Мен Казбекова Динара Тулепбаевна. 1987 жылы Ма??ыстау облысы Каракия ауданы Жетибай селосында д?ниеге келдім. 1993 жылы алгаш №8 орта мектептін табалдырыг?ын аттадым. 2004 жылы М?найшы кентіндегі №7 орта мектептен бітірдім. 2010 жылы Актау каласындагы Болашак колледжине окуга тусіп 2013 жылы ая?тадым. Сол жылы Орал каласында?ы Педагогикалы? Академия?а жо?ары о?у?а т?стім. Сонымен ?атар М?найшы селосында №7 орта мектепте даярлы? сыныптарына д?ріс беремін.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Көрнекіліктер: тақырыпқа байланысты суреттер, слайд.
Пәнаралық байланыс: Тіл дамыту, сауат ашу, жапсыру
Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру
Сәлеметсіздерме, балалар! Бүгін біздің сабағымыз, күнделікті сабақтан ерекше болмақ. Біздің сыныпқа көптеген қонақтар, ұстаздар келі отыр, қане балалар орнымыздан тұрып ұстаздармен амандасайық.
Күннің көзі ашылып,
Көкке шуақ шашылып.
Құтты қонақ келіпті,
Төрімізге еніпті.
Амандасу үлкенге,
Тәрбиенің басы ғой.
Ал қанекей бәріміз,
«Сәлем» дейік үлкенге.
Сәлеметсіздерме!
Қуанамыз бізде,
Қуаныңыз сізде,
Күліп шыққан күнге.
Балалар жаңа сабағымызды бастамас бұрын, өткен сабақтарды еске түсірейік.
1 жылда неше жыл мезгілі бар? (4 мезгіл)
Біз қай мезгілде сабаққа келдік? (күз)
Күз мезгілі несімен ерекше? (жемістер, көкөністер т.б.)
Жарайсыңдар, балалар!
Балалар мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр.
Шанамен зырлап желетін,
Шаңғы, коньки тебетін.
Аққала жасап ойнайтын,
Қай мезгіл деп ойлайсын?
(қыс)
Дұрыс айтасыңдар. Қыс мезгілі.
Енді балалар, қыс мезгілімен жақынырақ танысатын боламыз.
ІІ. Жаңа сабақ:
Қыс мезгілі үш айдан тұрады. Желтоқсан, қаңтар, ақпан. Әр мезгілдің қзіне тән ерекшелігі бар. Қыс аппақ қарымен, көк айдын мұзымен сәнді. Күн бірде жылынып,бірде суытып тұрады. Қыс мезгілінде күн қысқарып, түн ұзарады. Адамдар жылы киіне бастайды. Қыста күннің көзі көрінсе де жылынбайды. Қыста қар қалың жауады, балалар аққала жасап, қар атысып, сырғанақ теуіп көңілді ойындар ойнайды. Қыс мезгілінде ерекше атап өтетін мереке бұл жаңа – жыл мерекесі.
Балалар кім қыс туралы жаттау, өлеңдер біледі?
1 – бала
Жүгіріңдер, балалар,
Сырғанақ тебеміз.
Құрыспай, құрыштай,
Шынықсын денеміз.
2 – бала
Ауыл алды ақша қар,
Ақшақарда балалар.
Соғып жатыр аққала,
Жалқауы жоқ жұмысқа.
3- бала
Сырғанаққа мығымбыз,
Шыныққанбыз, шымырмыз.
Таудан төмен сырғанап,
Біз тебеміз сырғанақ.
4-бала
Жас ұланмын шыныққан,
Жасқанбаймын суықтан.
Қардан жасап аққала,
Сырғанаймын шаттана.
-Жарайсыңдар балалар.
Балалар мен сендерге қыс туралы жұмбақтар жасырам, ал сендер мұқият тыңдап алыңдар.
Шелек қалпақ басында,
Сәбіз екен танауы.
Қыста қардан туатын,
Тауып көрші сен оны. (Аққала)
Қыста ғана болады,
Ұстасаң, қолың тоңалды. (қар)
Ағайынды бес туыс,
Жамылатын тоны бір.
Бесеуінде бес қуыс,
Сырттан кірер жолы бір. (Қолғап)
Қайқы тұмсық қос табан,
Қос таяқпен ұштаған.
Итерсең алға зулайды,
Шойын жолдан аумайды. (Шаңғы)
Көзіңе көрінбейді,
Тоңдырып қыздырады.
Күні – түні ерінбейді,
Өзенге мұз артады. (Аяз)
Жаздай тынығады
Қыста зымырайды. (Шана)
Қоймасын қыс ақтарып,
Жерді жапты ақ мамық (Қар)
Жарайсыңдар, балалар.
Сергіту сәті:
Боран соғар оң жақтан,
Боран соғар сол жақтан.
Қар лақтырып ойнасақ,
Суық өтер қолғаптан.
ІІІ. Сөйлем құрау:
Балалар мына тақтадағы суреттерге сөйлем құраймыз. Қане кім құрайды?
ІҮ. Балалар енді қыс әнімізді барлығымыз бірге орындайықшы.
Аппақ, аппақ, жапалақтап,
Қар жауады тынбастан.
Қалың орман, қар жамылған,
Маужырайды түнгі аспан.
Кең пейілді, мол мерейлі,
Сағынышпен табысқан.
О, алақай, Аяз ата,
Келе жатыр алыстан.
Ү. Аққаланы жапсыру. Балалар қардан (ақ мақта) аққала жасаймыз.
ҮІ. Қорытынды:
1 жылда неше мезгіл бар?
Қазір жылдың қай мезгілі?
Қыс мезгілі неше айдан тұрады? Қандай?
Қыс мезгілі несімен ерекше?
ҮІІ. Балаларды мадақтау.
Жарайсыңдар, балалар бүгін сендер сабаққа жақсы қатыстыңдар.