kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Затты? сынын білдіретін с?здер. ?аза? тілі 2 сынып

Нажмите, чтобы узнать подробности

  1. : а) о?ушылар?а затты? сынын білдіретін с?здер туралы
                                      т?сініктерін ке?ейту. Ы. Алтынсарин туралы т?сінік беру.

                                 ?) О?ушыларды? с?здік ?орын молайту, тілін, с?йлеу

                                     м?дениетін, жылдамды?тарын дамыту.

                                 б) таз, ??ыпты, ?атесіз жазу?а, ?ле?ді м?нерлеп о?у?а, ?з  

                                      ойын ашы? айта білуге т?рбиелеу.
 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Затты? сынын білдіретін с?здер. ?аза? тілі 2 сынып»

  1. Сабақтың тақырыбы: Заттың сынын білдіретін сөздер. Кел, балалар, оқылық! Мақал.
    Сабақтың мақсаты: а) оқушыларға заттың сынын білдіретін сөздер туралы
    түсініктерін кеңейту. Ы. Алтынсарин туралы түсінік беру.

ә) Оқушылардың сөздік қорын молайту, тілін, сөйлеу

мәдениетін, жылдамдықтарын дамыту.

б) таз, ұқыпты, қатесіз жазуға, өлеңді мәнерлеп оқуға, өз

ойын ашық айта білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақта пайдаланатын көрнекті - құралдар: суреттер, Ы. Алтынсарин портреті
Пайдаланатын әдіс - тәсілдер; сұрақ - жауап, әңгімелеу

Сабақтың барысы:
I Қызығушылықты ояту:
Психологиялық дайындық
Ұқыпты - ұтар,.
Іздеген - озар.
Талпынған – табар
Ерінген - тозар.
Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі:
Ой шақыру.
Ойын. «Менің ұям» Сөздерді тиісті ұяға орналастыр.
(Торғай, көгершін, ұшты, сайрады, қонды, шоқыды, сауысқан).
Заттың атын білдіретін сөздер:
Заттың қимылын білдіретін сөздер:

(Әр жауапқа 1 ұпай беріледі)

ІІ Мағынаны тану:
1) Көркем жазу.
Я я ұя
Құстар – біздің досымыз.
2) Ассоциациялы аймақ құру. Көктемді сипаттап жаз.
Көктем қандай мезгіл?
Шуақты,..................... (жалғастыру)
Сөздерге сұрақ қойғызу.
Оқулықпен жұмыс. 121 - жаттығу. Оқушыларға оқыту. Қарамен жазылған сөздерге сұрақ қойыңдар.
Ережені оқыту.
Сергіту сәті.
Сұрақтарға жауап беріңдер.(Сөз тіркесі: биік үй, сөйлем: Үй биік. еске түсіру)
1. Қандай үй?
2. Қандай орамал?
3. Қандай бала?
Ы. Алтынсарин 1841 ж. дүниеге келіп 1889 ж. қайтыс болған. Ол кісі қазақ даласында ең алғаш мектеп ашып, ең алғаш оқулық жазған. Балаларды оқуға шақырған. Оның көптеген өлеңдері бар. Соның бірі «Кел балалар, оқылық!» өлеңі.
Өлеңді мәнерлеп оқып беру, мағынасын түсіндіру. Оқушыларға мәнерлеп оқыту, сұрақтарға жауап беру. Мақалды оқытып, мағнасын сұрау.

ІІІ Ой толғаныс.
Сұрақ - жауап әдісі арқылы жаңа сабақты қорыту.
1. Заттың сынын, сапасын білдіретін сөздерге қандай сұрақтар қоямыз? Ы. Алтынсарин кім? Оның біз қандай өлеңімен таныстық.
Бағалау. Ұпаймен бағалау





Сабақтың тақырыбы: Кел, балалар, оқылық!
Заттың қимылын білдіретін сөздер.

Мақсаты: 1. Оқушылардың заттың қимылын білдіретін сөздер туралы түсініктерін кеңейтуге мүмкіндік жасау
2. Өлеңді мәнерлеп, түсініп оқуға дағдыландыру, оқушылардың сөйлеу тілін, логикалық ойлауын, сөздік қорын, инновациялық технологияларды қолдана отырып, оқушының танымдық қабілетін
дамыту.
3. Білімсүйгіштікке, адамгершілікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: жеке сюжетті суреттер, тірек-сызба, ереже.
Әдіс – тәсілі: көрсету, әңгімелеу, түсіндіру, талдау, жинақтау.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Сабақтың барысы:
1. Психологиялық кезең: Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Сәлем бердік сіздерге,
Құрметпенен біз.
Ұранымыз: Таудай талап талабым,
Оқып білім аламын.

2. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

3. Үй тапсырмасын сұрау:
Қайдан келдің, Бауырсақ? өлеңді оқыту.
Нанның дастарқанға қалай келетіні туралы әңгімелеу.
Неліктен «Нан еңбекпен табылар» дейді.

4. Қызығушылықты ояту
Өзектілігі: оқушының өткен тақырып пен жаңа білімді ұштастыруы, үйренушінің белсенділігін арттыру, сұраққа жауап беретін сөздерді ажырата білгізу, өздігінен жұмыс істей алу дағдысын қалыптастыру
Оқушылар тақтадағы суреттердің не екенін тауып, кім? сұрағына жауап беретін сөздерді бір бөлек, не? сұрағына жауап беретін сөздерді бір бөлек топтастырып жазады.
Ереже:
Заттың атын білдіретін сөздерге кім? кімдер? не? нелер? деген сұрақтар қойылады.
- Балалар, бізге сонау ертегі әлемінен Алдар Көседен хат келіпті.
Алдар Көсенің кім екенін білесіңдер ғой!
- Қане, хатты ашып оқиық, мұқият болыңдар.
« Сәлеметсіңдер ме, 1 - сынып оқушылары. Сабақтарыңды жақсы оқып жүрсіңдер ме? Мен үлкен қиыншылыққа жолықтым. Бар үмітім сендерде. Көмектесулеріңді өтінемін, сендерді ең жақсы сынып деп ертегілер әлемінде мақтап жүр ғой.
Жағдайымды баяндайын. Мен Шығайбай деген баймен бәсекелескен едім. Ол маған бір параққа жазылған хаттан жылқының, тазы иттің атын тапсам, жіберген қатені тауып, түзетсем, сол жылқы мен итті маған сыйлайтындығы жайында айтқан еді. Сол бір қатені таба алмай басым қатты, балалар, маған көмектесіңдерші!»
Менің ақтөс деген итім және құлагер деген атым бар. Олар өте тату дос. Менің айтқанымды бұлжытпай орындайды.
Ереже: Үй хайуанаттары мен жануарларының аттары бас әріптен басталып
жазылады. Ақтөс, Құлагер.

5. Сергіту сәті: Қуан шаттан!
Қуан шаттан!
Қуанатын күн бүгін.
Қайырлы күн,
Қайырлы таң,
Күліп шықты күн бүгін.
6. Жаңа сабақ: 246 жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқу.
Өлеңнің мазмұны бойынша сұрақтар:
- Өлең туралы?
- Өлеңнің авторы туралы не білесің?
- Оқу не үшін қажет?
Ыбырай Алтынсарин – Қостанай облысында дүниеге келген. Қазақ хрестоматиясын жазған жазушы, ағартушы, педагог.
7. Сөздік жұмыс:
Ықылас – ынта, көңіл.
Сиса – мата түрі.
Ықыласпен тоқу – көңілге түю.

8. Дәптермен жұмыс:
247 жаттығу. Мақалды жатқа жаз. Өзіндік жұмыс.
Жол жолға жалғасады,
Ел елге жалғасады.
Қимылды білдіретін сөздердің астын сыз.

Ертеде «Балалар әлемі» деген үлкен шахар болыпты. Ол шахарда үлкенді - кішілі балалар өмір сүріпті. Олар әрбір жыл мезгілінде гүл отырғызды, көбелек ұстады, сары жапырақ жинады, аққала соқты. Осындай жаймашуақ күнде аю қонжығын ертіп, осы үлкен балалар әлеміне келеді. Келсе балалар ойынның қызығына берілген екен. Аю да қонжығымен бірге ойнады, секірді, мәз - мейрам болды. Кеш батып, барлығы тарады.
- Балалар осы ертегіден заттың қимылын білдіретін сөздерді табайық.
Қазір заттың қимылын білдіретін сөздер туралы ойымызды жинақтап, сызбаға түсірейік.

9. Оқулықтан тыс тапсырма: Шығармашылық
Оқушыларға сюжетті сурет беріледі. Сюжетті суреттер бойынша сұрақтар қойылады, сол сұрақтардың жауабынан әңгіме түзіледі.
Сұрақтар:
Марат не істеп жатыр?
Айгүл не істеп тұр?
Айгүл мен Марат қандай балалар?
Нәтижесінде:
«Марат талдың түбін аударып жатыр, Айгүл ағашты ұстап тұр. Айгүл мен Марат – еңбекқор балалар.» деген мәтін түзіледі.
10. Сабақты қорыту: Сәйкестендіру тесті.
11. Үйге тапсырма: Кел, балалар, оқылық! өлеңін жаттау.
12. Бағалау:











































Ана тілі

Күні:

Сабақтың тақырыбы: Кел, балалар, оқылық. Заттың қимылын білдіретін сөздер.
Сабақтың мақсаты:
1)    Білімділік: Оқушылардың заттың қимылын білдіретін сөздер туралы түсінктерін кеңейтуге мүмкіндік жасау, өлеңдерді мәнерлеп, түсініп оқуға дағдыландыру.
2)    Дамытушылық: Оқу-жазу дағдыларын жетілдіру, сөйлеу тілін, сөздік қорын молайту.
3)    Тәрбиелік: Оқуға, білімге жетелеу, өз мектебін құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабаққа керекті құрал жабдықтар мен көрнекіліктер:Ы.Алтынсаринның портреті,суреттер.
Пәнаралық байланыс: Тіл дамыту, көркем жазу.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, көрсету, баяндау, сұрақ-жауап.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың барысы:
1.     Ұйымдастыру кезеңі:
2.     Үй тапсырмасын тексеру кезеңі.
Өткен сабақты қайталау.

Жаңа сабақ:

–         Балалар, сендер мектепке келгенде ең бірінші не байқадыңдар?
Тақтаға, «Кел, балалар, оқылық!» деген сөз жазылған қағаз ілінеді.
–         Бұл сөз не үшін жазылған деп ойлайсыңдар?
–         Бізді оқуға, білімге шақырған.

  • -         Ыбырай Алтынсарин туралы өткенбіз,иә? Ол кім?

Ыбырай

Алтынсарин

–         Ақын, жазушы, ең алғаш мектеп ашқан, мұғалім. Ол Қостанай қаласының, Қостанай облысында дүниеге келген. Бүгін Ыбырай Алтынсариннің Кел, балалар, оқылық өлеңімен танысамыз.
Оқулықпен жұмыс.
–         Ал ендеше мен сендерге оқып беремін. Сендер мұқият тыңдап, қолдарыңмен жүгіртіп отырасыңдар, қолымызға қарындашты алып, түсінбеген сөздеріміздің астын сызып отырамыз, жарай ма?
1.     Мұғалімнің өлеңді мәнерлеп оқуы.
2.     Оқушылардың тізбектей оқуы.
Сөздік жұмыс:
Сиса – мата түрі
Ықыласпен тоқу – көңілге түю, есте сақтау.
–         Ыбырай Алтынсарин осы өлеңімен не айтпақшы болды деп ойлайсыңдар?
–         Өлеңнен қимылды білдіріп тұрған қандай сөздер бар? Кім айтады?
Сергіту сәті.
Кітаптан тыс тапсырма.
–         Балалар, заттың атын білдіретін сөздердің ережесін кім айтып жібереді?
–         Енді заттың қимылын білдіретін сөздердің ережесін кім айтады?

Сабақты қорытындылау.


  •    Мектепте оқушы не істейді?
    –         Жазады, оқиды, жүгіреді, сурет салады т.б.
    –         Осы сөздердің бәрі нені білдіреді?
    –         Заттың қимылын білдіреді.
    –         Қандай сұрақтар қоямыз?
    Рефлексиялық бағалау кезеңі.
    Гүлге көбелек   ____________ Торғай жем ____________ .

  • Атам тымақ ____________ .

  • Сәуле гүлге су ____________ .Далада жаңбыр ____________ .
    Үйге тапсырма беру кезеңі.
    «Кел, балалар, оқылық!» өлеңін жаттап келу, 248 – жаттығу.
    Мадақтау.
    Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды, өздік жұмысына қарап бағалау, мадақтау.















































Математика

Күні:
Тақырыбы: Өрнектер а+6, а - 6.


Сабақтың мақсаты:
1. Әріпті өрнектің мәнін табу жөнінде түсініктерін толықтыру а+6, а - 6 өрнектерінің мәнін табу.
2. Оқушылардың танымдық, ойлау қабілеттерін дамыту.
3. Оқушыларды өз мақсаттарына жету үшін еңбектене білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа тақырыпты түсіндіру.

Сабақтың әдісі: ойындар.

Көрнекілігі: кестелер, суреттер.

Пәнаралық байланыс: ана тілі, дүниетану

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі:
Оқушылардың оқу құралдарын түгендеп, сабаққа дайындау.
Психологиялық сәт:

ІІ. Үй тапсырмасы.
Қызығушылығын ояту. Кел, ойнайық!
Жолаушыларға өз орындарын табуға көмектес.
Мысалдарды шығара отырып, жолаушыларды тиісті орындарына отырғызады.

Өткенді еске түсіру.
1. Өрнектердің қандай түрлері болады?
2. Оқушыларға өрнектер жазылған қағаздар таратады. Оқушылар өрнектерді түрлеріне қарай екі топқа бөлу керек.
а+1 ------------ 4+а ----------- 7 - 2 ------------ 8 - 4 ----------- 10 - а ---------- 10 - 5
6 - а ----------- 3+3 ------------ 5 - а ------------ 9+а ------------ 5+2 ------------ 2+6
7+а ------------ 4+6 ------------ 8 - 3 ------------ 2+0 ------------ а - 9 ----------- 7 - 7
а+8 ------------ а – 4

ІІІ. Жаңа сабақ.
Дәптермен жұмыс. Көркем жазу сәті.
Өрнектер а + 6, а – 6
№1. Кестені толтыр

а

0

1

2

3

4

а+6








а

10

9

8

7

6

а-6







Сергіту сәті.
Есептеуді жалғайық.
№2.

Ойнайық та, ойлайық!

ІV. Бекіту.
Бүгінгі сабақта қандай тапсырмалар орындадық?
Әріпті өрнекке мысал келтіреміз.
Санды өрнекке мысал келтіреміз.

V. Үйге тапсырма


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 2 класс

Скачать
Затты? сынын білдіретін с?здер. ?аза? тілі 2 сынып

Автор: Кудайбергенова Сая Кайырлы?азиновна

Дата: 15.01.2016

Номер свидетельства: 277227


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства