Просмотр содержимого документа
«?стаз - ?ла?атты есім. »
Ақтөбе облысы
Мұғалжар ауданы
Қандыағаш қаласы
№4 отра мектебінің
бастауыш класс мұғалімі
Сейтжапарова Гүлдаурен Түгелбайқызы
Пәні: Дүниетану Сабақтың тақырыбы: Ұстаз. Сабақтың мақсаты: Ұстаз туралы түсінік беру. Тақырып мазмұнының өз сөзімен жүйелі баяндауға дағдыландыру. Оқушылардың ақыл - ойын, байқағыштық қабілеттерін, есте сақтауын, қиялын, тіл байлығын, сөздік қорын дамыту. Оқушыларды отбасын құрмет тұтуға, қамқорлық жасауға, әдептілікке, ұқыптылыққа, жаман қасиеттерден аулақ болуға тәрбиелеу. Әдіс – тәсілдері: Хабарлау, сұрақ – жауап, түсіндіру, салыстыру, әңгімелеу баяндау, талдау. Сабақтың түрі: Аралас сабақ Көрнекілігі: Суреттер, мәтелдер. Сабақ барысы Ұйымдастыру кезеңі - оқушылардың назарларын сабаққа аудару. Үй жұмысын сұрау. «Мектеп. Мектептегі білім күні» тақырыбы бойынша түсініктерін сұрау. Үй жұмысын бекіту. 1. Білім күні бірінші сынып оқушыларын мектепке кім ертіп кіреді? 2. Мұғалім балаларға не туралы айтады? 3. Оқушылар не туралы әңгімелейді? 4. Өз мектебің туралы айт. Ол қандай? 5. Сенің мектебіңде қандай кабинеттер бар? Ребус шешу. Жауабы: Ұстаз
Жаңа сабақты түсіндіру. Барлық үлкендер өзінің ең алғашқы ұстазын есте тұтады. Мектепке барған бірінші күнін ұмытпайды. Әр адам қай партада отырғанын, сабақта қалай жауап бергенін, кіммен достасып, кіммен ренжіскенін де есінде сақтайды. Кез келген адам алғашқы ұстазына алғысын білдіреді. Өйткені ұстаз сені қолыңнан жетектеп, білім әлеміне алып барады. Ол оқуға, жазуға, есептеуге үйретеді. Мұғалім сенің оқудағы жетістіктеріңе қуанып, сәтсіздіктеріңе қамығады. Егер сен сабақта жақсы жауап берсең, қуанып, жақсы баға қояды. Егер сен сабаққа дайындалмай келсең, ол қынжылады, жіберген кемшілігіңді жөндеуге көмектеседі. Мұғалім – қашанда көмектесуге дайын тұратын және дұрыс жол сілтейтін досың. Ол өзінің оқушыларына қамқорлық жасайды. Оны түсінетін оқушылар жақсы оқуға, себепсіз сабақ жібермеуге тырысады. Олар мұғаліммен ақылдасып отырады, ашық пікірлеседі, оның жұмысына жәрдемдеседі. Оқулықпен жұмыс. - Тақырыпты дауыстап, тізбектей оқу; - Өлеңді мәнерлеп оқу Сабақты бекіту. 1. Неліктен барлық адамдар алғашқы ұстазын есінде сақтайды? 2. Өз мұғалімің саған несімен ұнайды? Үйге тапсырма. 114 – 115 бет оқып, түсінік айту.