Білімділік: О?ушылар?а с?з таптары, оны? ішінде зат есім, зат есімні? жалпы есім, жал?ы есім т?рлері туралы тере?ірек білім беру.
Дамытушылы?: С?з таптары бойынша бастауыш сыныптарда ме?герген білімдеріне с?йене отырып, зат есім туралы т?сініктерін дамыту; сауатты жазу, о?у да?дыларын жетілдіру; о?ушыларды? белсенді ойлау ?ызметтерін жандандыру.
К?тілетін н?тиже: о?ушылар зат есімні? грамматикалы? категориялары туралы толы? ме?гереді, с?йлем арасында?ы зат есімдерді с?ра? ?ою ар?ылы бірден таба алады.
Саба?ты? т?рі: жа?а білімді ме?герту саба?ы.
?дісі: т?сіндіру, ізденіс, с?ра?-жауап, талдау.
К?рнекіліктер: слайдтар, та?та, бор, о?улы?
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Үй тапсырмасын сұрау (Үш бақытым, Бақыт деген не?) 2-мин
Видеоматериал М.Мақатаев «Бақыт» 1.5-мин
«Бақытқа жету де, бақытсыздыққа ұшырауда адамның өз қолында» постер қорғау 10 мин (мәтін оқу 2 мин 5 мин салу 3 мин қорғау)
Жаңа ақпарат. Б.Момышұлы 2 мин
«Бақыт деген» өлең айту 3 мин
Тренинг «Мен бақыттымын, себебі…» 8 мин
Рефлексия (екі жұлдыз, бір тілек) 2мин
Сабақтың барысы:
«Нұрға бөлену» (релаксация тыңдау)
Өткен сабақтың дәйексөзін тыңдату. ????????
Ойланайық, пікірлесейік!
Әңгімелесу жүргізу:
1.Бақытты болу дегенімізді қалай түсінесіңдер? 2. Өмірдегі ең қуынышты сәттің мәні неде? 3. Бақытқа жетуі үшін адам не істеуі керек?
Сонымен, бақыт дегеніміз- алға қойған мақсатың мен көксеген арманыңның орындалуы.
Үй тапсырмасын сұрау. Бақыт туралы өлеңдерін тыңдау
Шығармашылық жұмыс.
М.Мақатаевтың “Бақыт деген...”өлеңін оқып, өздерің бақыт жайлы өлең шығарып көріңдер. (өлең слайдта даярланған, инретактивтік тақтадан өлеңді оқи аласыңдар немесе оқулықтан да оқуға болады).
Мәтінмен жұмыс. «Бақытқа жетудің он сыры
Жаңа ақпарат айдарымен берілген жаңа мағлұматтарды оқып, талдау.
Бақыт әркімнің өзіне, өмір сүрген ортасына, жағдайға байланысты. “Бақыттымын” деп таңданып, аяғын еріне басып жүрген көп кісілердің бақытсыз екенін өздері сезбеген. Тарихта дәулетке, атаққа таңданып, мәз болып, өмірін ақымақтықпен өткізгендер аз емес. Бақыт дегеніміз-өмірді өз орнында, өз қалпында шамасы келгенше үлгілі сүру, адал болу, майдалықтан, іштарлықтан қашық болу. Мұршасы, әлі жеткенінше өз заманын түcіне білу,өз қоғамымен бірге алған мақсатқа қопарыла шын көңілмен адал қызмет істей білу. Өмірде кедір-бұдыр толып жатыр. Олар әр адым сайын ұшырасады. Олардан именбеу, жасқанбау, азаматтық міндетін қоғам алдында адал ақтай білумен кететін бақыт. Өз қамын ойлағандар толып жатыр. Олардың онысы жай әурешілік.
Біреу бақытты оттан, біреу судан табады. Күйем-ау, тереңге батып кетемау деп қорықпастан барады. Ар-намысты қорғау-бақыттың шыңы. Қиыншылықтармен санаспастан, азаматтық міндетті орындап, шығу-ол да бақыттың шыңы.
Жеңсең-БАҚЫТ!
Б.Момышұлы.
Шығармашық жұмыс.
1-тапсырма.(Мағынаны тауып жазыңдар)
Бақыт қонды-...
Бақыт құшағында-...
Бақыт таңы атты-...
Бақытқа бөленді-...
Бақыты жанды-...
Дәйексөз : (оқушылармен бірге хормен қайталау)
Тренинг «Мен бақыттымын, себебі .....» деп аталады (доп арқылы ойнатылады)
Өлең айту : «Бақыт деген ...»
Рефлексия : «Екі жұлдыз бір тілек»
Үйге тапсырма : «Бақыт туралы» әңгіме құрап немесе өлең шығарып келу
Менің сабақтан түйгенім:
Сабақ маған ұнады, себебі:________________________________________
Тілек жазу _____________________________________________________
Назар аударыңдар! Қорытындылау.
Тұманбай Молдағалиевтің мына өлең жолдарына назар аударып, сабағымызды қорытындылайық.
Жасасаң өз еркіңде кімге құрмет,
Мейірім кең пейілді болу міндет.
Таңертең ояна сап Күнге қара,
Амандас, аманыңа шүкірлік ет.
Сонымен, біз әрқашан әрбір атқан таңымызға, осынау өмірде өмір сүргенімізге, өмірде бар екендігімізге шүкірлік етейік.Осының өзі Бақыт екендігіне тәубе етейік!
Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңді дәптерлеріңнің пікір жазу парағына толтырыңдар.