Көрнекі құралдар: Желтоқсан оқиғасының құрбандарының суреттері.
Пән аралық байланыс: ана тілі, дүниетану.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. (Психологиялық дайындық)
Мынау менің жүрегім,
Елімді мен сүйемін.
Жақсылыққа жақын боп,
Әрдайым күліп жүремін.
ІІ. Жаңа сабақ.
«Отан – оттан да ыстық» дейді халқымыз. Егер сол Отанның оты маздап жанып, ешкімге тәуелсіз болса, мақтаныш оты, алауы маздайды. Біздің туған өлкеміз – кең байтақ Қазақстан. Оның асқар таулары мен айдын көлдері, жайқалған орманы мен жасыл жайлауы біздің ақ бесігіміз. Сондықтан да біз оны ардақтаймыз, шексіз сүйеміз. Әрқашан аялап, қорғап жүреміз. (суреттер көрсетіліп тұрады)
Бүгін елімізде сан мыңдар бойы армандаған, сол жолда ғасырлар бойы найзаның ұшымен, ерлеріміздің ерен ісімен, кешегі дүниені дүр сілкіндірген желтоқсан оқиғасымен келген, тарихымызда алтын әріппен жазылып қалған Тәуелсіздік күні.
Тәуелсіздік күні қай күн?
16 желтоқсан.
Тәуелсіздік күніне орай «Ұрпағының мәңгі есінде - Желтоқсан» атты сабақ өткізгелі отырмыз. (тақырыпты жазу, Гимнді айтқызу)
Мұғалім: Дүниені дүр сілкінткен Желтоқсан оқиғасы 1986 жылы 16 желтоқсанда болды. Ол кезде біз КСРО – ның құрамында едік. Біздің елімізді Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаев басшылық жасап отырған. Дәл сол күні Алматыда 18 минутқа созылған пленум болды.
Көрініс.
Қыздар мен газет әкелдім.
Кәне не жаңалық бар?
Пленум болыпты Қонаевты орнынан алады дейді.
Онысы несі. Орнына кім болады екен?
Колбин деген Ульяновтан келіпті.
Қазақстан неге біреуді қоймаған?
Мұғалім: Сол күні қазақ халқы оларға наразы болып алаңға шеруге шығады.
Желтоқсан оқиғасына қатысып, жас өмірін Тәуелсіздік жолына арнаған апаларымыз бен ағаларымыз бар. (Топтастыру)
Ербол Сыпатаев Ләззат Асанова
Желтоқсан құрбандары
Сәбира Мұхамеджанова Қайрат Рысқұлбеков
Ләззат апамыз 1970 жылы 27 шілдеде Алматы облысындағы Панфилов
ауданындағы Ақжазық деген ауылда дүниеге келген. Ол Орталық алаңға
«Қазақтар! Кіріптарлық құлдықта өмір сүргеніміз жетеді. Біз еліміздің
Тәуелсіздігін жеңіп алғанда ғана азат боламыз» деген ұранмен шыққан.
- Қайрат 1966 жылы 15 наурызда дүниеге келген. Ол Шу қаласындағы мектеп –
интернатында оқыған. Әкесі – мал маманы, бақташы, шешесі Дәметкен –
сауыншы. 1984 жылы армияға барған. 1986 жылы Алматы сәулет институтына
оқуға түскен. Ол 21 жасында дүниеден өтті.
Сәбира 197 жылы Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауылында дүниеге келген. 1985 жылы сегіз класты үздік бітіріп, Өскемен мұғалімдер даярлайтын оқу орнына түседі. Оған «барлық қыздарды бастап шықты деген» айып тағылып жас қызғалдақ өмірден өтті.
Ербол 1964 жылы дүниеге келген. Алшынбековтер отбасында тұңғыш ұлымыз ер болсын, батыр болсын деп атын Ербол қойған. Ол мектепті мақтау қағазымен бітірген.
«Өлді деуге бола ма айтыңдаршы,
Өлметұғын артында із қалдырған».
Мұғалім: Ұлт үшін бастарын бәйгеге тіккен Желтоқсан қырандары Л. Асанова мен Е.
Сыпатаевқа ескерткіш қойылды. Ал Елбасымыз Қайрат Рысқұлбековке «Халық
қаһарманы» деген ең жоғарғы атақ берілді.
(1 мин үнсіздік)
Қазір біз апа – ағаларымыздың алып берген Тәуелсіз елінде өмір сүріп жатқан бақытты балалармыз.
Оқушылар шығармашылығы.
«Менің Тәуелсіз Қазақстаным» (шығарма).
Өлең құрастыру.
Тәуелсіз ел
ұландары
мақтанышы
қырандары
Балаларға жаттаған тақпақтарын айтызу.
ІІІ. Жаңа сабақты қорыту.
Біз қандай елміз?
Тәуелсіздік – қасиетті ұғым. Бұл Ей, келешек, жан – тәңінмен ұғып біл 11 әріп не мағынаны береді. Ал талдайық жеткенінше қызыл тіл.
Ой қозғау.
Тәуелсіздік дегенді қалай түсінесің?
Қай жылы Тәуелсіз мемлекет болдық?
Астанамыз қай қала?
Президенті кім?
Рәміздерді ата.
Желтоқсан оқиғасын мәңгі есте сақтау үшін Республика алаңына «Тәуелсіз монументі» ашылды. Оның биіктігі 28 м. Шот Аман Уәлиханов.
Желтоқсан жауқазындарының ерлігін, өрлігін паш ете отырып «Ер есімі – ел есінде» ән «Желтоқсан желі» хор.