Тақырыбы: Зат есім.
| Мақсаты | Зат есім туралы түсінік беру,зат есімнің сұрақтарымен таныстыру,сөздік қорларын дамыту. |
| Күтілетін нәтиже | а\Сөздерге кім? Не? сұрақтарын қоя біледі ә\Сабаққа қызығушылықтары артады,сөздердің зат есім екенін дәлелдей алады. б\ Сөздердің ұйқасын таба біледі,бір-біріне өзара сұрақ қоя біледі. |
| Көрнекіліктер | Оқулық,жұмыс дәптері,слайд,сөзжұмбақ,үлестірме қағаздар,ойын «Қалқанқұлақ». |
| Сабақтың әдістері | Ой қозғау.Топтық жұмыс.Өздік жұмыс.Жұптық жұмыс.Практикалық жұмыс. |
| Қолданылатын технология | Дамыта оқыту технологиясы |
| Сабақтың барысы | |
| Сабақтың кезеңдері | Уақыты | Мұғалімнің әрекеті | Оқушының әрекеті |
| Ұйымдастыру кезеңі | 2 мин | Сәлемдесу,түгендеу. Жағымды көңіл-күй қалыптастыру. | Шаттық шеңберін құру,Бір-біріне жақсы тілектер айтады. |
| Психологиялық жаттығу | 1 мин | | Мектеп – кеме,білім – теңіз Барар жерге тез жетеміз. Адаспаймыз ұлы жолда Ұстаз берген білім қолда. |
| Өткенді қайталау. | 2 мин | Конверт – сұрақ әдісі арқылы өткен сабақты пысықтау. | Сөз таптарын атап шығады. |
| Ой қозғау | 2 мин | Тақтаға сөзжұмбақ «Зат есім» ілу. | Сөзжұмбақты шешеді. |
| Жаңа сабақ | 10 мин | Сөзжұмбақтағы заттарды тақтаға іліп қою. | Кім? Қыз,ата Не? Шар,шелек,кесе, кітап,алма Оқушылар зат есім туралы ережені қорытып шығарады. |
| Сергіту сәті | 1 мин | | 1,2,3, Бойға жинап күш. Қолға қалам алайық Әдемі етіп жазайық. |
| Жаттығу жұмысы | 15 мин | 318-жаттығу. 319-жаттығу. 320-жаттығу | 318.Көшіріп жазады.Зат есімді табады. 319.Сызбаның орнына не? сұрағын қойып сөйлемдерді көшіру. 320.Өздік жұмыс. |
| Ойын «Мынау не? Кім берді? | 3 мин | | Екі топтан екі оқушы шығып көздерін байлайды,қалған оқушылар қораптың ішінен заттарды алып көзі байланған оқушыларға береді. |
| Үлестірме қағазбен жұмыс | 3мин | Дарынды балаларға,үлгерімі нашар оқушыға тапсырмаларды дайындау. | Дарынды балаларға сәйкестендіру тесті беріледі.Үлгерімі нашар оқушыға Кім? Не? сұрағына жауап беретін 5 сөз |
| Шығармашылық жұмыс | 2 мин | Ұйқасын табуға арналған тапсырма. | Ноян – қоян, Тыным - құлын Түлкі – кірпі. Алыстан – арыстан |
| Қорытынды | 2 мин | 321-жаттығу.Зат есім екенін дәлелде | Дәлелдеу үлгісі бойынша дәлелдейді. |
| Рефлексия | 1 мин | Бағдаршам әдісі бойынша бағалау. | Бағдаршамның түсін таңдайды. Кері байланыс парағын толтырады. |
| Үйге тапсырма | 1мин | 323-жаттығу | Тапсырманы жазып алады |