kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Урок на тему "Зат есімні? т?уелденуі"

Нажмите, чтобы узнать подробности

П?ні:

?аза? тілі

Сыныбы:

Уа?ыты:

Саба?ты? та?ырыбы:

Зат есімні? т?уелденуі

??зыреттілікке жеткізетін саба?ты? ма?сат-міндеттері:

а) а?паратты? ??зіреттілік:

?) проблеманы шешу ??зіреттілігі: 

б) коммуникативтік

??зіреттілік:

а/Зат есімні? т?уелденуі туралы т?сініктерін ке?ейту.                                  

  ?\Зат есімді т?уелдей білуге ?йрету., с?здік ?орларын

   дамыту?а да?дыландыру;

  б/?демі, таза жаза білуге, бір-бірін сыйлай білуге

    т?рбиелеу;

Саба?ты? типі:

Аралас саба?.

Саба?та ?олданылатын педаго-гикалы? технологиялар:

Білім беруді ізгілендіру.

Саба?ты? ?дісі:

К?рнекілік, машы?ты?, с?здік

П?наралы? байланыс:

 ?дебиеттік о?у, ?аза? тілі. Алматы кітап.

О?ыту ??ралдары:

О?улы?, «Атам?ра»2014, Г. И. Уайсова, ?. Е. Ж?мабаева

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«урок на тему "Зат есімні? т?уелденуі"»

Пәні:

Қазақ тілі

Сыныбы:

Уақыты:

Сабақтың тақырыбы:

Зат есімнің тәуелденуі

Құзыреттілікке жеткізетін сабақтың мақсат-міндеттері:

а) ақпараттық құзіреттілік:

ә) проблеманы шешу құзіреттілігі:

б) коммуникативтік

құзіреттілік:



а/Зат есімнің тәуелденуі туралы түсініктерін кеңейту.

ә\Зат есімді тәуелдей білуге үйрету., сөздік қорларын

дамытуға дағдыландыру;

б/Әдемі, таза жаза білуге, бір-бірін сыйлай білуге

тәрбиелеу;


Сабақтың типі:

Аралас сабақ.

Сабақта қолданылатын педаго-гикалық технологиялар:

Білім беруді ізгілендіру.

Сабақтың әдісі:

Көрнекілік, машықтық, сөздік

Пәнаралық байланыс:

Әдебиеттік оқу, қазақ тілі. Алматы кітап.

Оқыту құралдары:

Оқулық, «Атамұра»2014, Г. И. Уайсова, Ә. Е. Жұмабаева

Сабақтың

бөлімдері

Мұғалімнің қызметі

Оқушының қызметі

Күтілетін нәтиже

І. Ұйымдастыру

бөлімі

Амандасады,түгендейді.

-Сәлеметсіздер ме, оқушылар? Орындарымызға отырамыз.

-Балалар, бүгін барлығымыз сабаққа түгел дайынбыз ба?

Психологиялық дайындық:

Өлең орындатады.

«Мақсатымыз- білім алу,

Міндетіміз- еңбек ету,

«5»-ке қолды жеткізу!»

Амандасады.

Отырады.

-Ия,дайынбыз.




Мұғаліммен бірге айтады.

«Мақсатымыз- білім алу,

Міндетіміз- еңбек ету,

«5»-ке қолды жеткізу!»

Мұғалім мен оқушы арасында қарым-қатынас орнайды. Оқушылардың сабаққа дайындық деңгейлері анықталады.

Сабаққа қызығушылықтары оянады.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

Үйге берілген тапсырманы тексереді.

-Ендеше, оқушылар, үйге қандай тапсырма берілді?

Үйге: 37-жаттығу. Сөздерді оқыттырады. Әр қатардағы бес сөздің қайсысы артық екенін анықтатырады.

  1. Жұмыскер, суат, көрме, ойыншық, құсты.

  2. Бөрік, төл, жаңалық, әділ,жақсы.

Үйге берілген тапсырма бойынша жауап береді.


Үйге: 37-жаттығу. Сөздерді оқиды. Әр қатардағы бес сөздің қайсысы артық екенін анықтайды.

  1. Жұмыскер, көрме, ойыншық, құсты.

  2. Бөрік, жаңалық, әділ,жақсы.


Үй тапсырмасын оқушылардың барлығы орындаған.


Оқушылардың үй тапсырмасын жақсы орындағандығын анықтайды.


ІII. Жаңа материалды хабарлау




38-жаттығу. Сөйлемдерді оқыттырады. Суретпен берілген сөздердің түбірі мен қосымшасын ажыраттырады.

  1. Менің үйде қалды. 2. Сенің терезеңнің алдында отыр. 3. Жақсылықтың партаның үстінде жатыр.

39-жаттығу. Сөздерді үлгі бойынша толтырттырады.

Ана, қол, қозы,етік.

Үлгі :

менің анам, ...

Сенің анаң,...

Сіздің анаңыз,...

Олардың анасы,...

Бізің анамыз,...

Сендердің аналарың,...

Сіздердің аналарыңыз,...

Олардың аналары, ...














Ереже : заттың біреуге тән екенін білдіретін жалғауларды тәуелдік жалғаулар атайды:әке-м,әже-ң,ата-сы.

Тәуелдік жалғаулар үш жақта,жекеше және көпше түрде айтылады.:көрші-м,көрші-ңіз,көрші-сі,көрші-міз,көршілер-ің,көршілер-іңіз,көршілер-і.

40-жаттығу. Жұмбақтың шешуін тапқызады.

Қанаты жоқ-ұшады.

Аяғы жоқ-желеді,

Аузы жоқ-ұлиды.

38-жаттығу. Сөйлемдерді оқиды. Суретпен берілген сөздердің түбірі мен қосымшасын ажыратады.

  1. Менің сағат-ым үйде қалды. 2. Сенің мысы-ғың терезеңнің алдында отыр. 3. Жақсылықтың қалам-ы партаның үстінде жатыр.








39-жаттығу. Сөздерді үлгі бойынша толтырады.

Ана, қол, қозы,етік.

менің анам,

Сенің анаң,

Сіздің анаңыз,

Олардың анасы,

Бізің анамыз,

Сендердің аналарың,

Сіздердің аналарыңыз,

Олардың аналары,

Менің қолым,біздің қолымыз

Сенің қолың,сендердің қолдарың

Сіздің қолыңыз,сіздердің қолдарыңыз

Оның қолы,олардың қолдары


Менің қозым,біздің қозымыз

Сенің қозың,сендердің қозыларың

Сіздің қозыңыз,сіздердің қозыларыңыз

Оның қозы,олардың қозылары.

Менің етігім,біздің етігіміз

Сенің етігің,сендердің етіктерің

Сіздің етігіңіз,сіздердің етіктеріңіз

Оның етігі,олардың етіктері

Ереже : заттың біреуге тән екенін білдіретін жалғауларды тәуелдік жалғаулар атайды:әке-м,әже-ң,ата-сы.

Тәуелдік жалғаулар үш жақта,жекеше және көпше түрде айтылады.:көрші-м,көрші-ңіз,көрші-сі,көрші-міз,көршілер-ің,көршілер-іңіз,көршілер-і.

40-жаттығу. Жұмбақтың шешуін табады.

Қанаты жоқ-ұшады.

Аяғы жоқ-желеді,

Аузы жоқ-ұлиды.«жел»

Оқушылардың ауызша тілде сөздерді орынды қолдануын үйренеді, шапшаңдылықты дамытады.










Оқушылар бұл тапсырманы орындау барысында ойлау қабілеттерін дамытады. Тез және ұқыпты жауап беруге бағытталған.
























Оқушылар мәнерәне келтіріп оқи алады.Тапсырманы орындай алады.


Сергіту сәті

Сергітіу сәтін орындатқызады.

1 дегенде тұрайық

2,3,4 алақанды соғайық.

Оң жаққа бұрылып,

Сол жаққа бұрылып,

Бір отырып,бір тұрып,

Біз жүгіріп алайық.

5 дегенде асықпай

Орнымызды табайық

Сергіту сәтін бірге орындайды.

1 дегенде тұрайық

2,3,4 алақанды соғайық.

Оң жаққа бұрылып,

Сол жаққа бұрылып,

Бір отырып,бір тұрып,

Біз жүгіріп алайық.

5 дегенде асықпай

Орнымызды табайық

Сергіп, шаршағандарын басып, демалады.


41-жаттығу. Өлеңді жатқа жаздыртады.

Тәуелденген сөзді таптыртады.

Түйем шықты өріске ,

Боталары маймаңдап.

Қойым өрді қапталдап,

Қозыларым салды ойнақ.


42-жаттығу. Берілген сөздерді тәуелдену ерекшелігіне қарай топтап жаздырады.

Добым,оқушылары,добың,дәптерім,

дәптерің,дәптері,дәптеріңіз,оқушыларың,

оқушыларыңыз,добыңыз,оқушыларым,добы



41-жаттығу. Өлеңді жатқа жазады. Тәуелденген сөзді табады.

Түйем шықты өріске ,

Боталары маймаңдап.

Қойым өрді қапталдап,

Қозыларым салды ойнақ.

Боталары,қозыларым.

42-жаттығу. Берілген сөздерді тәуелдену ерекшелігіне қарай топтап жазады.

Добым,добың,добы.

Дәптерім,дәптерің,дәптеріңіз,дәптері.

Оқушыларым,оқушыларың,оқушыларыңыз,оқушылары.



Оқушылар ойлау тез бейімделеді.





Бұл тапсырма оқушыларға жағымды көңіл- күй сыйлайды.


V.Үйге тапсырма

Үй тапсырмасын беріп, күнделіктеріне жазғызады.

-Ендеше, оқушылар, үй тапсырмасын жазып алындар.

Үй тапсырмасы түсіндіріледі.

Үйге: 43-жаттығу. Керісінше сөз жұмбақ жасаттырады. Сөзжұмбаққа сұрақтар жазғызады.

Көлденеңнен

  1. ________

  2. ________

Тігінен

  1. ________

  2. ________


а

с

а

л

ы

қ

ы


л

ы


қ


а


ы

п

л

о

ш


а



Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады.




Үйге: 43-жаттығу. Керісінше сөз жұмбақ жасайды. Сөзжұмбаққа сұрақтар жазады.

Көлденеңнен

  1. Пейіл,жақсы ниет, көңіл ,ынта бір сөзбен не деп айтамыз?

  2. Сәндік үшін әшекейлі алтын немесе күміс теңгеге тағатын шашбауды не дейміз?

Тігінен

  1. Әшекей үшін пайдаланатын түсті ақшыл бағалы тасты не деп атаймыз?

  2. Түрлі түсті жіппен арқау салып, жолақтап тоқитын тақыр кілемді не дейміз?

Оқушыларларға үй тапсырмасы беріледі.

Үй тапсырмасын орындау тәртібімен танысады.

VІ.Бағалау. Сабақты қорытындылау

Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды бағалайды. Күнделіктеріне баларын қойып береді.

- Сабақ аяқталды!

- Сау болыңыздар!

Балалардың барлығы жақсы баға алады. Күнделіктеріне баға қойғызады.


- Сау болыңыз!

Оқушыларды бағалайды. Сабаққа қызығушылығын арттырады.

Сабақ қорытындыланады.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
урок на тему "Зат есімні? т?уелденуі"

Автор: Камбарова Айс?лу ?амбар?ызы

Дата: 13.04.2016

Номер свидетельства: 318090


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства