19.20.2016ж. | Қазақ тілі | 2- сынып |
Сабақ тақырыбы: | Зат есімнің жекеше және көпше түрлері |
Жалпы мақсат: | Зат есімдердің жекеше және көпше түрі оның сұрақтарымен,көпше түрінің жасалу жолдарын оқушыларға меңгерту. Сөйлеу мәдениетін,есте сақтау,танымдық ойлау қабілеттерін,сауатты жазу дағдыларын дамыту.Ынтымақтастықпен жұмыс жүргізуге, саналы білім алуға баулу. Ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу. |
Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар | 1.Кесте 2.Қима қағаздар. 3.Слайдтар 4.Видео роликтар |
Оқу нәтижесі: | А-деңгейлі оқушылар жаңа сөздерді біледі, байланыстырып сөйлеу дағдылары дамиды, зат есімнің жекеше, көпше түрлерін қолдана біледі.. В- деңгейлі оқушылар жаңа сөздерді біледі, байланыстырып сөйлеу дағдылары дамиды, өз ойын айтуға төселеді, зат есім түрлерін біледі, С -деңгейлі оқушылар жаңа сөздерді біледі, сауатты жазуды үйренеді |
Пәнаралық байланыс | Әдебиеттік оқу, дүниетану, дене шынықтыру |
Оқыту әдістері: | Репродуктивті, АКТ,сұрақ-жауап
| Топтық жұмыс |
Тапсырмалар: | 1. Сұрақ-жауап әдісі 3. Оқулықпен жұмыc 5.Шығармашылық тапсырмалар |
Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс-әрекеті.
І. Оқушыларға пси-лық ахуал туғызу (5 мин) | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті |
| Оқушының іс-әрекеті | Топ бойынша шеңберге тұрады, топтар бір-біріне жақсы тілектер айтады. Оқушылар 4 топқа бөлінеді. 1-топ 2-топ 3-топ 4-топ |
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау (7мин ) | 340-жаттығу 125-бет Ребустың шешуі: Алматы | Үй тапсырмасын әр топтан бір оқушы оқиды. -Оқыған мәтін арасынан жалқы есім мен жалпы есімдерді табу |
Тақтадан Алматы жайлы шағын мәтінді оқыту,тапсырмаларды ауызша орындату ,проблемалық сұрақты шешу. | 1-топ: Мәтіндегі зат есімдерді табады 2-топ:Жалқы есімдерді тауып оқиды 3-топ:Жалпы есімдерді тауып оқиды 4-топ:Асты сызылған сөздерді оқу,талдау |
ІІІ. Жаңа тақырып (10 мин) Білу, түсіну | «Зат есімнің жекеше және көпше түрлері» | -Алманың суреттерін. -Бір алманы және бірнеше алма суретін. -Суреттегі алмалардың біреуі жекеше түрдегі зат есімді білдіріп, ал бірнеше алма суреті зат есімнің көпше түрлерін білдіреді |
-Балалар суреттен не көріп тұрмыз? АЛМА АЛМАЛАР -Балалар осы суреттерден қандай қорытынды шығаруға болады ? |
Жаттығу жұмыстары | 342-жаттығу. -Әр суреттегі заттардың санын анықтау. -Сөздерді салыстырып оқу. -Олардың бір-бірінен айырмашылығы неде? | Балапан балапандар Қоян қояндар |
IV.«Қонаққа бару» стратегиясы | Жаңа сабақты жаңалық ретінде оқушылардың өздеріне тапқызу. 126-беттегі ереже -Әр топтан бір оқушы шығып ережені келесі топ оқушыларына түсіндіреді. | -Оқушылар іштей оқиды, -Бір оқушы дауыстап оқиды. -Ережені түсіндіру арқылы мысалдар келтіріп қорытындылайды. |
Жаттығу жұмыстары Қолдану (10мин) | 343-жаттығуды орындауға бағыт беру. 1-тапсырма. Өлеңді оқу 2-тапсырма. Өлең авторы жайлы не білеміз? -Т.Мұсабаев,А.Айымбетов жайлы мағлұмат беру 3-тапсырма. Өлеңді көшіріп жаз. 4-тапсырма. Қарамен жазылған сөздердің астын сыз.Бұл сөздерді түбір күйіндегі қалпымен салыстыр.Не байқадың? | Біздің ғалым ағалар, Біздің ғалым апалар Ашты жолды аспанға. Әлі ұшамыз алысқа, Алыс Айға, Марсқа. -Ә.Дүйсенбиев -1931ж.25-қазанда Алматы облысы,Қарақыстақ ауылында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. Әдебиеттен « Атай» өлеңін жатадық. -Ағалар сөзінің түбірі «аға», «лар» көптік жалғауы. АҒА сөзі жекеше түрдегі зат есім,оның сұрағы КІМ? ЛАР дегеніміз зат есімнің көптік жалғауы |
«Топтық жұмыс» | 344-жаттығу.Көптік жалғауларының тиістісін қойып жаз.(4 топқа бөліп орындау) ТАПСЫМА: Көпше түрдегі зат есімдерді тауып ,астын сыз. (тексеру,оқыту,сұрақ қою,Түбір мен қосымшаға талдау ) | I-топ. Ауданда суретші (-тер,-дер,-лер ) жарысы өтті. II-топ. Бала (-лер,-дар,-лер ) сурет салуды жақсы үйренген. III-топ.Жеңімпаз (-дар,-дер,-тар )ға сыйлық (-тер,-тар,-дар ) тапсырылды. IV-топ.Біздің сыныпта да суретші бала (-дер,-тер,-лар) бар. |
Сергіту сәті. (2мин) | | |
Сабақты бекіту (5мин) | «Біріктіру» Шығ-лық тапсырма. 346-ж. Берілген көптік жалғаулары жалғанатын сөздер тауып жаз.Неліктен сол сөзді жазғаныңды дәлелде. | I-топ.(ЛАР)(қалам,дәптер,бала,аю, гүл,жануар,қала,алма, ағаш,мата,тау,шырша) II-топ.(-ТЕР) (терек,сурет,гүл,керік,киік,ілгіш, қоян,елік,дәптер, бөбек,дөңгелек) III-топ. (-ДАР) (қоян,балапан,көбелек,кітап,аң, жеңімпаз,бүркіт, ақын,ұстаз,қобыз, түйе) IV-топ. (-ЛЕР) (құс,дәптер,кірпі,шаңғы,түлкі,ине,әже, әке,шана,зергер,дәрігер,ән) |
IV. «Ой толғаныс» | 347-ж. Мектепте шах-матшылар жарысы өтпекші.Бұл туралы хабарландыру жазу 2-сыныпоқушыларына тапсырылды.Сен қалай жазар едің?(Видео ролик тамашалау) | -Оқушылар өз ойларын жазады. -Әр топта бір оқушы шығып оқып, тақтаға жапсырады. |
Қорытындылау (5мин) | «Білім торы» әдісін пайдалану | |
Үйге тапсырма | 345-ж. 127-б.ереже . | Үй тапсырмасын білу,түртіп алу |
Бағалау | -Әр топтың жинаған смайликтерін санау арқылы бағалау | - Оқушылар бағалауға қатысады. |
VII. Рефлексия «Не үйрендім? Не білдім? Не үйренгім келеді?» | Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстары туралы қысқаша жазуға стикерлер тарату | Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын стикерлерге жазып «Пікір ағашына» жапсырады. |