Қызықты математика:
Сабақтың тақырыбы: «Ұлағатты ұлттық ұғымдар саны»
Сабақтың мақсаты:
а) оқушылардың қызықты математика үйірмесінен алған білімдерін сайыс барысында ортаға салу.
ә) танымдық көзқарастарын, логикалық ойлау, шапшаңдық, іздемпаздық қасиеттерін қалыптастыру.
б) өз пікірін қорғай алуға баулу.
Сабақтың көрнекілігі: Сандар, өлшемдер, санжұмбақтар, тапсырмалар жазылған қағаздар.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Тәуелсіз таңының ұл - қызымыз,
Біліммен, өнерге ұмтыламыз.
Бұл өмір сайыстардан тұрады.
Жаңа сабақ: Сайыс барысында өтіледі
Цифрлардан әр түрлі сандар құрастырылады. Олар бар болғаны он цифр. Әр санның өз сырына үңілейік.
1 саны
1 - жалғыз, дара, жеке сыңар. Бір елі ауызға екі елі қақпақ. Екі жарты - бір бүтін. Жақсы сөз жарым ырыс.
2 саны
2 - жұп, қос, егіз, пар. Екі құлағы екі езуінде. Құтты қонақ келсе, қой егіз табады. Жұбын жазбады. Екі құлағынан күн көрінеді.
Екі арыс: Ата, ана. Екі мәңгілік: Ай мен күн. Екі дүние: Бұл дүние. О дүние.
3 саны
3 - орта баға. Ер кезегі үшке дейін. 3 би, 3 жүз, 3 арсыз, 3 қадірсіз, 3 жақын, 3 тоқтам, 3 тәтті, 3 қайнаса сорпасы қосылмайды.
Үш жұрт: Ағайын жұрт. Нағашы жұрт. Қайын жұрт.
Үш байлық: 1 - денсаулық, 2 - ақжаулық, 3 - қорадағы бес саулық.
Үш дана: Абай. Шоқан. Ыбырай. Үш арсыз: Ұйқы. Тамақ. Күлкі жамандық,
4 саны 4 амал, 4 бұрыш, 4 құбыла. Дүниенің 4 бұрышы. 4 аяғы тең жорға.
Түн ұйқысын 4 бөлген. Төрт түлігі сай. Төрт көзі түгел.
Төрт тұлға: От, су, жел, жер. Төрт құбыла: Шығыс, оңтүстік, батыс, солтүстік.
Төрт маусым: Көктем, жаз, күз, қыс. Төрт тоқсан: Қыс тоқсан, жаз тоқсан, шілде тоқсан, күз тоқсан.
Төрт мұрат: Дау мұраты - біту.
Саудагер мұраты - ұту.
Қыз мұраты - кету.
Жол мұраты - жету.
5 саны
5 үздік баға, 5 қару, 5 асыл іс, 5 дұшпан, 5 тас ойыны, 5 парыз.
Бес қару: Садақ, мылтық, найза, қылыш, айбалта.
6 саны
6 - жұп сан. Төртеу түгел болса, төбедегі келеді,
Алтау ала болса, ауыздағы кетеді,
Алты айлық жол. Азуы алты қарыс.
Алты алаш: Қазақ, қарақалпақ, өзбек, түркімен, қырғыз, жайылған.
7 саны 7 қазына. 7 жетім. 7 жоқ. 7 аптаның 7 күні. 7 жарғы. 7 жұп. 7 ата.
Жұт жеті ағайынды. Жеті атасын білмеген ер, жеті жұрттың қамын жер.
Жеті қазына: Ер жігіт, сұлу әйел, ақыл, білім, жүйрік ат, қыран бүркіт, берен мылтық, жүйрік таз.
8 саны
8 - сегіз сері. Сегіз қырлы, бір сырлы.
9 саны
9 құмалақ ойыны.
10 саны оқу
Хормен: 1 - білім ал
2 - ерлік көрсет
3 - үлгі тұт
4 - тәртіп керек
5 - бестік баға
6 - алғыс ал
7 – жеңіс біздікі
8 - сенім керек
9 - талпыну керек
10 - оқу керек