Сабақтың тақырыбы: Зат есімнің жалқы түрі.
Сабақтың мақсаты: Зат есім туралы түсінік беріп, оларды өздігінен ажырата білуге мүмкіндік жасау, өмірмен байланыстыра алуға бағыт беру.
Оқыту нәтижесі:
Зат есімнің жалқы түрін ажыратады, сауатты жазуға дағдыланады.
Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жеке, топтық жұмыс, СТО элементтері.
Сабақтың көрнекілігі: кесте, карточкалар, микрофон.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Психологиялық дайындық.
Біз әдепті баламыз,
Біз ерекше баламыз.
Қонақтарды көргенде,
Сәлеметсіздер ме – деп,
Сәлемдесіп аламыз.
2. Топқа бөлу: Оқушыларға қала аттары таратылады: Астана, Павлодар, Ақсу, Алматы. Әр оқушы өзіне келген қала аттары бойынша топқа отырады.
3. Топ ережесін еске түсіру.
4. Әр топ өз қалалары туралы қысқа мәлімет айтады.
ІІ. Ой шақыру. «Күнге көмектесу» әр бұлттағы сұрақтарға жауап беру.
Зат есім дегеніміз не?
Зат есімнің сұрақтары?
Не? Нелер? Сұрағы туралы не айтасыңдар?
Кім? Кімдер? Сұрақтары туралы не айтасыңдар?
ІІІ. Мағнаны тану. Суреттер көрсетіледі.
Каспий – теңізі
Абай Құнанбаев – ақын
Астана – (Бас қала)
Ақтөс – (иттің суреті)
Балдырған – балалар журналы.
Қорытынды – бұл барлығы осы заттарға қойылған ат, сондықтан бұл сөздер – зат есімнің жалқы түріне жатады.
ІV. Көру диктанты.
1. Тақтамен жұмыс: мына сөздерді оқып, естеріңе сақтап жазу.
Сырдария, Есіл, Нұра, Атырау, Көқсерек, Ақбота, Ресей, Павлодар.
2. Дәптермен жұмыс:
Ай- күн жазылады.
Көркем жазу: Сс әріпі.
С әріпіне сөздер ойлап жазу: Сәкен, Астана, Ақсу, Сарыағаш, Асанали, т.б.
V. Кітаппен жұмыс. 4 топқа деңгейлік тапсырмалар.
І-топ
1) Кім? сұрағына жауап беретін сөздерді теріп жаз.
-Бұлбұл, мысық, малшы, сауыншы, доп, қарбыз, аға, бор, оқушы. Сары, Марат.
2) Сөздерді сөз құрамына талда.
Сусын, биші, кітаптар, балықшы, балалар, қаламдар.
ІІ-топ
1) Зат есімдерге сұрақ қойып жаз:
-Гүл, Астана, жасыл, айна, тәтті, биік, қар.
2) Сөздерге көптік жалғауын жалға.
Барыс-
Құдық-
Бала-
Ойыншық
ІІІ- топ
1) Жалқы есімдерді теріп жаз:
Самат, балшық, дос, атырау,су, ақтөс, тарақ, дәптер, алатау.
2) Нелер? деген сұрақтарға жауап беретін сөздерді теріп жаз.
Көл, алмұрттар, қармақ, кеселер, көбелктер, қайық.
ІҮ- топ
1) Берілген әріптерден сөз жаса:
А, д,л,а -
Т,р,е,м -
Қ,ы,а,з, қ -
Е,с,к,т,е –
2) Сөз құрамына талда:
Ағаштар, дәптерді, балалар.
VI. Сергіту сәті: «Жұбыңды тап».
VII. Сәйкестендіру. 4 топқа тапсырма.
VIIІ. Қорытындылау. «Ішіне-сыртына».
ІХ. Бағалау. Өзін-өзі бағалау парағымен.
№ | Өзіңді тексер | Баға («5», «4», «3») |
1 | Тақырыпты талқылауда дәлелдеме жасадым | |
2 | Тапсырмаларды орындадым | |
3 | Бірлескен жұмыста өз ойымды қоса білдім | |
4 | Топ ішінде тәртіп сақтадым | |
Х. Үй тапсырмасы.