
Үйге кешке келемім
Кеш жарық деп кіремін
Дәрия:
3. Дастархан басында
Әдептен біз озбайық
Үлкендердің қасында
Қолды бұрын созбайық
Мөлдір:
4. Қолғабысқа жараймыз
Тазалықты қалаймыз
Ана еңбегін сыйлаймыз
Үйдің ішін сыйлаймыз
Марал:
5. Кіш үлкенді сыйласа
Кім үлкенді тыңдаса
Сөйтіп болмақ өзіде
Үлкен болған кезінде
Перизат:
6. Достар тату – тәттіміз
Болса да қолда тәттіміз
Біз бөлісіп жатамыз
Бәріміз оны татамыз
Ислам:
7. Кітаптарым жыртылса
Түбі түсіп қырқылса,
Желімдейміз жасаймыз
Оларды дос санаймыз.
8. Ирина:
Ата –ананың тілегі,
Адам болып өскені.
Адамдықтың тірегі,
Адам болып өскені.
Жақсыны бойға сіңіремін деп мына кестеге өз ойларымызды айтып толтыру керек.
Жақсы істерді
кімнен үйренеміз?
Біздің жанұямыздағы жақсы адам?
V. Сергіту сәті: Ақиқат не жалған ойыны
Шарты: Айтылған пікір ақиқат болса, қол соғыңдар, айтылған пікір жалған болса, аяқпен жерді тарсылдатыңдар.
Пікірлер:
Мен ұрлық жасағанды ұнатамын
Ініме оқк үйретемін
Итті аяғыммен тебемін
Айыншығымды ешкімге бермеймін
Нанды шашпаймын, аяғыммен баспаймын
Бас киімді доп қыламын
Анама ренжітіп сөздер айтамын
Әкемнің айтқанын тыңдаймын.
Күлді баспаймын.
VI.«Не жақсы, не жаман?»
Балалар мен сендерге С. Оспановтың «Не жақсы, не жаман?» атты өлеңін шумақтарға бөліп айтамын. Сендер әр шумақта не жақсы, не жаман туралы айтылғанын тауып, жақсы туралы айтылған болса «жақсы» деп, жаман туралы айтылған болса «жаман» деп жауап беріп отырыңдар.
Биязы мінез тіл алғыш,
Бал-бұл жанып жүретін,
Бауырмалдық сол- ?
(жақсы)
Үйдің ішін тазалап,
Үстіңе де қарайлап,
Үлгере алсаң сол-?
( жақсы)
Ашу деген бәледен,
Алшақ жүріп жанаспай,
Ақылды болсаң сол-?
( жақсы)
Беті- қолың кір-кір боп,
Берекесіз ыржақтап,
Бейбастық өссең сол-?
( жаман)
Ұшып-қонып жүретін,
Шегірткедей жеңілтек,
Ұшқалақ болсаң сол-?
( жаман)
Ата-ананың ақылын,
Ала білмей кезінде,
Ақымақ болсаң сол -?
( жаман)
-Жақсы адамды айналасындағылардың бәрі жақсы көреді, сыйлайды.Оның достары да көп болады.Жақсы адам болу әр адамның өзіне байланысты.
VII. Мәтінмен жұмыс
В. Сухомлинскидің «Әйнек адам» мәтінін мәнерлеп оқып беру)
Сұрақтар:
- Осы мәтін жайлы не айтар едіңдер?
- Бала қандай жаман әрекеттер істеді?
- Әйнек адам баланы қандай жақсы қасиеттерге үйретті?
- Біз мәтінді тыңдап, талдай отырып не үйрендік?
VIII. Карточкамен жұмыс. «Жақсылық тамшысы»
Оқушылардың санына сәйкес тамшы үлгісінде қиылған қағаздарды үлестіру. Әр бала тамшыға жақсылық сөздерді жазады. Мұғалім тақтаға тамшыларды ілуді ұсынады. Тамшыны іліп жатқанда әр бала өзгелерге, айналасына өзі жасаған жақсылықтарын жария етеді.
- Балалар, әрқайсысыңның тамшыдай жасаған жақсылықтарыңды қосқанда үлкен дарияға (мұғалім тамшылар ілінген плакат астына көкпеңбек дария суретін апарып іледі) айналды. Яғни, әр адамның жаны жақсылыққа толы болса, жер бетінде бейбітшілік орнап, адамдар бақытты өмір сүреді.
IX. Дәйексөз «Жақсы болу өзіңнен»
А.Асылбековтың «Жақсы болу өзіңнен» өлеңін Дамир жатқа айтады.
-Жақсы болу өзіңнен
Жаман болу өзіңнен
Өзіңді өзің ая да,
Өзің үйрен өзіңнен.
Жамандық көрсең біреуден
Мен қандаймын деп ойла.
Жақсылық көрсең біреуден
Мен қандаймын деп ойла!
X. Тақтамен жұмыс
Тақтада үлкен қоржынның және шашылып жатқан асықтардың суреті салынған. Барлығы 17 асық: әр асыққа бір әріп және нөмір жазылған.
Тапсырма: Асықтардың нөмір ретімен қойып, сөйлемді оқыңдар.
Жауабы: Жақсы болғым келеді.
XI. Суретпен жұмыс.
XII. Мақал- мәтелдер, Жақсылық, жамандық туралы
Кім көп біледі.
XIII. Өзіммен -өзім
-Балалар,біз жақсы мен жаманның не екенін ажыратып, бойымыз бір жеңілдеп қалғандай.Енді ыңғайланып отырып алыңдар да, көздеріңді жұмып, терең дем алыңдар.
Көз алдарыңа тамаша табиғатты елестетіңдер.Сылдырап аққан бұлақтың жағасында жадырап, біз жүрміз. Айналаның бәрі қызылды- жасылды құлпырған әдемі гүлдер. Тамылжыта ән салған құстар.Ал төбемізден нұрын шашқан алтын күн де қарап тұрғандай. Жер бетіндегі барлық тірі зат бізге: «Жақсы бала бол!» дегендей болады.
Ал енді бір, екі, үш деп, бұрынғы қалпымызға келейік.
-Балалар біз бүгінгі сабағымызда адам бойындағы жақсы, жаман қасиеттерді ажырата білдік деп ойлаймын. Алдарыңда жатқан қағаздарға жақсылық деген не? жамандық деген не? жеке –жеке парақтарға жазайық та, жақсы қасиеттерімізді, жақсылық сөздерімізді оң жақтағы сандыққа салайық. Жақсылықтың сандығын үнемі қарап оқып,орындап жүреміз. Ал жаман қасиеттерді сол жақтағы сандыққа салып,құлттап қояйық. Сандықтың ашылмуына қонақтар куәгер болсын. Кілті осы қонақтарда болады.«Жамандықтың» аузы ешқашан ашылмасын, сіздерде ашпаңыздар.
XIV . Ән «Жақсы бала еңбекшіл»
Жүректен жүрекке
Балалар шеңберге тұрып, бәрі бірге өлең шумағын айтады.
Жақсылықтан үйреніп,
Боламыз біз жақсы адам.
Жамандықтан жиреніп,
Үлгі аламыз жақсыдан.
Ненің жақсы, ненің жаман екенін айыра білдік. Сіздер еліміздің болашағысыздар. Ендеше осы бастан бойларыңызға жақсы қасиеттерді жинақтап, жаман қасиеттерден аулақ болыңыздар.