Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы №20 орта жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Батырова Нұржанат Меңдіғалиқызының сауат ашу пәнінен «Заттың қимылын білдіретін сөздер. Қайдан келдің, бауырсақ?» атты сабағы
пәні | сауат ашу | 1 «б» сыныбы | 10 сәуір 2014 жыл |
Тақырыбы | Заттың қимылын білдіретін сөздер. Қайдан келдің, бауырсақ? |
Мақсаты | Оқушылардың оқу-жазу дағдыларын жетілдіру, заттың қимылын білдіретін сөздер туралы түсініктерін кеңейтуге мүмкіндік жасау; балалардың нан туралы білімдерін толықтыру; үлкендердің еңбегін ардақтап, бағалай білуге тәрбиелеу. Топпен жұмыс жасата отырып оқушылардың сөздік қорларын дамыту. |
Күтілетін нәтиже | Заттың қимылын білдіретін сөздерге сұрақтар қою, мысалдар келтіру арқылы оқушылардың ой-өрістері дамиды, зейіндері жетіледі. Өз ойын ашық айта алатын, сыни тұрғыдан ойлай алатын жеке тұлға қалыптасады. Топпен жұмыс жасай отырып ынтымақтастық атмосферасы қалыптасады. |
Түйінді идеялар | Оқушыларға қойылатын сұрақтар,диалогтік оқыту, жеке жұмыс, топтық жұмыс, |
Сабақтың формасы | топтық жұмыс,жұппен жұмыс,жеке жұмыс |
Сабақтың әдісі | миға шабуыл |
Ойлау деңгейі (Б.Блум бойынша) | Мақсаты | Түрткі тапсырма, сұрақ, ресурс | Нәтиже | Бағалау | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті |
Білу | Оқушылардың қызығушылықтарын ояту, сабаққа зейіндерін аударту. | Психологиялық дайындық Үлкенге де Сіз Кішіге де Сіз Құрметпенен сіздерге Сәлембердік біз -Сәлеметсіздер ме? Әр топтың аттарына сай не білетіндерін сұрау (мақал, тақпақ, ертегі т.б) Дыбыстық талдау жер, бидай, бауырсақ сөздеріне дыбыстық талдау жасату | Оқушылар қағаздарды суыру арқылы топқа тең бөлінеді. Топ ережелерін қайталайды. | Жуан,жіңішке сұрақтарды фармативті бағалау ( бас бармақты жоғары, төмен, жанға бұру) | Топқа тең бөлінулерін қадағалайды. Топ ережелерін еске түсіреді. | Оқушылар жер, бидай, бауырсақ болып топқа бөлінеді Ойланады, жауап береді. |
Түсіну | Оқушылардың өткен сабақтарды қалай меңгергендіктерін анықтау барысында тапсырмалар беру. | Жеке суреттерді интербелсенді тақтада көрсету (мұғалім, дәрігер, ара, әтеш, мысық) осы сөздерге не істеді? Не қылды? қайтті сұрақтарын қою арқылы заттың қимылын білдіретін сөздер шығарту. | тапсырмаларды орындайды, ойланады, ережелерді айтады. Заттың қимылын білдіретін сөздерді тауып айтады. | формативті бағалау | Әр топқа бірнеше сөздерді беріп, жетелеу сұрақтардың көмегімен өткен шақ, осы шақ, келер шаққа айналдырып айтқызады | Ойланады, ақылдасады, жауап береді. Ережелерді айтады. |
Қолдану | Мәтінді өз беттерінше оқып түсініп, талдауын бақылау | интербелсенді тақта: автор туралы мәлімет Оқулық: өлеңді мәнерлеп, рөлге бөліп оқу Сөздікпен жұмыс: наубай-нан пісіретін орын, диірмен-ұн тартатын жер, диқан-егін өсіретін адам, дала-егін өсіретін алқап, қырман-астықты жинайтын орын | Мәтінді іштей оқиды,түсінгендерін жұппен, топпен талдай алады. | формативті бағалау | Мұғалім автор туралы мәлімет береді. Өлеңді қуыршақтардың көмегімен театрландырылған көрініс ретінде мәнерлеп айтып береді. | оқушылар автор туралы өздерінің ізденіп келген қосымша мәліметтерін айтады. Өлеңді мәнерлеп, рөлге бөліп оқиды. |
Талдау | Оқушыларға алдарында жатқан материалдарды қолдана отырып, өздеріне берілген тапсырмаларға байланысты топпен жұмыс жасата отырып оқушылардың сөздік қорларын дамыту. Дәптермен жұмыс жасай отырып жеке жұмыс жасату | газет,журнал, кітаптар, фотосуреттер І-топ: «Астық бізге қалай келеді?» ІІ-топ: «Бауырсақ қалай жасалады?» ІІІ-топ: «Пайдалы және зиянды тағамдарды бөлу» Әр топ өздерінің жұмыстарын ортаға шығып қорғайды. Сергіту сәті: Нан қиқымын шашпайық, Жерде жатса баспайық. Теріп алып қастерлеп, Торғайларға тастайық. Дәптермен жұмыс: 244-жаттығу. Бағанның екі жағындағы сөздерден сөйлем құрап жаз. | ақылдасады, ойланады, дұрыс шешім қабылдауға тырысады. Берілген тапсырманы дұрыс, әдемі орындайды. | формативті бағалау | мұғалім әр топтың өздеріне берілген тапсырмаға лайықты суреттер, тағамдар таратады. Оқушылардың қатасіз, әдемі жазуларын қадағалайды | Оқушылар алдарындағы суреттерді ретімен қойып өзара ақылдасады. Өз ойларын ортаға салады. Жер тобы: Суреттерді ретімен қойып астық алдымызға қалай келетіндігі жөнінде айтады. Бидай тобы: Алдарына берілген суреттегі тағамдардың ішінен ұннан жасалатын тағамдарды тауып айтады. Бауырсақ тобы: алдарындағы тағамдардың ішінен пайдалысын жарнамалайды Тақдаға әр топтан бір оқушы шығып орындайды. |
Жинақтау | Заттың қимылын білдіретін сөздерге сұрақ қою арқылы теріп жазу | Интерактивті тақта Терме диктант Орындық, жүзеді, ұшақ, шапшаң, Сырдария, келді, Құлагер, дөңгелек, Шығармашылық тапсырма: І-топ: «Ж» дыбысына,ІІ-топ: «Б» дыбысына,ІІІ-топ: «Қ»дыбысына басталатын заттың қимылын білдіретін бірнеше сөз айту. Айтқан сөздерін біздер, сендер, сіздер, олар деп тиісті жалғаулар жалғап дұрыс айтуларын қадағалау. | Ұннан жасалатын тағамдарды басқа тағамдардан айыра біледі, нан қиқымын шашуға болмайтындықтары туралы естеріне түсіреді. Заттың қимылын білдіретін сөздерді айыра біледі.. | формативті бағалау | Диктанттағы сөздердің не себепті бас әріппен жазылып тұрғандарын сұрайды. | Терме диктанттың ішіндегі сөздерге сұрақтар қою арқылы заттың қимылын білдіретін сөздерді ғана теріп жазады. Ойланады,ізденеді, жазады Сөздерді 3жақта жіктеп айтады. |
Бағалау | Әрбір оқушының бүгінгі сабақты қалай меңгергендіктерін анықтау | Бағалау парағы | Оқушылар заттық қимылын білдіретін сөздерді жіктей алады, сөздерді 3 шаққа айналдыра алады. Өлеңді рөлге бөліп оқи алады. | Әр топтың бағалаушыларын тыңдау | сабақ ұнаса несімен ұнағанын, түсінбесе қай жеріне түсінбегендіктерін сұрайды | Бүгінгі сабақты қалай түсінгендерін білу мақсатында әр оқушы бүгінгі сабақтан не алғанын айтып топқа бөлінгенде алған қағаздарын себетке салып отырады. |
«Заттың қимылын білдіретін сөздер. Қайдан келдің, бауырсақ?»