Просмотр содержимого документа
«Зат есімді ?айталау?а жатты?у ж?мыстары »
Қазақ тілі: 2 сынып
Сабақтың тақырыбы:Зат есімге байланысты жаттығу жұмыстары
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушылардың зат есім туралы алған білімдерін толықтыру. /Зат есімнің жекеше көпше түріне түсінік беру/
2. Ойлау қабілеттерін дамыту.
3. Сауатты жазуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: қайталау
Сабақтың типі: саяхат сабағы
Әдіс-тәсілдері:
Көрнекілігі: интерактивті тақта, электронды оқулық, сөзжұмбақ, оқу құралдары
Пән аралық байланыс: әдебиеттік оқу
Сабақ барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Қазақ тілі сабағын
Жанымыздай сүйеміз
Сауатты әрі әдемі,
Жазуларды түзейміз.
Қолымдағы кітапты
Жоғары алып қоямын.
Ережені жаттап ап,
Орынды пайдаланамын.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:
Үйге қандай тапсырма берілді? /327-жаттығу ұста туралы қысқаша әңгіме құрау. Әр қатардан 1 оқушыдан үй тапсырмасын оқиды/.
Сөзжұмбақ шешу.
қ
о
я
н
қ
а
ң
т
а
р
н
а
у
р
ы
з
қ
а
р
а
ш
а
қ
ы
с
к
ө
к
т
е
м
е
т
і
к
т
ұ
л
п
а
р
п
а
р
т
а
а
қ
п
а
н
Ұзын құлақ, сұр ...
Қыстың екінші айы
Көктемнің бірінші айы
Күздің соңғы айы
Суық мезгіл
Қыстан кейін
Қыста киетін аяқ киім
Жүйрік ат
Оқушы отыратын орын
Қазір қай ай?
Сөзжұмбақты шешіп бояулы тұрған шаршылардың ішіндегі сөздерді оқиды. Сөздерге сұрақтар қояды.
Оқушы – кім?
Кітап – не?
Кім? Не? сұрақтары қай сөз табына қойылады?/зат есім/
Онда, зат есімнің ережесін кім айтады?/1-2 оқушыдан зат есімнің ережесін сұрау/.
ІІІ. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
Мақсаты:зат есім туралы алған білімімізді толықтыру.
Бүгінгі сабақта ел ордамыз Астана қаласына саяхат жасай отырып, әртүрлі тапсырмаларды орындаймыз. /Саяхат барысында тақтадан көрсетілген суреттерге қосымша мағлұматтар беріліп, артынша тапсырмалар орындалады./
1998 жылы 10 маусымда жаңа астананың салтанатты тұсау кесер тойы өткізілді. Астананы салуға Европа мен Азия мемлекеттерінің құрылыс компаниялары қатысты. /Астананың суреті көрсетіледі. Артынша тапсырма орындалады./
IV. Өткенді қайталау.
Интерактивті тақтаға А.Құнанбаевтың суреті шығады.
/1-2 оқушы өлеңдерін жатқа оқиды./ - Өте жақсы балалар, онда оқулығымыздың 121-бетін ашып, 328-жаттығуға қарайық.
Оқулықпен жұмыс.
328-жаттығу.
- Мәтінді оқу, не жайлы айтылғанын талдау.
- Мәтіннің ішінен сұрақ қою арқылы зат есімдерді табу /кім?-Абай, кім?-ақын/
1. Астана қаласында көптеген зәулім ғимараттар бар. Соның бірі – 2002 жылы сулы жасыл-желекте бульвар орталығынан шыңына алтын шарды көтерген күміс түсті жарқырған мұнара – Бәйтерек монументі пайда болды. Оның биіктігі – 97 м. Бұл көрсеткіш астананы көшірудің соңғы жылына келеді. / экраннан «Бәйтеректің» суреті көрсетіледі/.
329-жаттығу.
- Көп нүктенің орнына кім? сұрағына жауап беретін сөздерді тауып -лер, -дер, -тар жалғауларына сәйкестендіреді.
Дәрігер мұғалім қарындас
әнші - лер жиен - дер туыс - тар
іні дос
/ зат есімнің жеке көпше түріне сөздерге сұрақ қойдырып, салыстыру арқылы қысқаша түсінік беріп кету/
2. 2003 жылы күмбезі көк тіреген 36 қабатты, биіктігі 155 м жететін «Көлік және комунникация» министрлігінің ғимараты. /экраннан суреті көрсетілді/.
Сергіту сәті
/экранға әуенімен гимнгастика шығады оқушылар елесе отырып билейді/
Дәптермен жұмыс.
Бүгінгі күнді, көркем жазу жазады.
Тақтаға шыққан аң құстардың аттарын қатыстырып сөйлем құрайды. /330-жаттығу, тақтада орындалып, дәптерге жазылады/.
Тақтамен жұмыс.
Үкі түнде ұшатын құс. Түлкі әдемі аң. Біз бұғы туралы әңгіме оқыдық.
3. 2004 жылы ҚазМұнайГаздың әкімшілік-ғимараты салынып бітіп, қолдануға берілді. /суреті шығады/.
Кім? сұрағына жауап беретін сөздерді кімдер? сұрағына жауап беретін сөздерге айналдырып айт. /331-жаттығу ауызша орындалып, сөздер өзара сұрақтар қою арқылы салыстырылады./
Ұста-ұсталар, зергер-зергерлер.
Жазушылар мен дәрігерлер сөздері кімдер? сұрағына жауап беретін болғандықтан өз қалпында қалады.
Астана мешіті ең әдемі мешіттердің бірі.
V. Қорытындылау
Электронды оқулықпен жұмыс жасау
/2013 жыл, 2-сынып, Қазақ тілінен электронды оқулық/.