kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ыбырай Алтынсарин-балалар адебиетінің атасы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ыбырай Алтынсарин өмірі мен шығармашылығын қалай меңгергендігін пысықтау.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ыбырай Алтынсарин-балалар адебиетінің атасы»

«Ыбырай Алтынсарин – балалар әдебиетінің атасы»


Ашық сабақ
Тақырыбы: 
«Ыбырай Алтынсарин – балалар
әдебиетінің атасы

Сабақтың тақырыбы: «Ыбырай Алтынсарин – балалар әдебиетінің атасы» 
Мақсаты: 
1. Оқушылардың Ыбырай өмірі мен шығармашылығын қалай меңгергендігін пысықтау; әңгімелерінің тақырыбын ашу.
2. Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту, ойын ашық айта білуге және өз пікірін қорғай білуге баулу.
3. Оқушыларды адалдыққа, еңбексүйгіштікке, жақсы жолдас бола білуге тәрбиелеу.
Түрі: Жаңа сабақ 
Әдіс-тәсілдер: «Сын тұрғысынан ойлау» технологиясы 
Көрнекілігі: интерактивті тақта.окулық,хрестоматия
Пәнаралық байланыс: тарих,қазақ тілі.
Күтілетін нәтиже: «Қазақ хрестоматиясына» енген әңгімелермен таныс бола отырып, өзіндік ой қорытып, ненің жақсы,ненің жаман екенін айыра алады. Тіршіліктің тұтқасы еңбек,білім,өнер екенін түсінеді. 
Сабақтың барысы:
І. Қызығушылықты ояту
Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру,дайындығын бақылау
Сабақтың мақсатын айту. 
- ХІХ ғасырдың 2-жартысы мен ХХ ғасырдың басында өмір сүрген әдебиет өкілі
Ы. Алтынсариннің шығармалары бойынша алған білімдеріңді сарапқа салу мақсатында өткізіліп отырған бүгінгі ашық сабағымызда әңгімелерін талдау барысында өз ойларыңды ашық айта біліңдер, қойылған сұрақтарға толып жауап беру талап етіледі.
Үй жұмысын тексеру
«Деректер сөйлейді» тапсырмасы.(Рет-ретімен тұрған сандар арқылы Ыбырайдың өмірбаяны мен шығармашылығын айтып беріңдер)
1841 – Ыбырайдың туған жылы. Қостанай обл. Затобол ауданында туды. 
1850 – Орынборда ашылған қазақ-орыс мектебіне түседі.
1857- Мектепті үздік бітіріп шыққан жылы
1859- Орынбордағы шекаралық комиссияға тілмаш болып орналасқан жылы.
1860 – Орал сыртындағы қазақтарға арналып 4 сыныптық бастауыш мектеп 
ашу туралы шыққанда (Тройцк, Торғай, Ырғыз, Қазалы) өзі сұранып, 
Торғай мектебіне мұғалім болады. Торғай қаласында бірден мектеп 
ашу мүмкін болмай, іс көпке созылады, жиналған балаларды өз үйінде 
оқытқан жылы.
1864 – Мектептің қаңтар айында ашылған жылы
14 - Сол мектепке қабылданған бала саны.
1876 – Петербург, Қазан қалаларына барған жылы
1876 – Н.Н.Ильминскийге жазған хатында «Татар тілінде жазылған 
кітаптардан құтылу үшін, қазақ тілінде оқуға арналған бастауыш 
кітабымды кеше ғана бастадым,» - деп жазған жылы
1876 – «Қазақ хрестоматиясын» жазуға кіріскен жылы
1879 – Орынборда хрестоматияның басылған жылы
1889 – қайтыс болған жылы. 
ІІ. Мағынаны тану
Ы. Алтынсарин – балалар әдебиетінің атасы. Бүкіл өмірін қазақ балаларын оқытуға арнаған. Сол мақсатпен алғаш рет балаларға арнап мектеп ашып, оқулық жазған. Ағартушы оқулықты жазудағы мақсатын хрестоматияның алғы сөзінде: «Бұл кітапты құрастырғанда мен, біріншіден, осы біздің ана тілімізде тұңғыш рет шыққалы отырған жалғыз кітаптың орыс-қазақ мектептерінде тәрбиеленіп жүрген қазақ балаларына оқу кітабы бола алу жағын, сонымен қабат, жалпы халықтың оқуына жарайтын кітап бола алу жағын көздедім...» деп тұжырымдаған. Өйткені хрестоматияға Ыбырай өзінің педагогтық мақсатына лайықтай жазған тәрбиелік мәні жоғары көптеген шағын әңгімелерін, өлеңдері мен ауыз әдебиеті үлгілерін, сондай – ақ, орыс педагогтері мен айтулы орыс қаламгерлерінен аударған шығармаларды енгізген болатын. Бұл шығармалардың тақырыптық – идеялық мазмұнынан біз Ыбырайды ұстаз-тәрбиеші ретінде алдына мақсат етіп қойған адамгершілік мәселелерін көреміз. 
«Қазақ хрестоматиясына» енген шығармалары.
Ыбырай лирикасы: табиғат бейнесін суреттеген «Өзен», «Жаз» өлеңдері,жастарды ізгілікке, қайырымдылыққа,ата-ананы,досты сыйлауға шақыратын «Бұл кім?», «Әй,достарым!», «Әй,жігіттер!», «Ананың сүюі» өлеңдері бар. Әлеуметтік теңсіздік:«Залым төреге», «Азған елдің хандары», «Азған елдің билері».
Шағын әңгімелері. 
Адамгершілік тәрбиесіне арнаған «Әке мен бала», «Асыл шөп», «Бақша ағаштары», «Алтын шекілдеуік», «Қарға мен құрт», «Сауысқан мен қарға», «Әдеп», «Тәкаппарлық», «Байұлы» т.б. 
Ыбырайдың жастарды,ізгілікке, бауырмалдыққа, мейірімділікке, достық, жылы жүректілік қасиеттерге баулитын «Бір уыс мақта», «Аурудан аяған күштірек», «Мейірімді бала», «Полкан деген ит», «Таза бұлақ», «Әділдік» т.б. әңгімелері бар. Жастарды еңбекті сүюге,оқуға, өнерге ұмтылуға жігерлі,төзімді болуға үндеген «Өрмекші,құмырсқа, қарлығаш», «Жан-жануарлар айтысы», «Бай баласы мен жарлы баласы», «Қыпшақ Сейітқұл», «Мұңсыз адам» т.б. әңгімелері. Өнер мен білімді үлгі еткен «Лұқпан әкім», «Зеректік», «Силинші ханым», «Білгеннің пайдасы», «Талаптың пайдасы», «Атымтай жомарт» әңгімелері.
Орыс жазушыларынан аудармалары:
И.Б.Паульсонның «Книга для чтения и практических упражнений в русском языке», К.Д.Ушинский «Родное слово», Л.Н. Толстой, Крылов.
1. Топтастыру стратегиясы.
Ақын ағартушы педагог Ы.Алтынсарин оқулық авторы
Жазушы

Ғұлама шағын әңгіме шебері
2. «Топтық тергеу немесе зерттеу» стратегиясы. (кубизм)
«Бай баласы мен жарлы баласы» әңгімесі бойынша.
1. Мазмұндау,баяндаушылар
2. Зерттеушілер
3. Сұрақ құрастырушылар
4. Афоризмдер табу
5. Сурет салу
6. Дәнекерлеушілер (Қазіргі заманмен байланыстыру)

3. «Қарама-қарсы элементтер» стратегиясы
«Әке мен бала», «Жаман жолдас» әңгімелері бойынша талдау жұмыстары.

1 топ 2 топ
Әке Бала Жақсы Жаман
Үлкен кісі
Тағаны алады
Ақылды адам
Шие сатып алды
Еңбектенді Жас бала
Алғысы келмейді
Ақылсыз бала
Сатып алмады
Еңбектенген жоқ Ауру жігіт
Жерге құлады
Жерден тұрды
Жауап берді Сау бала
Ағашқа шықты
Ағаштан түсті
Сұрады 

4. «Жақсымен жолдас болсаң жетерсің мұратқа, жаманмен жолдас болсаң қаларсың ұятқа» 
-Қандай жолдаспен дос болу керек? Пікірталастыру
І. Топ. Фонетикалық талдау.
Жақсымен, жаманмен
ІІ топ. Морфологиялық талдау
Мұратқа,қаларсың
ІІІ топ. Лексикалық талдау
Біреуге ор қазба,өзің түсерсің
5. Ы.Алтынсаринге қатысты сөздерді талдау.
1. «Ыбырай Алтынсарин –қазақ арасынан шыққан тұңғыш кемеңгер адам еді, ол өзінің қараңғы, көшпелі халқының ішіне еуропалық мәдениеттің жарық сәулесін таратты» «Оренбурский листок» газетінен
2. «Қазақ халқы қарапайым, өнері жоқ халық, бірақ біз қарапайымдылықтың өзінен де көп жақсылық табамыз» 
Ы.Алтынсарин.
3. «Халық мектептері үшін ең керектісі –оқытушы. Тамаша педагогика құралдары да, ең жақсы үкімет бұйрықтары да, инспектор бақылауы да оқытушыға тең келе алмайды» Ы.Алтынсарин. 
4. Қазақтарға-осы дарынды, ақыл-есі мол халыққа кешікпей рухани және қоғамдық даму жолына түсетін дұрыс бағыт беру қалай дегенмен де қажет болып отыр»
Ы.Алтынсариннің (губернаторға жолдаған баяндамасынан)
ІІІ. Ой толғаныс «Бес жолды өлең»тұжырымдамасы
1.Ыбырай-педагог
2. Білімді, оқымысты
3. Оқытады, үйретеді,жазғызады.
4.Ыбырай- балалар әдебиетінің атасы
5. Ыбырай- ұстаз
Бағалау 
Оқушыларды сабаққа қатысына қарай бағалау
Үйге тапсырма: 
«Ы. Алтынсарин шығармалары - балалар әдебиетінің бастау көзі» тақырыбына эссе жазу. Шағын тест құрап келу
IV. Сабақтың аяқталуы.

  • 1




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
Ыбырай Алтынсарин-балалар адебиетінің атасы

Автор: Жылкишбаева Рахима Абилкаировна

Дата: 09.06.2018

Номер свидетельства: 472795


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства