kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?лкенге - ??рмет, кішіге - ізет (?зін-?зі тану)

Нажмите, чтобы узнать подробности

Б?л - ?зін-?зі тану п?ні бойынша жасал?ан саба? жоспары. Б?л саба? жоспарын к?нделікті ж?мыс барысында ?олдану?а болады. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?лкенге - ??рмет, кішіге - ізет (?зін-?зі тану)»

Өзін-өзі тану сабағының жоспары


Мектеп: Қарағанды қаласы, №82 ЖББОМ

Күні: 31.10.2015

№9

Тақырыбы: Үлкенге – құрмет, кішіге – ізет

Құндылық: Дұрыс әрекет

Қасиеттер: Үлкендерді сыйлау, тілалғыш болу, кішілерге қамқорлық көрсету.

Мұғалім: Оракбаева Маржан Куандыковна

Сынып: 2 «А»

Оқушылар саны: 25


Сабақтың мақсаты: оқушылардың сыйластық пен қамқорлық туралы түсініктерін кеңейту арқылы дұрыс әрекет жасай білуге дағдыландыру.

Сабақтың міндеттері:,

1. Білімділік: құрмет, ізет туралы түсінік беру, үлкендер мен кішілер арасындағы сыйластықты түсіндіру.

2. Дамытушылық: сыйластықты қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту.

3. Тәрбиелік: үлкенді құрметтеуге, кішіге қамқор болуға тәрбиелеу.

Ресурстар: бейнежазба, себет пен гүлдер.


Сабақ барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңi (оқушыларды сабаққа дайындау, оқулық, дәптерлерін алу)

Сабақтағы жағымды күйге келу. Нұрға бөлену.

Сұрақтар:

1. Жаттығу қалай әсер етті?

2. Не себепті?

3. Жағымды күйге келе алдық па?


Қорытынды: Олай болса, осындай жағымды күймен бүгінгі сабағымызды бастайық.

Ескертулер

2. Үй тапсырмасын тексеру.

Рақмет, ата!

Баламның амандығын біліп, немеремді иіскеп қайтайын деп үйден шықтым. Мен өтетін жолдың қиылысында төрт-бес жасар шамасындағы қыз тұрды.

Қасына келіп:

- Бұл жерде неғып тұрсың? – дедім.

- Сізді күтіп тұрмын. Үлкен кісінің алдын кесіп өтуге болмайды ғой.

- Ой, айналып кетейін, көп жаса! Атың кім?

- Гүлнар.

- Кімнің баласысың?

- Әжемнің баласымын.

Немереме алып шыққан құрт, ірімшігім бар болатын. Соларды Гүлнарға бердім.

- Үйде кішкентай Сая бар. Соған беремін. Рақмет, ата! деп жүзіме қуана қарады. Кіп-кішкентай Гүлнардың тәрбиелі, тәртіптілігіне риза болып қоштастым.


Сұрақтар:

1. Әңгімеде кімдер жайлы айтылған?

2. Гүлнардың бойынан қандай қасиеттерді көрдік?

3. Гүлнардың үлкенді сыйлайтынын, кішіге қамқоршы екенін қандай іс-әрекеттерінен аңғаруға болады?

4. Сендер өз жақын адамдарыңа, достарыңа қандай құрмет көрсетесіңдер?


Қорытынды: Олай болса, сыйластық отбасынан басталады. Сондықтан әрдайым жақын адамдарымызға, достарымызға құрметпен қарап, өзімізді ғана емес, өзгелерді де сыйлап үйренуіміз керек.



3. Жағымды ой-пікір (дәйексөз)

«Өзгеге жасаған ізетің – өзіңе жасаған құрметің» (халық даналығы)

Оқушыларға дәйексөздің мағынасын түсіндіру:

- Құрмет – үлкен адамға көрсетілетін сыйластықты қарым-қатынас. Ізет – үлкендердің кішілерге көрсететін сыйластықты қарым-қатынасы. Үлкендер кішілерге ізет көрсетсе, ал кішілер үлкендерді құрметтесе, адамдар арасында өзара сыйластық болады. Егер сен басқа біреуді сыйласаң, ертең сені де сыйлайды. Сондықтан жастайыңнан үлкенді құрметтеуді, үлкен болғанда кішіге ізет жасауды білсең, өмір бойы сыйлы болып өтесің.


Сұрақтар:

1. Үлкен адамдарға қалай құрмет көрсетеміз?

2. Кішілерге қалай қамқорлық жасаймыз?

3. Өзара сыйластық дегенді қалай түсінесің?


Қорытынды: Олай болса, әрқашан да үлкен адамдарға құрмет көрсетіп, кішілерге үнемі қамқорлық жасап жүрейік. Сонда ғана біз өзара сыйластыққа ие боламыз.

Оқушыларға жаттату (2-3 оқушыдан сұрау, хормен айту)


4. Мұғалімнің сыйы.

Оқушыларға «Үлкенге – құрмет, кішіге – ізет» атты әлеуметтік бейнежазбаны көрсету.


Сұрақтар:

1. Оқиға қайда болған?

2. Бейнежазбадан не байқадыңдар?

3. Қоғамдық көліктерде үлкендерге қалай құрмет көрсетеміз?

4. Сендердің автобуста үлкен адамдарға құрмет көрсеткен кездерің болды ма?


Қорытынды: Олай болса, қоғамдық жерлерде, көшеде үлкендерге құрмет көрсетіп, сыйластық танытайық. Үлкейген шағымызда құрметке бөленгіміз келсе, кейінгілер өзімізді сыйласын десек, әуелі өзіміз үлгі бола білейік.


5. Шығармашылық жұмыс.

1. Ойын-жаттығу «Құрмет – ізет».

Ойын барысы: мұғалім тақтаға «Құрмет», «Ізет» деген жазуы бар екі себетті іліп, оқушыларға гүлдерді таратып береді. Гүлдердің екінші жағында құрмет пен ізетті білдіретін сөздер жазылған. Оқушылар сөздерді кезек бойынша дауыстап оқып, тиісті себетке орналастырады. Гүлге жазылған сөздер: өтіңіз, рақмет сізге, отырыңыз, ала ғой, кешіріңіз, тыңдай ғой, сау болыңыз, кел көмектесейін, сәлеметсіз бе, тілалғыш бол.

2. Дәптермен жұмыс. «Менің айтар ақылым» ақыл хат жазу.


Сұрақтар:

1. Үлкен адамдарға құрмет көрсету үшін қандай сөздер айтамыз?

2. Ал ізеттілік таныту үшін ше?

3. Тілалғыш дегенді қалай түсінесіңдер?


Қорытынды: Балалар, әрдайым бір-бірлеріңе жылы-жылы сөздер айтып, өзгелерге сыйластықпен қараңдар. Сонда ғана айналадағы адамдар да сендерге сондай көзқараспен қарайды. Сонымен қатар, біз адамдарға ғана емес, табиғатқа да, жан-жануарларға да, өсімдіктерге де құрметпен қарауымыз керек. Өйткені, біз де табиғаттың бір бөлшегіміз. Олай болса, әрдайым бір-бірімізді құрметтеп, аялап, тек дұрыс әрекетке барайық.


6. Топпен ән айту.

«Мен әдепті баламын»

Сөзі: У.Бекетов

Әні: И.Нүсіпбаев


1. Мені үлкендер әдепті деп мақтайды,

Мінезімнен теріс қылық таппайды.

Ал егер сен жалқау болсаң тілазар,

Ондай әдет жақсылыққа жатпайды.



Қайырмасы:

Айтқан тілді аламын,

Айтқан жерге барамын,

Мен әдепті баламын,

Е-ей!



2. Қарсы алдынан кесіп өтпей көлденең,

Қашанда мен үлкендерге жол берем.

Абайсызда қалса біреу сүрініп,

Сол заматта сүйеніш боп қол берем.


3. Тілін алам көшемізде кәрінің,

Көңілінен шығып жүрем бәрінің.

Ата-анамның сөзін ұғып тыңдауды,

Әдептілік белгісі деп таныдым.


Сұрақтар:

1. Әннің мазмұнында қандай қасиеттер айтылған?

2. Осы қасиеттер сендердің бойларыңда кездесе ме?


Қорытынды: Әнде айтылған әдептілік, сыйластық, қамқорлық, тілалғыштық сияқты қасиеттерді бойымызда сақтап, дұрыс әрекет жасауға дағдыланайық.


7. Үй тапсырмасы.

Келесі сабақтағы «Арман мен әжей» туралы әңгімені мазмұндап келу, дәптерден 12-беттегі 2-тапсырманы орындау.


8. Сабақтың қорытынды сәті. (Баяу әуен қою)

Ал, балалар, қолымызды, аяғымызды айқастырмай, арқамызды тік ұстап, терең демалайық. Көзімізді жұмамыз.

Бүгінгі өткен сабағымызды ой елегінен өткізейік. Тек жақсы нәрселер ойлауға тырысыңдар. Сабақта айтылған құндылықтар мен қасиеттерді еске түсірейік: дұрыс әрекет, үлкендерді сыйлау, тілалғыш болу, кішілерге қамқорлық көрсету. Айналамыз жақсылыққа, сыйластыққа толы болсын. Енді жай-жайлап көздеріңді ашсаңдар болады. Осымен сабағымыз аяқталды, сау болыңдар!




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 2 класс

Скачать
?лкенге - ??рмет, кішіге - ізет (?зін-?зі тану)

Автор: Оракбаева Маржан Куандыковна

Дата: 31.05.2016

Номер свидетельства: 331706


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства