Бастауыш сынып мұғалімі Оспанова Даметкен Камзевна | 4 «Ә» - сынып Оқушылар саны - 25 | Ақмола облысы Степногорск қаласы №9 орта мектебі | Қазақ тілі |
№ 3 сабақ | |
Сабақтың атауы | Зат есімнің септелуін қайталау |
Сілтеме | Қазақ тілінің дидактикалық материалы «Айгөлек», «Балдырған» журналдары |
Жалпы мақсаты | Септік жалғауының жеті септікке бөлінетінін олардың әрқайсысының мағыналары мен жалғаулары барын қайталау. |
Міндеттері | 1.Сөйлем ішіндегі сөздерге жалғанған септік жалғауларын таба білу. 2.Сөзбен сөзді дұрыс байланыстыру үшін септік жалғауларын дұрыс жалғай білуге үйрету. 3. Оқушылардың сауатты жазу дағдыларын жетілдіру. Ана тілін қадірлеуге тәрбиелеу. |
Мұғалімдер үшін оқу нәтижелері | 1.Оқушылардың бірін-бірі оқыту арқылы аталған тақырыпты пысықтау. 2.Мұғалім жазбаша тапсырмаларды орындауға бағыттайды. 3.Оқушылардың өзін және достарын бағалау мүмкіндігін жасау. |
Сабақта туындаған негізгі идеялар | 1.Оқушылардың зат есімнің септелуі туралы алған білімдеріне сүйену. 2.Жазбаша тапсырмалар беру арқылы оқушыға сауатты жазу, сөйлеу мәнерін, шығармашылықты қалыптастыруға ықпал жасау. |
Күтілетін нәтиже | 1.Зат есімнің септелуі туралы алған білімдерін тиянақтау. 2.Сөздерді дұрыс септей білуге дағдыларын қалыптастыру. 3.Нақыл сөздердің мағынасын ашу,өмірмен байланыстыру. |
Көрнекіліктер | Интерактивті тақта, слайдтар, тапсырмалар, сюжетті сурет, оқулық, кесте, сызба қағаз. |
Сабақтың барысы бойынша мұғалімнің жазбалары |
Мұғалімнің іс-әрекеті | Уақыты | Оқушының іс-әрекеті |
І. Ұйым кезеңі: 1. Амандасу. 2. Психологиялық дайындық. Қуанамын мен де, Қуанасың сен де, Қуанайық достарым Арайлап атқан әр күнге! | 0,5 мин | 1.Амандасады. 2.Оқушылар жаттығуды қимыл-қозғалыспен көрсетеді. |
ІІ. Қызығушылықтарын ояту: 7 санының қасиеттілігіне байланысты не білесіңдер? (оқушылардың жауаптарына геометриялық фигура тарату арқылы оларды топқа бөлу) | 3 мин | 2. 7 санына байланысты мысалдар келтіреді. Мысалы, (7 ата, 7септік, 7жоқ, 7 қазына) -топтасып отыру 1топ - 2топ - |
ІІІ.Негізгі кезең: -Оқушылардың зат есім және оның септелуі туралы алған білімдерін еске түсіріп қорытындылау. - Сұрақтарға толық жауап алу. | 5 мин | Зат есім туралы ойларын айтады. Кластер арқылы көрсетеді. |
1)Топпен жұмыс: -Бұрыш, жүз сөздерін септеу. - Сөздердің мағынасын ашу. | 7 мин | Оқушылар бұл тапсырманы ақ қағаз бетіне түсіреді. -Әр топ өз жұмыстарына қорытынды жасайды. |
2) Оқулықпен жұмыс: 1-топ 1-жаттығу Мәтінді оқып, қарамен жазылған сөздерге сұрақ қояды. Қай септікте тұрғанын айтады.Бұл сөздер қай сөз табына жатады. 2-топ 2-жаттығу Нақыл сөздердегі көп нүктенің орнына барыс септігі жалғауларының тиістісін қойып жазады және салыстырады. Нақыл сөздердің мағынасын түсіндіреді. | 10 мин | 1 топтағы оқушылар қарамен жазылған сөздерді көшіріп алады да қай септікте тұрғанын айтады. Сөз табы туралы ой қозғайды. 2 топтағы оқушылар нақыл сөздердің мағынасын ашып, септік жалғауларын жалғап жазады. |
Сергіту сәті: Күндей болып күлеміз, Гүлдей болып өсеміз. Құстар болып ұшамыз, Көбелектей қонамыз, Бір дем алып қаламыз. | 0,5 мин | Оқушылар қимыл-қозғалыспен көрсетеді. |
3) Шығармашылық жұмыс: Жеті септікке байланысты ертегі құрастыру. | 10 мин | Оқушылар өздігінен ертегі құрастырады. Оны мазмұндап, қорғайды. |
ІV.Сабақты бекіту: 4-жаттығу (ауызша) Білемін Білдім Білгім келеді | 6 мин | Оқушылар мәтінді оқып, мазмұнын ортаға салады.Зат есім қай септікте тұрғанын айтады. Оқушылар өз ойларын жазады. Не білгендерін,не білгілері келетіндерін жазады. |
V. Бағалау: Оқушылардың өздігінен бағалауы | 2 мин | Оқушылар бір-бірінің жұмыстарын бағалап,талдайды. |
VІ. Үйге тапсырма: 181-бет 3-жаттығу (жазбаша) 182-бет 5-жаттығу (ауызша) | 1 мин | Оқушылар үй-тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады. |