Просмотр содержимого документа
«Урок по казахскому языку на тему "Етістік. Дара ж?не к?рделі етістік" »
Сабақтың тақырыбы: Етістік. Дара және күрделі етістік.
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың етістік туралы алған білімдерін пысықтау, әр түрлі тапсырмалар орындау. Сөйлем ішінен етістікті табу арқылы, сұрақ қоюға үйрету.
Сөз таптарын ажырата білу, ойлау қабілетін, тілін дамыту. Оқушылардың логикалық ойлау сезімін оятып, еңбексүйгіштікке, кішіпейілдікке, адамгершілікке тәрбиелеу.
Әдісі: сұрақ –жауап, өз бетінше жұмыс, шығармашылық тапсырмаларды орындату.
Көрнекілігі: сызбалар, суреттер.
Сабақтың барысы.
І.Ұйымдастыру бөлімі: Әр ұлттың амандасуы.
Қазақтар – қол алысады.
Итал я халықтары – құшақтасады.
Бразилия халықтары – 1-1-нің оң иығын қағады.
Зимбаба халықтары – арқасымен амандасады.
Македония халықтары – оң шынтақпен амандасады.
Никарагуа халықтары – оң иықпен амандасады.
Австралия халықтары – шапалақ ұрып, секіреді.
-Біз неге әр ұлттардың бір-бірімен қалай амандасатынын көрсеттік?
-Өйткені біздің мемлекет көп ұлтты мемлекет.
-Біз олармен тату-тәтті өмір сүріп жатырмыз.
Ақпыз,қара, сарымыз,
Ағайынбыз бәріміз, хормен
Ынтымағы жарасқан, тәуелсіздік еліміз.
Көңіл-күйлерің қалай? Жақсы
-Олай болса бәріміз орындарымызға жайғасып отырайық.
-Балалар, қандай ұлттық ойындарды білесіңдер?
-Көкпар, асық, 9 құмалақ, қыз қуу, аударыспақ
II. Үй тапсырмасы: «Орамал тастау» ойыны
Мен: - Етістік құрамына қарай нешеге бөлінеді? Етістіктің сұрақтары?
1-топ: Етістік дегеніміз не?
2-топ: Етістік қай сөз табымен байланысты?
3-топ: Күрделі етістік дегеніміз не?
4-топ: Дара етістік дегеніміз не?
III. Жаңа сабақ
Суреттен қандай іс-қимылыдарды көріп отырсыңдар?
Биледі, ұшты, сыйлады, ілді, ішті.
-Олар қандай сұраққа жауап береді?
-Ол қай сөз табының сұрақтары?
Олай, болса бүгінгі біздің сабағымызда дара және күрделі етістіктерді пысықтаймыз?
-Бүгінгі сабақта не істейміз?
Табыс критериі: үйренеміз, білеміз т.б
М: -Балалар, бізге қандай мереке жақындап келеді?
Наурыз мерекесі.
М:-Наурыз несімен ерекше?
М: Наурызда қандай тағам дайындаймыз?
-Оның құрамында не бар? 7 түрлі тағам бар
- Олай болса біз бүгін әртүрлі тапсырмалар орындай отыра, наурыз көже дайындаймыз.
-Қазір, дәптерімізді ашып, бүгінгі күнді жазамыз.
Топ басшыларын ортаға шақырамыз.
Таңдаған конверттеріңді алыңдар және сыртындағы тапсырманы дауыстап оқыңдар.
№1-тапсырмамыз: Терме диктанты
Сын есімдерді теріп жазады
Дара етістіктерді теріп жазады.
Күрделі етістіктерді теріп жазады
Зат есімдерді теріп жазады
Терме диктант
ашылды, қалың, оқып жүр, жылады, ыстық, жүгіріп жүр, гүлдеді, тәтті, еріді, ойнап отыр еді, кісінеді, сұр, барып келді, кеме, еріп жатыр, дуадақ, көл, балта, шаңғы, көгілдір.
НЕ ІСТЕДІК? Іздедік, Таптық, баяндадық
-Қазанға су құйып ет, тұз саламыз.
№2 тапсырма: Шығармашылық жұмыс
«Бидай» сөзінен 5 жол өлең құрастырамыз
«Бидай» сөзіне дыбыстық талдау жасаймыз
«Бидай» сөзіне 5 сөйлем құрастырыу
«Бидай» сипаттап жазады
НЕ ІСТЕДІК? бірлестік, баяндадық
-Қазанға бидай саламыз.
№3 тапсырма оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.