Просмотр содержимого документа
«Урок казахского языка "Мазм?ндама "Екі дос"»
Сабақтың тақырыбы: Мазмұндама «Екі дос»
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік Мазмұндама ұғымын түсіндіру,,тіл дамыту мақсатында тапсырмалар орындау, мәтінмен жұмыс
2.Дамытушылық Ойлау,сөйлеу,пікірлесу,өз пікірін айта алу қабілеттерін дамыту
3.Тәрбиелілік Мұқият болуға, ұқыптылыққа баулу
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Әдіс-тәсілдері: пікірлесу,ой бөлісу
Пән-аралық байланыс : орыс тілі
Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру кезеңі:
-сәлемдесу
-сынып тазалығы
-кезекші жауабы
-оқушының назарын сабаққа аударту
1.Зат есім дегеніміз не?
2.Зат есімнің жалқы және жалпы түрлері туралы не білесің?
3.Кім деген сұраққа қандай сөздер жауап береді?
Обасы туралы әңгімелесу
Дос,достық ұғымдарын қалай түсінесің?
Сенің досың бар ма, ол қандай адам?
ІІ Мәтінмен жұмыс
Топқа бөліп алып мәтіндермен жұмыс жасатам
І топ Сұрақтар беріледі? Сұрақтарға жауап береді де реттеп мәтін қалпына келтіреді
ІІ топ Берілген мәтінді интерпретациялайды
ІІІ Мәтінді мәнерлеп оқып, сұрақтар дайындайды
І топ Мәтін
Олар нені ұнатады ?
Айгүл мен Назгүл нешінші сыныпта оқиды ?
Екеуі дос па?
Кімнің әкесі екеуін кітапханаға алып барды?
Олар нені жақсы көреді?
Олар сабаққа бірге дайындала ма?
ІІ топ Мәтін «Жақсылық » Жалғасын тауып жаз.
Қоян бір күні қатты ауырып қалды.Қасында көмектесер ешкімі жоқ.Шіркін, жанашыр біреу болса ғой деп армандады . «Осыдан жазылсам ,
онда барлық хайуандарды ,бір-бірімізге достасуға ,бір-бірімізге көметесіп жүруге шақырар едім », деп ойлады ол.
Біраз күннен кейін дертінен айыға бастады.Дегенмен ол бастапқы ойынан айнымады .
Шамасы келгенше айналасындағылардан достық көмегін аямады. Жылағанды жұбатты,құлағанды тұрғызды.Ал басқа аңдар қоянның бұл ісіне қарап, оны құрметтей бастады. Жақсылық жасасаң алғыс аласың.
ІІІ топ Мәтін «Құстар –біздің досымыз»
Жаздыгүні біздің жерімізде құстар көп болады.Далада бозторғай сайрайды. Бақта қараторғай ән салады. Қарлығаштар үй төңірегінде ұшып-қонып жүреді.
Олар бізге қандай пайда келтіреді?Міне мұны біреу білсе ,біреу білмейді.
Құрттар бау-бақшаға зиян келтіреді. Қоңыздар ағаштардың жапырақтарын жейді. Құстар бақшаларды ,бақтарды зиянды құрттардан қорғайды.
Қыстыгүні далада құстарға тамақ жоқ. Олар ашығады. Қыстыгүні құстарға жем беру керек.