Бастауыш сынып мұғалімі Акишева Айнаш Кенесовна | 4 «А» - сынып Оқушылар саны - 23 | Ақмола облысы Көкшетау қаласы №21 орта мектебі | Қазақ тілі |
№ 1 сабақ | |
Сабақтың атауы | Жай және құрмалас сөйлемді қайталау |
Сілтеме | Қазақ тілінің дидактикалық материалы, слайд, сабақ жоспары. |
Жалпы мақсаты | Жай және құрмалас сөйлем туралы алған білімдерін қайталау. |
Міндеттері | 1. Жай сөйлемдерді құрмалас сөйлемдерге, құрмалас сөйлемдерді жай сөйлемдерге айналдыру тәсілдерін үйрету. 2. Құрмалас сөйлемдердің тыныс белгісін дұрыс қоя білуге үйрету. 3. Бірін-бірі тыңдай білуге тәрбиелеу. |
Мұғалімдер үшін оқу нәтижелері | 1. Оқушылардың бірін-бірі оқыту арқылы аталған тақырыпты пысықтау. 2. Мұғалім оқушыларға өздік жұмыс жасай білуге итермелейді. 3. Оқушылардың өзін және достарын бағалау мүмкіндігін жасау. |
Сабақта туындаған негізгі идеялар | 1. Оқушылардың жай және құрмалас сөйлем туралы алған білімдеріне сүйену. 2. Білім алуға ұмтылдыру. |
Күтілетін нәтиже | 1. Оқушылардың жай және құрмалас сөйлем туралы алған білімдерін тиянақтау. 2. Сұрақтарға толық жауап беруге дағдыландыру. 3. Төрт-түлік малға деген сүйіспеншіліктерін ояту. |
Көрнекіліктер | Интербелсенді тақта, слайдтар, тапсырмалар, сюжетті сурет, оқулық, кесте, сызба қағаз. |
Сабақтың барысы бойынша мұғалімнің жазбалары |
Мұғалімнің іс-әрекеті | Уақыты | Оқушының іс-әрекеті |
І. Ұйым кезеңі: 1. Амандасу. 2. Қызығушылықтарын ояту. Сурет қиындаларын жинау. (мозайка) | 2 мин | 1.Амандасады. 2.Оқушылар сурет қиындыларын жинастырады. |
ІІ.Негізгі кезең: Тақырыпты сөзжұмбақ арқылы ашу. Құрмалас сөйлем деген сөз шығады. -Сұрақ-жауап әдісі арқылы тақырыпты ашу. | 5 мин | Сөзжұмбақты шешіп,жай сөйлем мен құрмалас сөйлем туралы алған білімдерін ортаға салады. |
1) Топпен жұмыс: 1-жаттығу -1топ - мәтінді мәнерлеп оқиды. -2топ - мәтінді мазмұндайды. -3топ - мәтін бойынша сұрақтар даярлайды. | 10 мин | Оқушылар мәтінмен жұмыс жасайды. |
2)Дәптермен жұмыс: 1 топ – 2 жаттығу Жай сөйлемдерді құрмалас сөйлемдерге айналдырып жазады. 2 топ – 3 жаттығу Ойдан сөйлем қосып,құрмалас сөйлем жазу. 3 топ – 4 жаттығу Құрмалас сөйлемнің құрамында неше сөйлем барын анықтау. | 10 мин. | Оқушылар тапсырмаларды дәптерлеріне жазбаша орындап,талдайды. |
Сергіту сәті: Жұмбақтар жасыру. | 1 мин | Олардың жауаптарын оқушылар қимыл – қозғалыспен көрсетеді. |
3) Шығармашылық жұмыс: 1) «Менің сүйікті қошақаным» эссе жазу. 2) Әр топ төрт-түлікке байланысты 5 жолды өлең құрастырады. | 10 мин | Оқушылар өздігінен жұмыс жасайды. Өлең жолдарын ақ қағаз бетіне түсіреді. |
ІV.Сабақты бекіту: (ауызша ортаға ой салу) | 4 мин | Оқушылар ауызша білімдерін тиянақтайды. |
V. Бағалау: Оқушылардың өздігінен бағалауы | 2 мин | Оқушылар бір-бірінің жұмыстарын бағалап, талдайды. |
VІ. Үйге тапсырма: 177 - бет 5-жаттығу (жазбаша) | 1 мин | Оқушылар үй-тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады. |