kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Урок "??мырс?аны? ?ана?аты"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? ма?саты : Ертегіні т?сініп о?у ар?ылы мазм?нын ?мірмен байланыстыра отырып, негізгі идеясын ашу. Саба?ты? міндеті : 1. Ертегіні? мазм?нын т?сінеді. 2.?з ойын ж?йелі т?рде жеткізеді. 3 Ауызбірлікке, ?йымшылды??а ?йренеді. К?тілетін н?тиже 1) Ертегіні т?сініп о?у ар?ылы мазм?нын ?мірмен байланыстыра отырып, негізгі идеясын ашады 2)Кейіпкерді? іс-?рекетін д?лелдеуде ?з к?з?арасын к?ркем тілмен жеткізе алу?а да?дыланып, шы?армашылы? ?абілетін жетіледі. 3)Халы? ауыз ?дебиетіні? ?лгілерін пайдалана отырып, ?ана?атшыл бола отырып, жа?сы ?асиеттерді ?йренеді. Саба?ты? типі : жа?а білімді ме?герту Саба?ты? т?рі: аралас саба? Саба?ты? ?дісі: с?ра?-жауап, ой ?оз?ау,сын т?р?ысынан ойлау, бес жолды ?ле?, бір айналым с?йлесу. Саба?ты? ??ралы: интерактивті та?та, компьютер. Саба?ты? к?рнекілігі : на?ыл с?здер, м?тіндік тапсырмалар Саба?ты? барысы 1.?йымдастыру кезе?і Психологиялы? дайынды? ?айырлы к?н достым, ?айырлы к?н болсын. К?лші к?не достым Б?гінгі к?н міне С?ттілікке толсын. Т?рттік, бестік ба?алар К?нделікке толсын.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Урок "??мырс?аны? ?ана?аты" »

Жамбыл облысы, Талас ауданы ,Қаратау қаласы

А.Байтұрсынұлы атындағы гимназия

Бастауыш сынып мұғалімі Жаңабаева Салтанат Қалыбайқызы



Сабақтың тақырыбы : Құмырсқаның қанағаты

Сабақтың мақсаты : Ертегіні түсініп оқу арқылы мазмұнын өмірмен байланыстыра отырып, негізгі идеясын ашу.

Сабақтың міндеті : 1. Ертегінің мазмұнын түсінеді.

2.Өз ойын жүйелі түрде жеткізеді.

3 Ауызбірлікке, ұйымшылдыққа үйренеді.


Күтілетін нәтиже 1) Ертегіні түсініп оқу арқылы мазмұнын өмірмен байланыстыра отырып, негізгі идеясын ашады
2)Кейіпкердің іс-әрекетін дәлелдеуде өз көзқарасын көркем тілмен жеткізе алуға дағдыланып, шығармашылық қабілетін жетіледі.
3)Халық ауыз әдебиетінің үлгілерін пайдалана отырып, қанағатшыл бола отырып, жақсы қасиеттерді үйренеді.



Сабақтың типі : жаңа білімді меңгерту

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, ой қозғау,сын тұрғысынан ойлау, бес жолды өлең, бір айналым сөйлесу.

Сабақтың құралы: интерактивті тақта, компьютер.

Сабақтың көрнекілігі : нақыл сөздер, мәтіндік тапсырмалар

Сабақтың барысы

1.Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық

Қайырлы күн достым,

Қайырлы күн болсын.

Күлші кәне достым

Бүгінгі күн міне

Сәттілікке толсын.

Төрттік, бестік бағалар

Күнделікке толсын.



Мұғалімнің сөзі

Ұқыпты- ұтар

Іздеген табар

Оқыған озар

Еріншек- тозар

1-кезең

«Талап- талмас қанат»

Үй тапсырмасын сұрау

1.Қазақтың қандай салт- дәстүрі айтылды?

2. Салт- дәстүр дегеніміз не?

3. Тоқымқағар дегенді қалай түсінесің?

4.Тоқым дегеніміз не?

5 Тақым дегенді қалай түсінесің?

2- кезең

«Еңбек ширатады,

Өмір үйретеді». (Ойлан, ізден, тап)

Оқушыларға құмырсқа жайлы деректер жинап келу тапсырылған

Қосымша деректер

Құмырсқа– жарғаққанаттылар отрядының бір тұқымдасы. Құмырсқа Жер шарында кеңінен таралған. Оның илеуі де ем болады екен.

Балалардың қолқа безінің ісінуінде немесе басқа да ісіктерді асқындырмау үшін мына емді есте ұстаңыз. Таңертең ерте, күн шықпас бұрын құмырсқаның илеуінен алып, суға шымырлатып қайнатып алып, су әбден суыған соң илеуді шүберекке орап, ісінген орынға таңса ісікті қайтарады.

Жәндік шаққанда, ісікті, уытты қайтару үшін қара құмырсқа мен кәріқыз құртын қосып талқандап, суға езіп, ісінген немесе жараланған жерге таңса жара жазылады.

Аяққа жара шыққанда кептірілген қара құмырсқаны талқандап жараның аузына таңуға болады.. Құмырсқа– жарғаққанаттылар отрядының бір тұқымдасы. Құмырсқа Жер шарында кеңінен таралған. Денесі бас, көкірек және құрсақтан тұрады. Басы үлкен, жақтары жақсы жетілген, ауыз аппараты кеміргіш. Көкірек бөлімі жіңішке, онда үш жұп аяқтары жақсы жетілген құрсақ бөлімінде шаншары мен улы бездері жақсы дамыған. Құмырсқалар, көбіне топтанып арнайы илеу жасап, тіршілік етеді. Әрбір илеуде аталық, аналық, “жұмысшы” құмырсқалар болады. Олардың иіс, дәм сезуі өте жақсы жетілген. Құмырсқадан алынатын дәрілер буын ауруларын, қант диабетін емдеуде, қан қысымын реттеуде қолданылады. Оңтүстік Азия елдері, Мексика тұрғындары құмырсқаны тағам ретінде де пайдаланады.

 Құмырсқалардың адам денсаулығына пайдасын көп халықтар ерте кездерден-ақ білген. Аяғы ауыратындар кей жағдайларда құмырсқа илеуіне аяғын салып құмырсқаға шақтырған. Мысалы, Қытайда бұдан 5 мың жыл бұрын жазылған “Бың Цау Гаң Му” кітабында құмырсқаның қасиеті туралы қызықты деректер келтірілген. Құмырсқа денесінде 70-тен астам микроэлемент, 20-дан астам амин қышқылы, витаминдер бар. Қазіргі кезде Қытайда құмырсқадан аса бағалы азықтық, дәрілік қасиеті бар препараттар дайындалады. Құмырсқаларға жүргізілген зерттеулер нәтижесінде олардың жұқпалы аурулармен ауырмайтындығы анықталған. Құмырсқадан алынатын дәрілер буын ауруларын, қант диабетін емдеуде, қан қысымын реттеуде қолданылады. 

Әртүрлі тұқымдастарға жататын көптеген өсімдіктермен қоректенетін зиянкес жәндіктерді «көп қоректілер» деп атайды. Олардың ішінде ауыл шаруашылығы дақылдарына ең қауіптілері – шегірткелер, шекшектер. Тік қанатты насекомдар отрядының бір отряд тармағын құрайтын шегірткелердің Қазақстанда 200-ден астам түрлері кездеседі. Бірақ солардың ішінде оншақты түрі ғана қауіпті зиянкестер санатына жатады. 



Оқулықпен жұмыс

Әр топқа тапсырма беріледі

  1. Оқымыстының құмырсқа илеуіне тап болуы.

  2. Құмырсқаға сұрақтар қоюы.

  3. Бір жыл өткен соң

Тақырып бойынша әр топтан оқушы ортаға шығып түсіндіреді.

Рөлге бөліп оқу

Сергіту сәті.

Мынау менің- жүрегім,

Бәрі осыдан басталған.

Мынау- басым ақылды

Бәрін осы басқарған.

Мынау менің- оң қолым,

Мынау менің- сол қолым

Барлық істі атқарған.

3-кезең

«Ой ойласаң, терең ойла,

Алды, артын тең ойла» (Ұшқыр ой)

  1. Ертегі дегеніміз не?

  2. Оқымысты қандай кісі еді?

  3. Оқымысты қандай көріністің куәсі болды?

4-Кезең

«Қанағат қарын тойғызар» ( мағынаны түсіну)

Қанағат дегенді қалай түсінесің?

Қанағатшылдық арқылы адам жүрегіне Аллаға деген иман тұрақтайды. Алланың әр нәрсеге өлшем қойғанына шын жүрекпен сенген кісі қолында түк болмаса да, Алланың разылығы үшін барының бағасын біліп, қанағат тұтады. Демек қанағатшылдық  аса құнды қасиет. Бірақ қанағаттың жөні осы екен деп, әрнәрседен безіп кетуге де болмайды. Ендеше тұрмысы нашар кедейді қанағатшыл деп, ал ауқатты бай адамды жөнсіз қанағатсыз деп ойлау да үнемі дұрыс бола бермейді. Себебі кедейдің бәрі қанағатшыл, ал байдың бәрі ашкөз емес. Бай бола тұра қанағатшыл болуға болады. Сондай-ақ кедей бола тұра қанағатсыз болуы да мүмкін. Себебі қанағат ету ол жүректің амалы1.Ар азығы - қанағат.

1. Барға қанағат ет.

2.Қанағат қарын тойғызар,

3.Қанағатсыз жалғыз атын сойғызар.

 4.Қанағатсыздың көзі үлкен, ақылсыздың сөзі үлкен.

5. Қанағатсыз жан пілге оқталған жалын.

 6.Тойсаң тоба қыл.

7. Тойсаң тобаңнан жаңылма.

 8.Тізеден суға, белден тоба.

9. Ынсап сайын береке. 

10.Барымен базар.

11. Елің жүрсін есіңде - мал мен баққа есірме,

Мал мен баққа есірсең - кез боларсың кесірге.

12. Өлгеніңше - тою жоқ, түңілмей - ырза болу жоқ.

13. Қолдағыға қанағат-шүкір қылмасаң,

Болады бар да - арманда, жоқ та - арманда.

14.Қайран менің өз үйім - кең сарайдай боз үйім.

5-Кезең

«Қайырымды бол халқыңа,

Жақсылық жерде қалмайды». (Ой жинақтау)

1.Басқа қандай мәтіндерді оқыдыңдар?

2.Ертегіден не түйдің?

Шығармашылық тапсырма

1 топ «Құмырсқа» сөзінен сөз шығару

Құм, қыр т.с.с
2 топ «Бес жолды өлең» құрастыру

Зат есім құмырсқа

Сын есім ақылды, күшті

Етістік жинады, өрмеледі

Сөйлем құмырсқа илеуін салды.

Мәндес сөз жәндік

3- топ «Құмырсқа» топтастыру

Қанағатшыл,ақылды,иісшіл,ұйымшыл,пайдалы,еңбекқор
Қорытынды

Біз қандай кезеңдерден өттік?

Ия біз ұлы Абай атамыздың асыл қасиеттерінен тұратын кезеңдерден тұратын тапсырмаларды орындап шықтық

«Ғылым таппай мақтанба» өлеңін жатқа айту.

Мұғалімнің сөзі

«Асыл сөз көп халықта іле жүрер құлаққа,

Ізденген жетер мұратқа ізденуден жалықпа».

Сабақты аяқтау. Бағалау

«Кері байланыс» парағын толтыру


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 1 класс

Скачать
Урок "??мырс?аны? ?ана?аты"

Автор: Жа?абаева Салтанат ?алыбай?ызы

Дата: 31.05.2015

Номер свидетельства: 216602


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства