О ңтүстік Қазақстан облысы
Шымкент қаласы
Ю. Сареми атындағы № 107 мектеп - гимназиясының
бастауыш сынып мұғалімі
Ташпулатова Наргиза Иристаевна
МАТЕМАТИКА. 4 СЫНЫП
Сабақтың тақырыбы: Үш таңбалы санға көбейту және бөлу;
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік:
Оқушыларға үш таңбалы санға жазбаша көбейту және бөлу
жайында түсінік беру.
2. Дамытушылық:
Баған түрінде көбейту мен бұрыштан бөлу жағдайларын
негіздеу. Ой -өрісін дамыту, өз бетінше тапсырма орындау
қабілетін дамыту;
3. Тәрбиелік:
Ұқыпты, ретті жазу дағдысын қалыптастыру.
Адамгершілікке, достыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі : Жаңа материалды меңгерту;
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, қайталау;
Сабақтың көрнектілігі: ИНТЕРАКТИВТІК тақта, оқулық, слайдттар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі : Балалар, бүгін бізді ерекше сабақ,
Сабақта алаңдамай еркін еңбек етіңдер. Өз ойларыңды
қысылмай, ашық айтыңдар. Мен сендерге сәттілік тілеймін.
ІІ. Психологиялық дайындық: бір – біріне тілек айту.
Математика керек әр күйге, математика қажет өмірде.
ІІІ. Үй тапсырмасынын тексеру.
І. Жаңа сабақ.
Сәлеметсіздер ме, балалар! Мен сендерге мына хатты үлкен өтінішпен жолдап отырмын. Маған сендердің көмектерің керек
Көктем келді, бірақ жер бетін су алып, бәйшешектер шықпай жатыр
Бүгінгі сабақтағы тапсырмалар дұрыс орындалса, бәйшешектер гүл ашады. Көмектесіңдерші, балалар!!!
Сабақта мұқият болыңдар. Егер тапсырмалар дұрыс орындалса, ормандағы алаңда бәйшешектер гүл ашады.
ІV. Жаңа тақырып
Бүгінгі біздің тақырыбымыз Үш таңбалы санға көбейту және бөлу
1.Тақтаға назар аударамыз.
а) Электрондық оқулықпен жұмыс: Жаңа тақырыпты түсіндіру
1) көбейту
ә) Тапсырмалар орындау.
1) 427
* 346
2562
+ 1708
1281
147742
2) Бөлу
2)74340 236
- 708 315
354
-236
118 0
118 0
0
ә) Интерактивті тақтада жұмыс
5 2 4
* 1 2 6
+ 3 1 4 4
1 0 4 8
5 2 4
6 6 0 2 4
66024 126
- 630 524
302
- 252
504
- 504
0
V. Сергіту сәті
«Санамақ құра біл!»
Бір дегенім – білек,
Білсең,білек те керек.
Екі дегенім – еңбек,
Еңбек бәрін жеңбек
VІ. Қызығушылықты ояту
Жылдамдықты қалай табамыз? V=S / t
Уақытты қалай табамыз? t = S/ V
Қашықтықты қалай табамыз? S = V * t
VІІ. Есеп шығару
Пойыз 4 сағатта 224 км жол жүреді. Егер оның жылдамдығы тік ұшақтың жылдамдығынан 3 есе кем болса, тік ұшақтың жылдамдығы қандай?
Шешуі:
1 . 224 4 2. 56
-20 56 * 3
24 168 км / сағ
- 24
0
Жауабы: тік ұшақтың жылдымдығы 168 км / сағатына
Оқулықпен жұмыс: 184 бет № 5
Дәптермен жұмыс
Т ест сұрақтары бойынша жұмыс:
1) Баған түрінде дұрыс жазылған мысалды анықта
А) 5700 В) 5700 С) 5709
* 9 * 9 * 9
7800 бен 2 – нің көбейтіндісі нешеге тең?
А) 156000 В) 15600 С) 1560
Бөлінгіш пен бөлгіш өз ара тең болса бөліндінің мәні нешеге тең?
А) 0 В) 1 С) бөлінгіш
Бөлуді қай амалмен тексереді?
А) Азайтумен В) Қөбейтумен С) Қосумен
5) көбейткіштің бірі 1 – ге тең болса, көбейтіндінің мәні нешеге тең?
А) 1 В) 0 С) екінші көбейткішке
VІІІ. Сабақты қорыту:
Бүгін сабақта қандай тақырыппен таныстық?
Сабақ ұнады ма?
Қонжықтың тапсырмасын орындадық деп ойлаймын.
Слайд «Бәйшешектер гүл ашты»
Балалар елімізде төтенше жағдайлар еш уақытта болмасын.
Көктем келіп бәйшешектер гүл ашсын.
Үйге тапсырма: 185 бет № 7