kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?рпа??а ?ран бол?ан ?лы Же?іс!

Нажмите, чтобы узнать подробности

                                       ?рпа??а ?ран бол?ан ?лы Же?іс!

Ма?саты: 1941-1945 жыл?ы ?лы отан со?ысында  неміс бас?ыншыларын тал?андауда ?аза?стан хал?ыны? майданда ж?не тылда к?рсеткен ерен ерлігін паш ету, жас ?рпа?ты отанс?йгіштікке, елжандылы??а т?рбиелеу.

К?рнекілігі: 9 мамыр –Же?іс к?ні плакат, ?лы Отан со?ысыны? батырлары, шарлар.

Барысы:

М??алім: ?мір ?зі мінбесінен с?з берді,

Тебіреніп тол?анатын кез келді.

?ан т?гісті к?рсек те  кешегі,

Айтамыз біз естігенді, сезгенді  деп  биыл ?лы Отан со?ысыны? ая?тал?анына 70 жыл толып отыр. Осы  70 жылды??а арнал?ан «?рпа??а ?ран бол?ан ?лы Же?іс!» атты т?рбие са?атымызды бастаймыз. Радиодан: 1941 жылы 22 маусым к?ні фашистік Германия Ке?ес Ода?ына опасызды?пен шабуыл жасады. Ке?ес Ода?ына ?лы Отан со?ысы басталды.

Отан со?ысыны? ал?аш?ы к?ндерінен бастап-а? ?атарында мы?да?ан ?аза?станды?тар шай?ас?ан Ке?ес жауынгерлері барлы? майдандарда фашистік бас?ыншылар?а ?арсы кескілескен ?рыс ж?ргізілді. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?рпа??а ?ран бол?ан ?лы Же?іс!»

Ұрпаққа ұран болған Ұлы Жеңіс!

Мақсаты: 1941-1945 жылғы Ұлы отан соғысында неміс басқыншыларын талқандауда Қазақстан халқының майданда және тылда көрсеткен ерен ерлігін паш ету, жас ұрпақты отансүйгіштікке, елжандылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: 9 мамыр –Жеңіс күні плакат, Ұлы Отан соғысының батырлары, шарлар.

Барысы:

Мұғалім: Өмір өзі мінбесінен сөз берді,

Тебіреніп толғанатын кез келді.

Қан төгісті көрсек те кешегі,

Айтамыз біз естігенді, сезгенді деп биыл Ұлы Отан соғысының аяқталғанына 70 жыл толып отыр. Осы 70 жылдыққа арналған «Ұрпаққа ұран болған Ұлы Жеңіс!» атты тәрбие сағатымызды бастаймыз. Радиодан: 1941 жылы 22 маусым күні фашистік Германия Кеңес Одағына опасыздықпен шабуыл жасады. Кеңес Одағына Ұлы Отан соғысы басталды.

Отан соғысының алғашқы күндерінен бастап-ақ қатарында мыңдаған қазақстандықтар шайқасқан Кеңес жауынгерлері барлық майдандарда фашистік басқыншыларға қарсы кескілескен ұрыс жүргізілді.

Мәскеу түбінде генерал-майор И.В Панфилов қолбасшылық еткен даңқты 316 атқыштар дивизиясы ерлікпен шайқасты.Мәскеу үшін болған шайқастарды еске ала келіп, Ұлы Отан соғысының аты аңызға айналған қаһарманы Б.Момышұлы былай деп жазды: “Біздің жүрегіміз темір емес, бірақ біздің кек отымыз қандай темірді болса да ерітіп, күйдіріп жібере алады...Біздің үрейді жеңетін қаруымыз бар,

ол – Отанға деген сүйіспеншілік”.

Дастан: Бұлт түңеріп аспаннан ,

Талай көзден жас тамған.

Тұтқиылдан жау тиіп,

Қырғын соғыс басталған.

Аяла:Соғыс жалмап аға, іні- бауырды,

Зар жылатты тыныш жатқан ауылды.

Жалғызынан айырыпты ананы,

Әкесінен айырыпты баланы.

Нұрәли: Екі дүние айқасты ,

Майдандасқан алаңда .

Фашистерді шайқаста ,

Езгіледі табанда.

Мұғалім:  ДЕРЕК ПЕН ДӘЙЕК
Соғыс жылдары Қазақстаннан 1196164 адам қару асынып, майданға аттанды. Ал еңбек армиясына

700 мың адам жіберілді. Сонда барлығы 1 миллион 900 мыңдай адам Отан үшін сапқа тұрды.
 Соғыс кезінде Қазақстан жерінде 12 атқыштар дивизиясы мен 4 ұлттық атты әскер дивизиясы, 7 атқыштар бригадасы, әскер түрлерінің 50-ге жуық полктері мен батальондары құрылып, майданға аттанды.Ал 1075- атқыштар полкының аға лейтенанты Бауыржан Момышұлы басқарған 2-батальон 3 рет қоршауда қалып, 3 ретінде де жау құрсауын бұзып шықты. Ұлы Отан соғысы кезінде 500-ден астам қазақстандық Кеңес Одағының батыры атанды.
Жеңісте қазақстандықтардың үлесі зор болды. Фашистік Германия Кеңес Одағының астанасы – Мәскеуді бірнеше апта ішінде басып аламыз деп жоспарлады. Бірақ Мәскеу түбіндегі шайқаста Қызыл армия ентелеп келе жатқан фашист басқыншыларын тоқтатып, өздері қарсы шабуылға шықты. Бұл жеңісте қазақстандықтардың үлесі зор болды. Фашистік Германия Кеңес Одағының астанасы – Мәскеуді бірнеше апта ішінде басып аламыз деп жоспарлады. Бірақ Мәскеу түбіндегі шайқаста Қызыл армия ентелеп келе жатқан фашист басқыншыларын тоқтатып, өздері қарсы шабуылға шықты.

Слайд

Жеңіс жеңілдікпен келген жоқ. 1418 күнге созылған бұл қатерлі айқастағы халқымыздың жанқияр ерлігі мен жеңіс тарихын ешкім де, ешқашан да ұмытпақ емес. Соғыс өрті қашан да халық есінде. Ендеше, соғыс даласында хабар-ошарсыз кеткен, қаза тапқан ер-азаматтарды бір сәт үнсіз еске

алайық!

1 минут үнсіздік жариялау. ( минута молч.)

Ұлы Жеңіске ат салысуда тылдағы еңбекте апаларымыз бен аналарымыз әкелерімізден кем түскен жоқ. Уақытпен санаспай , ыстыққа күйіп, суыққа тоңа жүріп Ұлы Жеңіске өз үлестерін қосқан еді. Жауға атылған үш оқтың екеуі Қазақстанда жасалғанды.

Ән. «Ана туралы баллада »

Осы ұлы Отан соғысына қатысқан қандай батыр аға, апаларымызды білесіңдер ?

(Оқушылар әрқайсысы бір батыр туралы айтып шығады.) Ұлы Отан соғысының отты жылдарында біздің жерлестеріміз де өшпес даңққа ие болды. 46 семейліктер Кеңес Одағының батыр атағын алып, 30 мыңдай адам жауынгерлік ордендер мен медальдармен наградталды. Шұбартау өңірінен 176 жауынгер оралды. Оларға арналған Панфилов алаңында мәрмәрден орнатылған ескерткіштер бар.
Міне, осынау елімізге лаң салған алапаттың аяқталғанына 70 жыл толып отыр.

Олай болса өзіміздің ауылымыздан да сол соғысқа қатысқан жерлес соғыс ардагерлерімізбен таныс болайық .Қосымша Қоңырбаев Нұртай, Абимулдин Тоқтасын т.б )Тыл еңбеккерлері де бар. Слайд.

Мұғалім: Екі рет Кеңес Одағының Батыры атағына ие болған 4 қазақстандық ұшқыштар:

Талғат Бигельдинов , Леонид Беда , Иван Павлов ,Сергей Луганский

Үш рет Кеңес Одағының Батыры атағына ие болған И. Кожедуб.

Тоғжан: Мәншүк апай – батыр қыз,

Ардақтаймыз атын біз!

Ұқсап Мәншүк апайға ,

Өсіп келе жатырмыз.

Алуа: Әлияны бұл күнде барлық бала біледі,

Әлия аты көңілде. Әпкеміз деп жүреді.

Атын аңыз, жыр қылып , елдің батыр түлегі,

Әр жүректе тұр күліп Әлия атты батыр қыз.

Жанель: Туған жер, өскен орта , байтақ дала,

Махаббат , ыстық жүрек құмарлана.

Сүйеді Төлегендей жас баласын

Баулыған батырлыққа Отан –ана!

Мадина: Қалды артта қан төгіс ,

Қиындық кешу де .

Бірақ та сұм соғыс,

Әркімнің есіңде.

Алина: Отты жыл бедері ,

Ескерткіш құлып тас .

Соғыстың зардабын ,

Ешкім де ұмытпас.

Мұғалім: Сүйінші елім, сүйінші!
Арылтып жаудан жерімді.
Табанға жаншып өлімді,
Жеңіспен желпіп өмірді.
Оралды ерлер көңілді,
Десеңдер бұл қай күні?
9 май күні.
Олар Отанымыздың байтақ жерін қорғады .Өз туған халқының өнерін қорғады.Ақ сүт берген анасын қорғады, ақ самал ескен даласын қорғады.Пәк жүзді баласын қорғады.

Алуа: Атайлардан , ағайлардан , інімнен,

«Жеңіс» сөзін көп естідім бүгін мен.

Сәл күбірлеп «Жеңіс!» , «Жеңіс!» -деп еді.

Жазылғандай әжем белі бүгілген.

Жадыраңқы бүгін қабақ ашылған,

Жаса , Жеңіс,мұң-қайғыны қашырған!

Мен шаттықты көріп тұрмын Жеңісті.

Жанарлардан алтын шуақ шашылған.

Жанель: Жеңіс келді далама,

Жеңіс келді қалама.

Жеңіс келді әке боп,

Елдегі бар балаға.

Аяла: Жеңіс келді ән болып,

Келді ауылға сән көрік.

Жеңіс келді, алақай,

Тойып жейтін нан болып.

Дастан: Жас ұрпақ тілегі,

Бейбіт күн асқары.

Ашық боп тұрсын де,

Әлемнің аспаны!

Ән: « Ақ көгершін »

Мұғалім: Ер есімі ел есінде. Кір жуып, кіндік кескен жері үшін, аялап, әлпештеп өсірген елі үшін, жанған отқа түсіп, жалын кешкен, ер-азаматтар естен шықпайды. Олар тарихта өшпес із қалдырды. Халқымыздың аталы сөздерімен қарулана отырып елбасымыз Н.Ә НАЗАРБАЕВ Қазақстан халқына жолдаған «Нұрлы жол- болашаққа бастар жол» атты жолдауы егемендіктің кілтін ұстар жарқын болашаққа апаратын алтын сөрлеу деді. Осы сүрлеумен барар жолда егемен еліміздің шоқтығын биіктете беру үшін біз де тер төгіп, еңбек етуіміз керек. Аға ұрпақтың жүріп өткен даңғыл жолын жалғастырушы – келешек ұрпақ! Осымен Ұлы Жеңістің 70 жылғына арналған тәрбие сағатымыз аяқталды.





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
?рпа??а ?ран бол?ан ?лы Же?іс!

Автор: Сагадиева Бинур Назатхановна

Дата: 02.03.2016

Номер свидетельства: 301363


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства