1) Суретке ?арап берілген к?кеністер,ж?ндіктер мен а?аштарды? атауын атап жазу?а ?йрету.Олар туралы білімдерін ке?ейту.Адам а?засына ?сері ?андай екенін білдіру.
Просмотр содержимого документа
«"Заттарды? жалпы ж?не жеке атауы." »
Сабақтың тақырыбы: Заттардың жалпы және жеке атауы.
Сабақтың мақсаты:
1) Суретке қарап берілген көкеністер,жәндіктер мен ағаштардың атауын атап жазуға үйрету.Олар туралы білімдерін кеңейту.Адам ағзасына әсері қандай екенін білдіру.
2)Ойлау қабілеті мен жазу дағдысын дамыту.
3)Оқушыларды табиғатты аялауға және табиғатты қорғауға тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілі:Көрсету,түсіндіру,сұрақ-жауап.
Көрнекілік:Тақырыптық суреттер.
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі:
Түзу отыр партада.
Қыры батпайарқаңа.
II.Өткенді пысықтау:
Оқушылар көкеністер мен ағаш,жәндіктер туралы өз білгендерімен әңгіме жүргізу.
Сұрақ-жауап:
1.Қазір жылыдың қай мезгілі?
2.Күз мезгіліне қандай айлар жатады?
3.Күз мезгіліндегі адам еңбектерін ата?
4.Көкөністерге нелер жатады?
5.Қандай ағаш түрлерін білесіңдер?
6.Қандай жәндіктерді білесіңдер?
III.Жаңа сабақ.
Мұғалімнің қысқаша түсіндірмесі.Тақтаға көрнекілікті іліп,көрнекілікпен жұмыс істеу.
Жеке әр суретті көрсете отырып,атауын сұрау.
а)Бұл не?
-Қиярдың пішіні,түрі қандай?
-Қияр жасыл түсті,сопақша,қара тікені бар.
-Неге қолданамыз?
-Осы сияқты сәбіз,асқабақ,пияз туралы түсіндірме әңгіме жүргізу.
-Мынау не?
-Пияздың пішіні қандай?
-Пиязды не ушын пайдаланамыз?
-Дұрыс балалар пияздың сонымен қатар емдік қасиеті бар екен.Пиязды қыс мезгілінде тұмаудан сақтануға қолданамыз.Тұмау кезінде оның ащы суы бізге пайдалы екен.
ә)Сол сияқты ағаш түрлерімен жұмыс.
-Шырша жасыл түсті,көйлек пішінді.Шырша қысы-жазы бойы бір түсте болады.Шыршаны жаңа жыл мерекесінде пайдаланады.
б)Қоңыз,кірпі суреттерін көрсетіп әңгіме жүргізу.
Мысалы:
-Бұл кірпі сопақша,тұмсығы ұзын,жотасы тікенек.Кірпі адам өміріне өте пайдалы оны үйде,аулада асырауға болады.Кірпі жүрген жерде жылан болмайды.Кірпі сүтпен қоректенеді.
Сергіту сәті:
Ормандағы аюдың
Құлпынайы көп екен,
Теріп-теріп алайық
Қалтамызға салайық.
VI.Өзіндік жұмыс.
Қияр,пияз,асқабақ,қайын сөздерін жазайық.
V.Көзді жұмып тұрып сезім арқылы қандай жеміс ұстап тұрғанын айту және сипаттау.
Көкеністер:Қияр,қызанақ,асқабақ,пияз,сәбіз осы көкеністер жерде өседі.Олардан тосап жасауға болады және адам ағзасына витаминдер береді.