Просмотр содержимого документа
«?лтты? та?амдарды дайындау ?дісі »
Ұлттық тағамдарды дайындау
Қазы айналдыру. Семіз жылқыдан 24 қазыға дейін айналдырады. Қазы айналдырғанда, жылқының екі жақ сүбе қабырғасын екі бөлек алып, 5-7 сағат іліп қойып сорғытады. Қа-зы айналдыратын ішекті бірер сағат тұзды суға салып қояды. Айналдыратын қазы мен шұжыққа қатты ағаш жаңқалары-нан, тобылғыдан істіктер әзірлейді. Тобарсыған қазының етегінің қалың-жұқалығына қарай, одан неше қазы шығаратыны мөл-шерленеді. Өйткені, қалың қазы енсіз, жіңішке тілінеді де, жұқа қазы жалпақтау тілінеді. Әйтпесе, жалпақ тілінген қалың қазы ішекке сыймай, айналдыруға келмейді. Айналдырар алдында қазыны тұздайды. Қазының атауы: кере қазы, тең, сере қазы, табалдырық (табан) қазы, би қазы, дөңбек қазы, шынтақ қазы, т.б.
Шұжық жасау
Жылқының шикі етін, іш майын турап, оған жуа, сарымсақ, тұз, бұрыш қо-сады. Оны жылқының іші-сырты жуылған ішегіне тығып, тығыздайды. Ішіне ауа жібермейтіндей етіп, екі жағын мықты жіппен буады. Сәл тобарсытып, көлеңкеге іліп қойып, кептіріп алады. Ауылдық жерде шұжықты ұнға салып сақтайды.
Ет асу
Етті қазанға саларда суық сумен жуады. Ұсақ малдың – қой, ешкінің, бұ-заудың мүшелері қазанға түгел салынады. Қазанға сыймайтын ірі қараның, жылқының жіліктері, жамбасы ортасынан сындырылады. Етті үлкен ыдыста, кең қазанда пісіреді. Салқын су құйылып, аздап тұз салынады. Қазанның қақпағы жабылады. От бірте-бірте күшейтіледі. Ет бірден қайнаса, қатайып кетеді. Қақпағы жабылып, бүлкілдеп қайнаған ет дәм-ді болады. Көбік жиналған соң, оны қалқып алып тастайды. Кей жерлерде көбік шыға бастасымен оны сапырып, сіңіріп жібереді. Мұндай сорпа дәмді болады.Ет бір жарым – екі сағат қайнаған соң, сорпасын татып көреді, татымаса аздап тұз салады. Ет өте семіз болса, бетіндегі майды 1-2 рет қалқып алады. Жас малдың еті 1,5 – 2 сағатта, ірі малдың еті, бас 2-3 сағатта әбден піседі. Ет піскен соң оны сүзіп алып, сорпаны қатты қайнатып, қамыр салады. Ол 7-10 минутта дайын болады.Ірі қара малдың немесе кәрі малдың еті көпке дейін піспейді, немесе қатты болады. Оған ас қасықпен ас содасын салып қайнатса, ет былбырап піседі.
Қазы салаты
Піскен картоп пен сәбіз, петрушка мен қабығы аршылып, өзегі алынған алма қиықшалап туралады, олар-ға көк бұршақ, буланған жусай қосып, араластырады. Тұздалып, бұрышталып, үстіне майонез құйылады. Сөйтіп, салат ыдысына салынады. Қазы алдын ала пісіріледі. Ол үшін шикі қазы жуылып, кастрюльге салынады да, үстіне ыстық су құйылып, қайнатылады. Бір қайнаған соң от бәсеңдетіледі. Піс-кеннен кейін олар сүзіп алынбайды, сол сорпасымен суытылады. Суыған соң өткір пышақпен, сыртындағы шегінен аршымай, дөңгелек-теп кесіледі де, әлгінде дай-ындалған салаттың үстіне әдемілеп салады. Содан кейін қазы салатының беті петрушка жапырақтарымен әсемделеді.Құрамы: 450 грамм қазы, ірілеу 3 түйір картоп, ірілеу 1 түйір сәбіз, 2 ас қасық петрушка, 2 ас қасық көк бұршақ, 1 ас қасық жусай, 1 кесе майонез, тұз татымына қарай.