Пәннің аты: Әдебиеттік оқу | Уақыты:20.01.2016 | Кабинет:№20 | Мұғалім: Найзабекова С.К. |
Сабақтың тақырыбы | Ы.Алтынсарин. Ата-әжеме хат |
Сабақтың мақсаты | Мәтіннің мазмұнымен таныса отырып, мәтіндегі негізгі ойды, идеяны түсініп хат жазып үйренеді. |
Күтілетін нәтиже | -Мәтіндегі негізгі ой, идеяны түсінді; -Хаттың бөліктерін білді; -Хат жазып үйренді; |
Сабақта қолданатын әдіс-тәсілдер: | СТО,АКТ, Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау, Блум таксономиясы, топтық жұмыс,сұрақ-жауап,ойын | |
Сабақтың көрнекі-құралдары: | Интербелсенді тақта,конверттер,стикер, смайликтер | |
Сабақтың кезеңдері | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті |
Психология- лық ахуал | 3 мин | Қайырлы күн достарым, Қайырлы күн болсын. Сәрсенбі күннің сәті, Сәттілікке толсын! Біздің алар бағамыз Кілең бестік болсын! | Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді. |
Топтастыру | 3 мин | Конверттің түстеріне қарай топтасады. Топ басшыларын сайлайды. | Қызыл, сары және көк түстері арқылы бөлінеді |
Үй тапсыр- масын тексеру | 4 мин | Үш топқа тапсырма беру: 1-топ: Апаның тілін алмайтын бала. Не істейді? Не болады? 2-топ: Апаның тілін алатын бала. Не істейді? Не болады? 3- топ:Ақын ойынан көкейіңе не түйдің? | Топтағы бір оқушы сұраққа жауап береді |
Қызығушы- лықты ояту БІЛУ | 1 мин | Жұмбақ шешу. Аяғы жоқ жүреді, Тілі жоқ сөйлейді.(Хат) | Жұмбақты шешеді |
Ой қозғау | 4 мин | -Бүгінгі сабақ не туралы болады деп ойлайсыңдар? -Не үйренгілерін келеді? – SMART мақсатын анықтау. Ы.Алтынсариннің өлеңін үнтаспадан тыңдатып, өлеңнің авторы кім?-деп сұрақ қою арқылы суретін шығару. –Бұл адам туралы не білесіңдер?Оқушылар Ы.Алтынсарин туралы білгендерін топтастырады. | Хат туралы Хат жазуды үйренгіміз келеді. SMART мақсатын анықтайды. Ы.Алтынсарин туралы білгенін топтастырады |
Мағынаны тану ҚОЛДАНУ | 12 мин | -Балалар,бүгін біз Ы.Алтынсариннің «Ата-әжеме хат» деген мәтінімен танысып, хат жазу үлгісіне үйренейік. Хат- адамдар арасындағы қатынас құралы. Хат жазу арқылы байланысу ерте заманнан бастау алған. Ерте кездерде хатты арнаулы жерлерге жеткізу үшін арнаулы көгершіндер пайдаланған. Бір кездері хатты адамдар тағатсыздана күткен . Ол қай кез деп ойлайсыңдар?Үйдегі ата-әжелерінен «сонау соғыс кезінде» деп айтқанын естіген боларсыңдар? Хаттың түрлері туралы 1941-1945 жылдар аралығында Ұлы Отан соғысына кеткен бауырларынан хат күткен, ол хаттар мынадай үлгіде болған. Үшбұрышты хаттарды көрсету.Кейін мынадай хаттар жазған (хатты көрсету) пошта арқылы жіберген. Ал қазіргі кезде қандай хат жазудың түрлерін білесіңдер? Оқулықпен жұмыс.1 оқушыға мәтінді оқыту. Мәтінді талдау. «Сыр сандық» тапсырмасы. Үш топқа тапсырма беру. 1.Хаттың басталуын және хаттың аяқталуы. 2. Назардың оқуы. 3.Назарға айтқан атасының ақылы. Балалар, хат жазудың қандай бөліктері бар екен? Дәптермен жұмыс. | «Хат» деген сөзді қалай түсінетінін айтады. Мәтінді мәнерлеп оқыту. Топтан 1 оқушы жауап береді Хаттың бөліктерін жазады |
Сергіту сәті | 2 мин | Тереңдет ойыңды, Тiк ұста бойыңды. Құстарға ұқсайық, Қалықтап ұшайық. Шық алға оң қанат, Шық алға сол қанат, Шаршаған кездерде Қонайық жорғалап. | Көңіл-күйлері көтеріліп сабақтың келесі кезеңіне кіріседі |
ТАЛДАУ Салыстыру | 4 мин | Семантикалық карта «Қазір-бұрын» | Салыстырады |
Ой толғаныс ЖИНАҚТАУ | 6 мин | Шығармашылық жұмыс. Әр топқа хат жаздыру. | 1-топ:Ата-анасына хат жазады. 2-топ: Досына хат жазады. 3- топ: Әскердегі ағасына хат жазады Әр топтан 1-2 оқушы оқып береді. |
Үйге тапсырма | 1 мин | Ертегідегі сүйікті кейіпкерімізге хат жазып келу. | Күнделіктеріне жазып алады |
Бағалау | 4 мин | Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау | Формативті бағалау |
Кері байланыс | 1 мин | | Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады |