Зат есім,сын есім,сан есім,етістік.Олай болса осы сөз таптары атауларына топқа бөлінейік.(Сөз таптары жазылған стикер тарату)
Енді әр топ өз атауын қорғайды.Мысалы: Зат есім дегеніміз не?т. с.с.
1.Мотивациялық-бағдарлау кезеңі.
1.Қызығушылықты ояту.
а) Суреттерді салыстырып ,өз ойларыңды жазыңдар
Электронды оқулықпен жұмыс.
2.Операциялық –орындаушылық кезең.
Оқулықпен жұмыс.
2.Ой сергіту жаттығулары.
4-топқа 4 жаттығуды бөліп беру.
1-топ: 7-жаттығу.Сөйлемдерді оқы.Сөйлемдерден дыбысталуы бірдей сөздерді тап.Неліктен олардың біреуі бас әріптен,екіншісі кіші әріптен басталып жазылғанын түсіндір.
Жалқы есімі бар сөйлемді көшіріп жаз.
2-топ: 8-жаттығу.
Суретке қара.Қыздарға ат қойып,сурет бойынша үш сөйлем құрап жаз.
3-топ: 9-жаттығу.
Көп нүктенің орнына жалқы есімдерді қойып жаз.
Қазақстан қалалары: ...
Қазақстан көлдері: ...
Ауыл аттары: ...
4-топ: 10-жаттығу.
Суреттегі үй жануарлары мен хайуанаттарына ат қой.
Әрқайсысымен сөйлем құрап жаз.
3.Рефлексиялық-бағалау кезеңі.
«Кім шапшаң?» ойыны.
Ойынның шарты: берілген сөздерді зат есімнің түрлеріне қарай ажыратып,өз үйлеріне орналастырыңдар.