Просмотр содержимого документа
«Урок познания мира в начальной школе с казахским языком обучения. 3 класс. Тема "Отбасы" »
Ашық сабақ
Пән: дүниетану
Сабақтың тақрыбы: Отбасы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға адамның үш жұрты болатынына түсінік беріп, меңгерту, туған- туыстар арасындағы байланыстарды ұғынуға көмектесу.
Дамытушылық: ойларын ашық жеткізе алуға баулып, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: туған- туыстарға деген сүйіспеншіліктерін арттырып, ұйымшылдыққа, татулыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: сайыс сабағы
Әдісі: ой толғау, ашық пікір, сұрақ- жауап, көрнекілік, ой шақыру, топтастыру, баяндау.
Көрнекіліктері: отбасылық сурет, топ аттары, суреттер, сөзжұмбақ
Сабақтың барысы.
Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық ахуал.
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз,
Салем бердік сіздерге,
Құрметпенен біз.
Мынау менің жүрегім,
Бәрі осыдан басталған.
Сынау басыс ақылды,
Бәрін осы басқарған.
«мs»тобы: Сөзжұмбақ шешу.
Қойда бар, лақта жоқ.
Ойда бар, бақта жоқ. ( О)
Рәміздердің бірі. ( Ту)
Еңбек құралы (балға)
Ең жақын адам. (Ана)
Уақытты немен білеміз (сағат)
Ырыс алды ..
О
Т
У
Б
А
Л
Ғ
А
А
Н
А
С
А
Ғ
А
Т
Ы
Н
Т
Ы
М
А
Қ
«Сұңқар» тобына жұмбақ шешу.
Мағанда, сағанда,
Жақынтуысбесадам.
Үшәріптентұратын,
Оңғаоқы, солғаоқы.
Өзгермейдіешодан,
Бәріөзжұртың,
Айтадыкәнекіматын?(апа, ата, аға, іні, апа)
Осы кісілерді басқа сөзбен қалай айтуға болады? ( отбасы, жанұя, семья)
Балалар, сөзжұмбақты шешу арқылы, біздің бүгінгісабағымыздың тақрыбы – «Отбасы және туған- туысқандар» шығады.
III.. - Отбасы туралы не білеміз?
«MS» тобы:Отбасы- адам баласының алтын діңгегі. Өйткені адам ең алғаш шыр етіп дүнеиеге келген сәтінен бастап осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады. Сондықтан да отбасы- адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті алтын мектебі. Отбасының адамзат ұрпағына деген ықпалы мен әсер күшін өмірдегі басқа еш нәрсенің күшімен салыстырауға болмайтындай. Өйткені ата- ананың балаға деген тәрбиесінің орнын еш нәрсе толтыра алмайды. «ел болам десең, бесігіңді түзе» деген нақыл сөз отбасы тәрбиесінің маңызын айқындатып тұр
емес пе? Отбасы мүшелерінің жас шамасы әртүрлі болса да, олардың арасында бір- бірімен рухани жақындығы, мақсат ынтымақтастығы бар.
«Сұңқар» тобы. Отбасының басты қызығы, алтын тіреу діңгегі- бала. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол. Отбасының әрбір мүшесі, өзара сөйлесіп, не болмаса ата- ананың, баланың баланың міндетін атқару ғана емес, берекелі, бірлік, сүйіспеншілікпен араласа, босағасы берік, шаңырағы биік отбасына айналары сөзсіз.
«MS» тобы. Отбасы- шағын мемлекет. Әр мемлекеттің өзіне тән өндірісі мен өнімі, сыртқы және ішкі саясаты, кіріс- шығыс бюджеті, қастерлеп ұстанатын рәміздері болатыны сияқты, әр отбасы болмыс тіршілігінің де соған ұқсас жақтары бар, оның жаратылысы да басшылық пен қосшылықты қажет етеді. Сондықтан отбасының құрлымына зор маңыз беріліп, мәнін қорғаған отбасының ар- намысын сақтауға, сырын шашпауға, мүшелерін бір- біріне қатысты адалдыққа тәрбиелеген.
«Отан- отбасынан басталады» деген сөздің мәнісі де осында.
-Балалар, дұрыс айтасыңдар адамның жеке басының қалыптасу отбасынан басалады. Жеке адамның бойындағы ар- ұяты, ақыл- ойы, адамгершілігі, басқа адамдармен қарым- қатынасы, мәдениетілікті тәрбиелеуде отбасы алғашқы қадам. Сондықтан, отбасы өте қажетті, басқа ешнәрсемен өзгертуге болмайтын баспалдақ.
Отбасы- сыйластық, жарастық орнаған орта.
Отбасы- бала тәрбиесінің ең алғашқы ұғымы.
-Балалар, отбасы бақытты болу үшін не қажет?
-Келісім, байлық, денсаулық.
- осы жерде айтылғандардың қайсысы бірінші, қайсысы екінші, қайсысын үшінші орынға қояр едіндер?
- отбасында денсаулық пен келісім болса, бақыт ешқайда қашпайды деп айтсақ артық болмайды.
Неге сендерді немере дейді? (баласының баласы болғандықтан)
Әке деген кім? ( әке- отбасы тірегі, асыраушы)
Ұл деген кім? (ұл- ұрпақ жалғастырушы, қамқоршы, әкеге көмекші)
X.Эссе жаздыру. Әр топ отбасы туралы бес жолды өлең жазу
XI. Сабақты қортындылау.
әке
ата
Отбасы
Отан әже
«MS» тобы:
Бәріміздің ортақ үйіміз (Отан)
Отбасы мүшелеріне не керек? (татулық, бірлікі т.б)
Әке мен анаға кім керек? (бала)
Адамға ең қымбат жан (ана)
Қыздарға өзінен кейінгі қыз кім болады? (сіңілісі)
Отбасы адамдары бір- біріне кім болады? (туыс)
«Сұңқар» тобы:
Әкеңнің шешесі саған (апа)
Әкеңнің әкесі (ата)
Сенен кейінгі ұл бала кім болады саған? (інім)
Сені дүниеге әкелген жан (ана)
Алтыншы ата (шөпшек)
XII.Үй тапсырмасы:
XIII. «Жүрек жылуы» ( оқушыларға түрлі-түсті жүректер тарату)
-атасын жақсы көретіндер- қоңыр,
- әжесін жақсы көретіндер – күлгін,
- әкесін жақсы көретіндер – жасыл,
- анасын жақсы көретіндер – қызыл,
- ағасы, інісін жақсы көретінде – көк,
- апасын, сіңілісін, қарындасын жақсы көретіндер- сары жүрекшелерді алыңыздар.
Олай болса «Біз бәріңізді жақсы көреміз. Отбасымыз аман болсын!
Сабақтың тақырыбы: Осы шақ
Сабақтың мақсаты:
І Білімділігі: Етістіктің шақтары, олардың жасалу жолдары туралы түсінік бере отырып, етістіктің үш шағының бірі осы шақ туралы таныстыра отырып, сөйлеп тұрған кездегі іс – әрекет туралы айта отырып, осы шақ етістіктерінің сұрақтарымен таныстыру, жалпы шолу жасап, білімдерін кеңейту.
ІІ Дамытушылығы: Оқушылардың есте сақтау қабілетін, ой – өрісін, шығармашылығын, сөздік қорын,сөйлеу мәдениетін, өз ойын толық жеткізе білуге үйрете отырып, әрбір оқушының жеке даралығын дамыту, тәрбиелеу.
ІІІ Тәрбиелігі: Ұжымшылдыққа, адамгершілікке, тазалыққа, ұқыптылыққа, әдептілікке, сауттылыққа, білімпаздыққа жетелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Сабақтың әдіс- тәсілдері: Ой қозғау, әңгімелеу, түсіндіру, баяндау, талдау-жинақтау, пікір –талас.
Көрнекілігі: Кестелер, карточкалар, плакаттар және т.б.
2. Оқушылардың өткен сабақты қаншалықты меңгергенін, түсінгенін байқау, анықтау.
3. Оқушының сөйлеу қабілетін, сөйлеу тілін сөздік қорын байқау.
4. Неге көңіл аудару қажеттілігін анықтау, ескеру. Жан-жақты тексеру.
ІІІ. Жаңа сабақ
Сабақтың тақырыбы: Осы шақ
Іс –әрекеттің, қимылдың мезгілге, уақытқа байланыстылығын көрсететін етістікке тән категорияны етістіктің шақтары деп атайды. Яғни, етістіктер іс –әрекеттің жүзеге асу мезгілін білдіреді. Етістіктің үш шағы болады: өткен шақ, осы шақ, келер шақ.
Осы шақ етістіктері сөйлеп тұрған кездегі іс –әрекетті білдіреді. Іс –қимылдың сөз болы жатқан уақытта орындалып жатқанын білдіретін етістік шағын осы шақ деп атайды. Осы шақ етістіктері не істеп отырмын (жатырмын, жүрмін, тұрмын)? не істеп отырсың ( жатырсың, жүрсің, тұрсың)? не істеп отыр (жатыр, жүр, тұр)? деген сұрақтарға жауап береді. Мысалы: күліп отыр, жүгіріп жүр, тоқтап тұр.
«Допты әлем» ойынын ойнау арқылы осы шаққа түсініктеме бере отырып, мысал келтіру.
1 – жаттығу . Салыстыру.
Мерей кітап оқып отыр.
Үстел үстінде бірнеше кітап жатыр.
Сырттан ойнаған балалардың дауыстары естіліп тұр.
Мерей кешке кітап оқиды.
Мен ертең кеш жатамын.
Марат есейгенде суретші болады.
2 – жаттығу. Жекеше және көпше түрде жіктеу.
Жекеше Көпше
І жақ Мен жазып отырмын І жақ Біз жазып отырмыз
ІІ жақ Сен жазып отырсың ІІ жақ Сендер жазып отырсыңдар
Сіз жазып отырсың Сіздер жазып отырсыздар
ІІІ жақ Ол жазып отыр. ІІІ жақ Олар жазып отыр.
Жекеше Көпше
І жақ Мен ұшып жүрмін І жақ Біз ұшп жүрміз
ІІ жақ Сен ұшып жүрсің ІІ жақ Сендер ұшып жүрсіңдер
Сіз ұшып жүрсіз Сіздер ұшып жүрсіздер
ІІІ жақ Ол ұшып отыр. ІІІ жақ Олар ұшып жүр.
Сематикалық картаны толтыр:
Мысалдар
Осы
шақ
Келер шақ
Өткен шақ
Ол жазды
Сіз жазып отырсыз.
Сұрақ қиын болмады.
Ол сонда кетпекші.
Кешке келемін.
Қар жауып тұр.
Қыс суық болды.
Ол түсінген жоқ.
барарсыздар
Кітапты оқыды.
Әуенді тыңдайсың
4. Оқулықпен жұмыс: «Ой қозғау» әдісі. 1 - топ. Жасыл түс. (Жұптық жұмыс) 26 - жаттығу. Берілген сөздерді пайдаланып, сөйлем құрап жазу. Етістіктерді тауып, оларға сұрақ қой. Дәлелдеу. 2 - топ. Қызыл түс. (Шығармашылық тапсырма).
3- жаттығу. Берілген сызбаға сәйкес сөйлем құрастырып жазу. _________ _________ ________ ойнап жүр. _________ _________ ________ жинап жатырмын. _________ _________ ________ жаттап отыр. 3 - топ. Көк түс. ( Шығармашылық диктант) Берілген мәтіндегі көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойып жазу. Жерге киіз төселген,... көрпе жайды. Оқып жүрсің...? Осы кезде Қуаныш... Қалекең келе қалды. Ерттеулі аттың қасына... тұр. Аттың тұяқтары тасқа тиіп шақ - шақ... тұр. Керекті сөздер: соң, бе, пен, келіп, етіп. Етістіктердің астын сызып, сұрақ қой.
Жұмбақты жатқа жаз.
Ине бел, қылқа мойын қара батыр,
Қара тауды арқалап бара жатыр. (Құмырсқа).
Етістіктердің қай жақта, қай шақта тұрғанын айта отырып, ұжыммен талдау.
Оқулықпен жұмыс: «Ой қозғау» әдісі. 1 - топ. Жасыл түс. (Жұптық жұмыс) 26 - жаттығу. Берілген сөздерді пайдаланып, сөйлем құрап жазу. Етістіктерді тауып, оларға сұрақ қой. Дәлелдеу. 2 - топ. Қызыл түс. (Шығармашылық тапсырма).
4- жаттығу. Берілген сызбаға сәйкес сөйлем құрастырып жазу. _________ _________ ________ ойнап жүр. _________ _________ ________ жинап жатырмын. _________ _________ ________ жаттап отыр. 3 - топ. Көк түс. ( Шығармашылық диктант) Берілген мәтіндегі көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойып жазу. Жерге киіз төселген,... көрпе жайды. Оқып жүрсің...? Осы кезде Қуаныш... Қалекең келе қалды. Ерттеулі аттың қасына... тұр. Аттың тұяқтары тасқа тиіп шақ - шақ... тұр. Керекті сөздер: соң, бе, пен, келіп, етіп. Етістіктердің астын сызып, сұрақ қой.
Сергіту сәті:
Шаршасаңдар, балалар,
Қолдарыңды созыңдар.
Саусақтармен ойнаңдар,
Қолдарыңды сермеңдер.
Денелерiң шынықсын,
Саналарың тынықсын
Бекіту, оқушылардың білімін бағалау.
VІ. Үйге тапсырма: 5- жаттығу 119 бет.
VІІ. Бағалау: Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды мадақтап, жеткен жетістіктерін айта отырып білімдерін бағалау.