Заттың атын білдіретін сөздер. Жазғытұрым. Аудандық семинар сабақ
Заттың атын білдіретін сөздер. Жазғытұрым. Аудандық семинар сабақ
Заттың атын білдіретін сөздерге,дұрыс сұрақ қоя білуге үйрету.Көктем туралы түсініктерін қалыптастыра отырып, өлеңді саналы түсініп оқуын меңгерту,шапшаң оқуға төселдіру.Жаттығуларды орындай отырып,талдап,өз ойын жеткізе білуге үйренеді.Шығармашылық тапсырмаларды өз беттерінше орындауға машықтанады.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Заттың атын білдіретін сөздер. Жазғытұрым. Аудандық семинар сабақ»
Ана тілі
Сабақтың тақырыбы: Заттың атын білдіретін сөздер. «Жазғытұрым»
Сабақтың мақсаты:1.Білімділік:Заттың атын білдіретін сөздерге ,дұрыс сұрақ қоя білуге үйрету.Көктем туралы түсініктерін қалыптастыра отырып, өлеңді саналы түсініп оқуын меңгерту,шапшаң оқуға төселдіру.Жаттығуларды орындай отырып,талдап,өз ойын жеткізе білуге үйренеді.Шығармашылық тапсырмаларды өз беттерінше орындауға машықтанады.
2.Дамытушылық:Тіл байлығын,сөздік қорын ой-өрісін дамыту.Таным белсенділіктерін арттыру.Сауатты,көркем жазуын қалыптастыра түсу.
Сабақтың көрнекілігі:Суретті тапсырмалар,слайд,оқулық, дәптермен жұмыс
Сабақтың түрі:Ойын сабақ
Типі:Жаңа сабақ
Сабақтың барысы:
І-ұйымдастыруПсихологиялық дайындық
Шаттық шеңбері Қайырлы күн,көк аспан!
Қайырлы күн,жер-ана!
Қайырлы күн,достарым!
ІІІ-топқа бөлу І-топ: «Күн» ІІ-топ «Жер» «Аспан»
Кіріспе бөлім:
«Ана сүті-бой өсіреді,Ана тілі-ой өсіреді» демекші, қазір бізде ана тілі сабағы.Сыныпты 3 топқа кубик беру арқылы бөлу.Кубиктің әр бетінде әріптерді қоса отырып,өз тобының атын шығару.
ІІ-үй тапсырмасы:
Ойын: «Серпілген сауал»
1.Дыбыс дегеніміз не?
2.Әріп дегеніміз не?
3.Сөз неден құралады?
4.Сө йлем дегеніміз не?
5.Сөйлемдегі сөздер қалай жазылады?
6.Сөйлем соңында не қойылады?
7.Тасымал дегеніміз не?
8.Жуан айтылатын сөздерге байланысты ереже.
9.Жіңішке айтылатын сөздерге байланысты ереже
ІІІ.Жаңа сабақ
Оқулықпен жұмыс:
«Кім тез табады?» Оқушылардың алдарында таратылған суреттер болады. Сол суреттердің атауларын атайды.Оларға сұрақ қояды. Кім? Не?
Қандай сұрақ қойдыңдар.Ережені өздері қорытады.Тақтада плакат арқылы ережені салыстыру түсіндіру. Сабақтың тақырыбын айту.
Дәптермен жұмыс: Бүгінгі күн,ай атын жазу.
Аптаның нешінші күні? Қай күн?
Көркем жазу.Сс үлгісін көрсету. Жазылуын ауада,тақтада жазып түсіндіремін.
«С» дыбысы қандай дыбыс? «Сөз ойла, тез ойла» Сана ,маса, тас.Сөздердің барлық буынында келеді. «Тас» деген сөзді буынға бөлдіріп,дыбыстық талдау жасату.
Тақтамен жұмыс:
84-жаттығу.1.Не?сұрағына жауап беретін сөзді көп нүктенің орнына қойып,сөйлемді көшіріп жазыңдар.
Керекті сөздер:көктем,қар,су.
а)Оқушылардың жұмыстарын тексеру. ә)Не? Сұрағына жауап беретін сөздерді тапқызу.
Ойын: «Өз үйін тап» Оқушылар Кім?Не? сұрақтарына жауап беретін сөздерді үйлерге салады.
Сергіту
Сурет бойынша әңгімелеу, «Көктем мезгілі»
-Дұрыс. -Балалар біздің сабағымызға құстар келіпті .Олардың сендерге қояр сұрақтары бар екен.
Ойын: «Кім білгір?» 1.Балалар біздің Отанымыз қалай аталады? 2.Біздің еліміз қандай ел?3. Қазақстан Республикасының астанасы қай қала? 4.Біздің қандай белгілеріміз бар? 5.Тудың авторы кім? 6.Елтаңбаның авторы кім? 7.Әнұранның сөзін жазғандар кім?8.Әнін жазған кім?9.Әнұран қай кезде орындалады? 10.Әнұранды қалай орындаймыз?
-Өте жақсы жауап бердіңдер.
-Көктем мезгілінің ерекшеліктері қандай? –Көктемде бірінші болып келетін қандай құс?Жыл құстарын атап жіберіңдерші.Көктем туралы білетін өлеңдерін сұрау.Олай болса біз бүгін І.Жансүгіровтың «Жазғытұры» өлеңімен танысамыз.Көктемді жазғытұры деп те атайды.