kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?лт болоша?ы білімдіде

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ма?саты:

Білімге  деген  к?з?арасын  ?алыптастыру.

Т?рі:танымды?  сайыс

Сайыс  барысы.

?йымдастыру.Топ?а  б?лу.

Сайыс  шарттары:

Ширату  кезе?і.

Ма?ал  с?зді?  м?йегі.

Ой ж?йрік.

Танымды?  с?ра?тар.

?орытынды.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?лт болоша?ы білімдіде»


Мақсаты: Білімге деген көзқарасын қалыптастыра отырып, білім жарыстырып, ой шапшаңдығын, тіл шешендігін дамыту. Ұйымшылдыққа, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеу.

Түрі: интеллектуалды сайыс .
Әдісі: өтілген материалды қайталау, сұрақ - жауап, деңгейлік тапсырма,
Көрнекілігі: интерактивті тақта.
Сайыс барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Топтарға бөлу.

Кіріспе сөз: - Армысыздар ұстаздар, оқушылар. «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» демекші, сіздер 3-4 сынып оқушыларының арасында өткелі отырған «Оқы да біл,ойна да күл!» атты танымдық сайысымызға қош келдіңіздер.
Таластың тәрбиелі ұл-қызысыз,
Білімменен, өнерменен бұлқыныңыз.
Бұл өмір сайыстардан тұрады ылғи,
Сайыста гүлдей жайнап құлпырыңыз - дей келе, сіздердің қошаметтеріңізбен ортаға сайысқа қатысатын білімділерді ортаға шақырайық.
1-топ. «Тайсалма» ; 2-топ. «Тұлпар»
Сайыс кезеңдерімен таныстыру.
Мұғалім:
Әділқазы, ақ қазыға бір сәлем,
Әділдікке бас иеді күллі әлем!
Жүйрік озар сайыстарда неше бір,
Сарапқа сал әділдікпен шеше біл.
(Әділқазы алқасын сайлау)
Мұғалім:
Білім қуып сайыскерлер өтер дейміз,
Бір басына білімі жетер дейміз.
Сайысқа келген екі топта кезектесіп,
Таныстырып өздерін кетер дейміз.
І. Әр топтың өздерін таныстыруы және ұраны.

ІІ. «Ширату». (Әр топқа 10 сұрақ , дұрыс жауапқа 5 ұпай беріледі.)

ІІІ. Мақал – сөздің мәйегі.

IV. «Ойжүйрік» (Суреттерді есте сақтау)

V.Танымдық сұрақтар

VI.Қорытынды (кері байланыс)

Ширату кезеңі
(Әр топқа мақалдың алдыңғы бөлігі айтылады, соңғы бөлігін айту керек)
1-топқа:
1. Аттан тай озады, ... (атадан бала озады)
2. Ашу дұшпан, ... (ақыл дос)
3. Еңбектің наны тәтті, ... (жалқаудың жаны тәтті)
4. Білімді мыңды жығады, ... (білекті бірді жығады)
5. Жері байдың - ... (елі бай)
2-топқа:
1. Кісі елінде сұлтан болғанша, ... (өз еліңде ұлтан бол)
2. Оқу білім азығы, ... (білім ырыс қазығы)
3. Күш – білімде, ... ( білім – кітапта)
4. Кітап – білім бұлағы, ... (білім – өмір шырағы)
5. Анасыз ақын да болмайды, ... (батыр да болмайды.)
ІҮ. Ғажайып төрттік
Математика
1. 1 дм. неше сантиметр? (10 см)
2. Бірінші қатарда 7 бала отыр, екінші қатарда одан 4 бала артық отыр. Екінші қатарда қанша бала отыр? (11)
3. 1 сағ. Неше минут бар? (60)
4. Санды өрнек неден құралады? (саннан)
5. 47 санында неше ондық, неше бірлік бар? (4 ондық, 7 бірлік)
Қазақ тілі
1. Заттың қимылын білдіретін сөздер қандай сұрақтарға жауап береді? (не істеді? қайтті? не қылды?)
2. Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді? (3)
3. Адамдар не арқылы хабарлайды, сұрайды, кеңеседі? (тіл)
4. Сөз неден құралады? (әріп)
5. «Бесінші» сөзі қандай сұраққа жауап береді? (нешінші?(
Ана тілі
1. «Қаздың тұзаққа түсуі», бұл қай ертегіде кездеседі? («Ұр, тоқпақ»)
2. «Түн ұйқысын төрт бөліп», деген жолдар кім туралы айтылған? (ана)
3. «Қанат туралы хикая»-ның авторы кім? (Ф.Оңғарсынова)
4. Қ. Аманжолов қай мезгіл туралы өлең жазған? (көктем)
5. «Ара мен Шыбын» - бұл өлең бе, мысалма? (мысал)
Дүниетану
1. Адам немен тыныс алады? (Ауа)
2.Адамға ең қажетті жағдайлар? (ауа,су,жарық,тағам)
3.Өсімдіктің жер асты мүшесі? (тамыр)
4.Адам өміріне қажетті жағдайларды қайдан алады?(табиғаттан)
5.Табиғат нешеге бөлінеді? (2)
Ү. «Кім жылдам?» Топ жетекшілерінің сайысы 10 сұрақ қойылады.

VI.Қорытынды.
Білім деген биік шың,
Бақытқа сені жеткізер.
Білім деген ақылшың,
Қиындықтан өткізер- деп сайысымызды аяқтаймыз.







Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 2 класс

Скачать
?лт болоша?ы білімдіде

Автор: Медеуова Ме?с?лу Толебалды?ызы

Дата: 11.01.2016

Номер свидетельства: 275031


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства