kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?нді — будда м?дениеті.

Нажмите, чтобы узнать подробности

 

Жер шарында?ы ?асиетті де, ??діретті м?дениеттерді? бірі — ?нді мемлекетінде ?алыптасып ?ркендеген ?нді-будда м?дениеті. ?нді еліні? ?асырлар бой?ы м?дени д?ст?рлері оны? талантты хал?ыны? діни сана-сезіміні? ?алыптасып, дамуымен ты?ыз байланысты болды.Б.з.б. VI ?асырда ?нді елінде, кейіннен д?ниеж?зілік дінге айнал?ан, будда діні ?алыптаса бастады. Оны? негізін ?алаушы ханзада, кшатрийлер варнасына жататын Будда болды. Оны? шын аты — Сиддахартха, ал оны? анасы ?йел патша Майя еді. ?лы ханым Майяны? шапа?аты жер ж?зіне тарады, оны? ж?регіні? тазалы?ы, ?з-?зіне сенімділігі, парасаттылы?ы мен салма?тылы?ы, б?л ?асиетті ананы? ?адір-?асиетін арттыра т?сті. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?нді — будда м?дениеті. »

«Мемлекеттік тілде оқытатын

Заречный орта мектебі»









Дайындаған: Байкасынова Балауса Кикбаевна





2014 оқу жылы

Үнді — будда мәдениеті.

Жер шарындағы қасиетті де, құдіретті мәдениеттердің бірі — Үнді мемлекетінде қалыптасып өркендеген үнді-будда мәдениеті. Үнді елінің ғасырлар бойғы мәдени дәстүрлері оның талантты халқының діни сана-сезімінің қалыптасып, дамуымен тығыз байланысты болды.Б.з.б. VI ғасырда үнді елінде, кейіннен дүниежүзілік дінге айналған, будда діні қалыптаса бастады. Оның негізін қалаушы ханзада, кшатрийлер варнасына жататын Будда болды. Оның шын аты — Сиддахартха, ал оның анасы әйел патша Майя еді. Ұлы ханым Майяның шапағаты жер жүзіне тарады, оның жүрегінің тазалығы, өз-өзіне сенімділігі, парасаттылығы мен салмақтылығы, бұл қасиетті ананың қадір-қасиетін арттыра түсті.

Будда өзінің діни уағыздарында брахманизмді де, джайнизмді де сынға алады. Брахманизмдегі байлық пен сән-салтанатты өмірге бойүрушылық, ал джайнизмдегі аскетизм Будданы қана- ғаттандырмады, сондықтан да ол орталық межені қалап алады. Ол өзінің негізгі діни көзқарастарын «Бенерес уағыздары» атты еңбегінде жүйелі түрде баяндап берді.

Онда былай делінген: «Рухани тіршілігі таза адам бүл өмірде екі нәрседен арасын аулақ салу керек. Оның біріншісі — сауық-сайран мен думанды қызыққа толы өмір, бүл адамның рухына қарама-қайшы келетін бейшаралық, өткінші өмір, ал екіншісі — ерікті түрде қалап алынған азапты, қатыгез өмір, бүл өмір де мөнсіз, мағынасыз. Рухани дүниесі бай адамдар өмірдің аталған екі жағынан да өздерін алшақ үстағандары жөн. Ең бастысы, адамдар танымға, білімге бастайтын, олардың ақыл-ой өрісін кеңітетін дүрыс жолға түсулері кажет» .

Бұл жол тармақтары көп сегіз салалы жол.

Олар: адал сенім, әділ шешім, шындық сөз, шындық өмір, шыншыл ұмтылыс, шындықпен еске алу және адамның өз бойындағы қасиеттерін үнемі байыту болып табылады. Буддизм бойынша, өмірдің азаптары жайындағы қасиетті шындық мынандай:

өмірге келу — азап,

қартаю — азап,

жүрегің қаламайтын адаммен қосылу — азап,

жақсы көрген адамыңнан айрылысу — азап,

көздеген мақсатыңа жете алмау — азап.

Ал аталған осы азаптардан құтылудың басты жолы — сегіз салалы қасиетті өмір жолын тандап алу.
Будда ілімі адам бойындағы ізгілік, адамгершілік қасиеттерді одан әрі дамытуды насихаттайды. Онда былай делінген: «Бұл дүниеде өшпенділікті өшпенділікпен жеңуге болмайды, адам ашу-ызасын ақылға жеңдіріп, зұлымдықты қайырымдылықпен ауыздықтауы қажет. Ұрыста мың адамды жеңіп шығуға болады, ал нағыз жеңіс адамның өзін-өзі жеңіп шығуы болып табылады».

















Үнді халқының киім үлгілерінен көрініс

Үнді қыздарының киім үлгісі



Үнді халқының ер азаматтарының киім үлгісі

Үндістан

Үндістан - Оңтүстік Азияда Үндістан түбегінде орналасқан мемлекет. Үндістан – өзінің аса бай мәдениетімен және ежелгі өркениетімен әйгілі ел.

Ол – терең тамырлы философияның, мол өзіндік ізгі рухани мұраның, сыры да, сыны да сақталған әдет-ғұрыптар мен дәстүрдің, жер-жаһанға әйгілі махаббат күмбезі Тәж-Махал, Лотосхрам сынды сәулеттік жауһарлардың, терең қайнарлы би мен саздың, ғажайып үнді киносы мен жұпар иісті үнді шайының елі.

Ол – “барлық халықтардың жүрегін біртұтас өмірдің ырғағында тоғыстырған” (Үндістанның “Халықтың жан жүрегі” мемлекеттік Әнұранынан) әр түрліліктегі бірлестіктің үлгісі.

Үндістан, Үндістан Республикасы — Үнді мұхиты алабында, Гималай тауларынан оңтүстікке қарай Оңтүстік, Оңтүстік-Батыс Азия елдерін Еуропа және Африкамен байланыстыратын маңызды теңіз және әуе жолдарының торабында жатыр. Батыс жағалаулары Араб теңізінің, шығыс жағалаулары Бенгал шығанағының суларымен қоршалған. Аумағы 3,3 млн. км² (Лаккадив, Андаман және Никобар аралдарын қоса есептегенде).

Астанасы — Дели (Нью-Дели) қаласы. Халқы 1 млрд. 33 млн. (2001), оның 72%-ы шығу тегі жағынан үнді-арийлер, 25%-ы дравидтер (негізінен оңтүстікте тұрады), 3%-ы — моңғол тектестер. Халқының 9/10 бөлігін ірі ұлттар: хиндустандықтар(31%-дай), бихарлықтар, бенгалдықтар, телугулар, маратхилер, тамильдер, гуджараттар, малаялилер, каннара, ориялар, пенджабдықтар, раджастхандар, ассамдықтар, кашмирліктер, т.б. құрайды.































Үнді халқының би өнерінен көрініс













Ас адамның арқауы

Үнді халқының ас мәзірінен көрініс










Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
?нді — будда м?дениеті.

Автор: Байкасынова Балауса Кикбаевна

Дата: 09.09.2015

Номер свидетельства: 229665


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства