Мақсаты:
- Оқушылардың бойындағы еліміздің Тәуелсіздігіне деген, Отанға деген құрмет сезімін нығайту
- Оқушыларды шығармашылыққа баулу
Ресурстар:
- Слайд «Тәуелсіз елдің тұғыры мықты»
- Оқушылар шығармашылығынан туындаған эссе, өлең, суреттер, мақал-мәтелдер
- Ұстаз шығармашылығының туындылары
Жүрісі:
І хор: «Тәуелсіз елдің ұраны»
ІІ 1- о: Ардақтаймыз асылдарды,
Тәуелсіздік Туын тіккен.
Ұрпағының санасынан,
Ұмытылмас ерлігі еткен.
2-о: Құрметті, қонақтар!
4«Б» сынып оқушыларының «Заула, егемендік тұлпары» атты тәрбие сағатына қош келдіңіздер!
3-о: Ақын Ғ.Әріп. «Заула, егемендік тұлпары» өлеңі оқылады.
4-о: Елге айналдың, Отаным, есімі ұлы,
Аштың әлем халқына есігіңді.
Ардақтап көптен күткен осы күнді,
Түзе, халқым, салтың мен бесігіңді.
5-о: Сенен ғана өрбиді күш, жыр-әнім,
Қазақстан, о, менің құт тұрағым!
Жер шарына қазақтың халық атын,
Тәуелсіздік туымен ұқтырамын!
6-о: қазақ елі сонау Алтайдан Пиренейге дейінгі билік еткен Еділ батырдың, асқан батырлығымен, ақыл-парасатымен Мысыр еліне билік жүргізген Бейбарыстың, үндіні билеген – Бабырдың елі.
Қазақ елінің тарихында 200 жылға созылған үздік-саздық шайқастардың халық үшін ауыр зардап шетіргені мәлім. (Еділ, Бейбарыс, бабыр суреттері)
7-о: Қазақ халқының көкірегінде шер болып қатқан «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» деген атпен қалған зұлмат заман – жоңғар шапқыншылығы («Ақтабан шұбырынды» - кинофильмінен үзінді көру, «Елім-ай» әнін тыңдау)
8-о: елдің елдігін, ердің ерлігін сынайтын күн туғанда, жауға соққы беріп, жалпы жұртты аман алып қалу үшін данышпан Төле би батырларды, билерді батылдыққа, қазақ елін бірлікке шақырды.
(Үш бидің суреттері көрсетіледі)
Ортаға үш би шығады.
9-о: /Төле би/
Уа, халайық!
Аттың күші атқарған тірлігінде,
Ағайынның күші топтасқан бірлігінде.
Төртеу түгел болса, төбедегі келеді,
Алтау ала болса, ауыздағы кетеді.
Жаңбыр жаумаса, жер жетім,
Басшысы болмаса, ел жетім.
Аққу, қазсыз- көл жетім,
Ұқпасқа айтқан сөз жетім.
10-о: /Қазыбек би/
Иә, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарсақ, даусымызды мол шығарғанымыз емес пе? Қараңғы түнгі қапастан жол тапқанымыз емес пе?
Өркенім өссін десең, кекшіл болма,
Кесапаты тиер еліңе.
Елім өссін десең, өршіл болма,
Өскеніңді өшірерсің!
11-о: /Әйтеке би/
Бірі биік өрге тартса, бірі қайқаң белге тартса, бірі ойпаң жерге тартса, күніміз- түн, түніміз – түнек болмай ма? Босып жүрген тірліктен, топтасқан бірлік артық.
Бай болсаң халқыңа пайдаң тисін,
Батыр болсаң жауыңа найзаң тисін.
Бай болып еліңе пайдаң тимесе,
Батыр боп жауыңа найзаң тимесе,
Елден бөтен үйің күйсін!
12-о: Бабаның мұратын,
Қалдырған мұрасын,
Қорғаған ерлерім,
Мәңгі есте тұрасың!
13-о: Ел тарихында ерекше орын алған, халқымыздың ар-намысына айналған – 1986 жылғы «Желтоқсан оқиғасы». Қазақ халқын дүние жүзіне танытқан бұл оқиғаның құрбандары – Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Ербол Сыпатаев, Сәбира Мұхамеджановаларды ұмытпай, мәңгі есте сақтау- парызымыз.
(Суреттері көрсетіледі)
«Мен қазақпын»
Мен – қазақпын мың өліп, мың тірілген.
Жөргегімде таныстым мұң тілімен
Жылағанда жүрегім, күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.
Мен – қазақпын, биікпін, байтақ елмін,
Қайта тудым, өмірге қайта келдім.
Мен мың да бір тірілдім, мәңгі өлмеске,
Айта бергім келеді, айта бергім.
15-о: Ата- бабам аңсап өткен,
Тәуелсіз елдің ұланымыз.
Елдік, бірлік, жасампаздық,
Шырқап айтар – ұранымыз!
16-о: Көк байрақты қолға ұстап,
Өркендерміз өрге жүзген,
Тәуелсіздік күні Сізге,
Өнерлерін шашу еткен!
4 «Б» сынып оқушыларының өнер шашуы.
- «Мектебім»
Орындайтын – Шораева Ханзада
- Жерлесіміз, ақын К.Ыбыраевтың өлеңдер топтамасы
Оқитын – Тоқсанбаева Айкөркем
- Көркем гимнастика – Нұр Назым
- Халық әні «Илигай»
Скрипкада орындайтын – Рахмет Амина
- Елдік, достық туралы өзінің шығарған мақал-мәтелдері
Оқитын – Нұркенұлы Рауан
- Сынып жетекшісі К.Арипова «Тәуелсіздік»
Оқитын- автор
- Хор: «Күндидарлы Қазақстан»