Кіріспе (5-7мин) | 1.Оқушылармен амандасу, түгелдеу. - Сәлематсыздар ма, оқушылар? (оқушыларды түгелдеу, сабаққа дайындықтарын тексеру) 2. Шаңырақ әдісі арқылы 2 топқа бөлу. І топ. «Алғырлар» ІІ топ «Дарындылар» 3. Психологиялық сәт. Сабақтағы жақсы көңіл күй. Әдемі тілектер айту. 4. Жұптық жұмыс арқылы үй тапсырмасын тексеру. Оқушының аты-жөні: | | Үй тапсырмасын айтуға қойылатын критерий | *Өлеңді мәнерлеп оқыды. | 2 | | *Қатесіз айтты | 1 | | *Төл дыбыстарын дұрыс айтты | 1 | | *жаңа сөздердің мағынасын түсініндірді. | 1 | | Бағасы | | 5. Бағалау. Оқушылар үй жұмыстарын «стикердегі сурет» арқылы өзара бағалап шығады. Ол үшін әр оқушыға стикерлер таратылады,суретін салып(жай бояусыз қаламмен салады), тексерілген дәптерге бекітеді. | Мұғаліммен амандасады. Кезекші сыныптың сабаққа дайындығын баяндап, сабаққа қатыспай отырған оқушыларды атап шығады. Сынып 2 топқа бөлінеді. Бағалау критериясы бойынша жұпта бағалайды. Оқушылар бұл арқылы жұпта үй тапсырмаларын тексеріп шығады. Үй тапсырмасын орындамаған оқушы қасындағы көрші сыныптасынан ұялары, ыңғайсызданары сөзсіз. Сол себептен, бұл әдіс оқушылардың реттелуіне септігін тигізеді. Бір-бірінің білімдерін бағалап, жетістіктері мен кемшіліктерін анықтайтын болады. Оқушылар бір-бірін стикерге сурет салу арқылы бағалайды. «5»-күн суреті «4»-алма суреті «3»-бұлт суретін салады. |
Тұсаукесер (5мин.) | Ой қозғау: «Өзіңнен баста»бейнеролик көрсету. - Балалар, қазір назарларыңа бейнероик ұсынамын. Назар қойып бақылаймыз. -Бейнеролик бойынша мынадай сұрақтарға жауап берейік. - Бейнероиктен не көрдіңдер?Үлкенге қандай жақсы істер жасады?Иә,дұрыс айтасыздар?Осы қасиеттердің бәрі бойымызда болса біз қандай оқушы боламыз. - .... - Ендеше бүгінгі тақырыбымыз немен байланысты болуы мүмкін. Сабақтың тақырыбы хабарланып, оқушылар күннің жады мен сабақтың тақырыбын жазып алады. Сабақтың мақсаты айтылады.Табыс критерииі: 1)Өлең мазмұнын түсінемін. 2)Сөздерге септік жалғау жалғап,дыбыстық талдау жасай аламын. 3)Жақсы оқушыға тән қасиеттерді рольдік ойын арқылы көрсетемін..
| Оқушылар мұғалімнің қойған сұрағына қол көтеру арқылы жауап береді. Презентация тамашалап, қойылған сұрақтарға жауап берулері қажет. Мүмкін болар жауаптар: Тәртіпті,әдепті,мейірімді,қамқоршы т.б Оқушылар сабақтың мақсатын төмендегіше анықтайды: Сабақтың мақсаты: . |
Негізгі бөлім (20мин) | Жаңа сабақты меңгеру. Тақырып оқулықта жоқ болғандықтан оқушыларға «жақсы оқушы боламын»тақырыбында тақпақ үйлестіріледі. Жаңа сөздермен жұмыс: Тыңдайтын-...,сыйлайтын-....,тентек-...,кішілерге-... Бұл тақпақты Қадір Мырзалиевтің 80-жылдығына арналған мәнерлеп оқу сайысында алғыс хат,мектепшілік мәнерлеп оқу сайысында жеңіімпаз болған 3 «г»сынып оқушысы Абдрахманов Ибрагим сіздерге оқып береді (интерактивті тақтадан тыңдау) Әр топтан бір оқушы мәнерлеп оқиды.Өлең мазмұны бойынша екі топқа сұрақ қойылады. «Бағдаршам»әдісі арқылы өз-өзін бағалайды. 1)Грамматикалық тапсырма:Өлеңнен септік жалғауын табу. 2)Мына сөздерді екі бағанға(жақсы және жаман қасиеттерді) бөліп жазыңдар: Әдепті,тәртіпті,өтірікші,жалқау,сыпайы,еңбекқор, адал,ашуланшақ,дөрекі,алғыр,талапты,еріншек, надандық,қайырымды 3) Мен үшінші сынып... оқимын.Мен сабақ... жақсы оқимын. Мен бірінші парта.. Дана... отырамын. Мен үлкендер... көмектесемін. Грамматикалық тапсырмаларды бекіту үшін «Иә,жоқ»әдісі қолданылады. 1)А жуан ,езулік,ашық дауысты дыбыс 2)-ның,-нің,-дың,-дің,-тың,-тің ілік септік жалғауы 3)Қ дауысты дыбыс 4)Жал-қау-бек бітеу буындар 5)Ә Жуан,қысаң,еріндік дауыссыз дыбыс 6)-мен,-бен,-пен көмектес септік жалғауы. Сергіту сәті () «Аяқпеннен топ-топ» өлеңімен және қимылымен айту.
Әр топқа ролдік ойыны тапсырылады. № | Рольдік ойын критерииі | Ұпай | 1 | Топ мүшелерінің түгел қатысуы | 1 | 2 | Кейіпкерлердің көп болуы | 1 | 3 | Сөздерді қатесіз айтуы | 2 | 4 | Рольдерде дұрыс ойнауы | 1 | Бағалау. Қол шапалақтау. Оза оқыту әдісі бойынша жақсы оқушы туралы ертегі жазып келуге берген болатынмын.Жазып келген оқушылар оқиды.(мадақтама сөздер арқылы мадақтап,сенім білдіремін.) | Жаңа сөздерді оқып,сөз тіркесі,сөйлем құрастырады. Әр топтан бір оқушы шығып,тақтаға оқушы сөзін септейді, жақсы сөзіне дыбыстық талдауды жасайды. 1-топқа «Автобустағы жақсы оқушы» 2-топқа «Жол үстіндегі жаяу жүргінші» |
Қорытынды (15мин.) | Бекіту сұрақтары:Кері байланыс: Оқушының аты-жөні: | Критерийлер | Ұпай | Өлең мазмұнын түсіндім | 0 | 1 | 2 | 3 | Жаңа сөздерді білдім. | 0 | 1 | 2 | 3 | Септік жалғауын орнымен қолдана аламын | 0 | 1 | 2 | 3 | Сөздерге септік жалғауын жалғап,дыбыстық талдау жасадым. | 0 | 1 | 2 | 3 | Сөйлем құрастыра аламын | 0 | 1 | 2 | 3 | Жақсы оқушыға тән қасиеттерді рольдік ойын арқылы көрсеттім. | 0 | 1 | 2 | 3 | Жалпы ұпай саны: | | 18ұпай | «5» | Сен керемет орындадың! | 16-17ұпай | «4» | Сен жақсы жұмыстандың! | 14-15ұпай | «3» | Сен жарадың! | 2) Рефлексия. «Нысана» 3) Бағалау: Оқушылардың бағасын атап, мүмкіндігімше себебін түсіндіріп шығамын. Ерекше белсенділік танытқан оқушыларды атап өтемін. Мадақтаймын. 4)Үйге тапсырма: Өлеңді жаттау,септік жалғауын қайталау - Сабақ аяқталды! -Сау болыңыздар! | Тақырып бойынша алған білімдерін қорытындылайды. . Оқушыларға берілген стикерлерді нысанаға апарып жапсырады. Оқушылар бағаланады. Үй тапсырмасын түсіріп алады |