Просмотр содержимого документа
«урок на тему "М??а?али-м??гілік ??мыр" »
Алматы облысы,Ұйғыр ауданы,
Сұңқар орта мектебі бастауыш сынып
мұғалімі Г. Беласарова
Тақырыбы: Мұқағали-мәңгілік ғұмыр
Мақсаты: Ақынның өмірін, өлеңдерінің өзіндік табиғатын отаншылдыққа,сүйіспеншілікке, ақының парасатты поэзиясы арқылы адамгершілікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі:Ақынның портреті,интербелсенді тақта,үнтаспа,қанатты сөздер
Кіріспе сөз: Қуат алып Абайдың тіл-күшінен
Жыр жазамын Абайдың үлгісімен
Абай болып табынсам бір кісіге,
Абай болып түңілем бір кісіге-
деп , жырлаған ақиық таңғажайып ақын, қалың қазағының аяулы ұлына айналған- Мұқағали Мақатаев 1931 жылы Райымбек ауданы Қарасаз ауылында дүниеге келген. Көзі тірі болғанда биыл 84 жасқа толар еді.Жыл керуені жылжыған сайын Мұқағали Мақатаевтың артына қалдырған өшпес мұрасы жарық жұлдыздың қараңғы түн қойнауынан құпия сәулесін шашқандай жарқырай өркендей өсіп,айшықтала түсуде. Абай үндес Мұқағалидай перзенті бар халық-шынымен де бақытты халық.1-слайд
-Балалар бүгін тәрбие сағатымыз кімге арналады?
-Мұқағали Мақатаевқа!
-Мұғалім сөзі: Ендеше, ақын өлеңдеріне кезек берейік!
Әлібидің орындауында: «Арыз жазып кетейін» өлеңі
Мұғалім сөзі: Поэзия!Менімен егіз бе дің?
Сен мені сезесің бе, неге іздедім?
Алауыртқан таңдардан сен іздедім,-деп ол шынында да таңдардан, қарауытқан таулардан, түйсік алатын, бізге көрінбейтін сияқты бояулардан тоят алатын. Ол асқар Алатауға кең Сарыарқаны қоса құшақтауға құлаш ашқан еді .
Мұқағали-біздің замандағы таңғажайып ақындардың бірі.
-Ал енді ақынның өз дауысын тыңдайық. «Есіңе мені алғайсың» өлеңі 2-слайд, бейне баян
Мұғалім: кезекті оқушыларға берейін. Ақын өлеңдерінен үзінді тыңдаңыздар.
Мұғалім сөзі: Ақын поэзиясы- мезгілмен бірге жасайтын ескерткіш. Ол поэзияның туған мекені- ақынның жан дүниесі.Кезекті көрініске береміз.
Мұғалім сөзі: Мұқағали-лирик ақын. Өзі өскен Алатау Қарасазын сөздің барлық құдіретіне бөлеп кетті.
Кезекті оқушыларға берейік: өлең шумақтарын оқу
Мұғалім сөзі: Мұқағали Мақатаев- сегіз қырлы, бір сырлы болған адам. Көп жылғы еңбек жолдарын мектеп қабырғасында ұстаз болып жұмыс істеу қызметін атқарған.3-слайд
Жеке орындаудағы ән : «Ақ мамам»
Мұғалім сөзі: Ақынның өлең-жырларының басым көпшілігі: анасына, әкесіне, достарына, ару қыздарға арналған.Оқушылар орындауында өлеңдерге кезек берейік.
Мұғалім сөзі: Ақын есімі біздің есімізде мәңгіге қалады. Өзі өмірден өтсе ле, оның өлең-жырлары халқының есінде мәңгіге сақталады. 4-слайд (ақын тұрған жері ,туыстары туралы бейне баян)