kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Тыс саба?ы "Алтын ж?рек анамыз"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты?  ма?саты: О?ушылар?а ананы? ?о?амда?ы ?мірдегі ?рпа? т?рбиесіндегі орны туралы т?сінік беру.
Міндеттері:
- О?ушылар?а ?лемдегі барлы? жа?сылы? пен игі істерді? е? асыл сезім – ана махаббатынан тарайтынын т?сіндіру;
- Балаларды? ж?регіндегі ана?а деген с?йіспеншілік, ?адір – ??рмет сезімдерін арттыру;
- Адамзат баласыны? алдында?ы ?лкен парызы – ананы с?юге, ана е?бегін а?тай білуге т?рбиелеу.
К?рнекілік ??ралдар: слайд, ?уен, ж?рекшелер, фламастер, а? ?а?аз.

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Тыс саба?ы "Алтын ж?рек анамыз"»

Сабақтың тақырыбы:Алтын жүрек анамыз
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға ананың қоғамдағы өмірдегі ұрпақ тәрбиесіндегі орны туралы түсінік беру.
Міндеттері:
- Оқушыларға әлемдегі барлық жақсылық пен игі істердің ең асыл сезім – ана махаббатынан тарайтынын түсіндіру;
- Балалардың жүрегіндегі анаға деген сүйіспеншілік, қадір – құрмет сезімдерін арттыру;
- Адамзат баласының алдындағы үлкен парызы – ананы сүюге, ана еңбегін ақтай білуге тәрбиелеу.
Көрнекілік құралдар: слайд, әуен, жүрекшелер, фламастер, ақ қағаз.
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі. Тыныштық сәті.
Балалар денелерін түзу, бастарын жоғары көтеріп, ыңғайланып отырады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныстайды, денелерін бос ұстап, айналадағы барлық тіршілік иесі оларды аялап, қоршап, қамқор болып жатқанын сезінеді. Тұла бойлары жақсылыққа, махаббатқа, сүйіспеншілікке толғанын сезінуге ұмтылады (2мин). Сабағымызды бастайық.
Әңгімелесу:
- Аналарың сіздерді қалай еркелетеді?
- Өзіңіз анаңды қалай жақсы көресіз?
- «Алтын жүректі» адамдар деп кімдерді айтамыз?
- Ана махаббатынан не тарайды дегенді қалай түсінесіңдер?
Мұғалім:
- Ана халық ұғымдарында жаратушы Табиғатты жаратушы – Табиғат-Ана, адамды да дүниеге әкелуші – Ана. Ал барлық нәрсенің дүниеге келуі үлкен мейірім мен шапағаттан пайда болады. Ана мейірінен тараған мейірімділік сіздерге жан жылуы, күн шуағын сыйлайды. Ал балаларды өз қамқорлығына алып, оларға өзінің бар сүйіспеншілігін, махаббатын, мейірімділігін сыйлаған жандар да бар.
- Ол кім деп ойлайсыңдар?
- Ия, дұрыс айтасыңдар, «Өзін – өзі тану» рухани адамгершілік білім беру жобасының авторы Сара Алпысқызы Назарбаева.
Мұғалім:
1941 жылы 12 ақпан күні Қарағанды облысының Қызыл жар ауылында дүниеге келген. Қарағанды металлургия комбинатының «Бөбек» қоры арқылы мыңдаған жетім және мүмкіндігі шектеулі балаларға, көп балалы отбасыларына қолдау және көмек көрсетіп келеді. 1994 жылдың маусым айынан бастап «SOS-атты балалар ауылының президенті». 2001 жылдың желтоқсан айында жетім мен мүмкіндігі шектеулі балаларға көрсеткен еңбегі үшін 1 дәрежелі «Достық» орденімен, 2003 жылы Шыңғыс Айтматов атындағы алқамен марапатталды.
Ел анасына арнаймын

1-оқушы
Қолдау беріп қасиетті Алашы
Қазағымның қыз да болса дарасы
Ұлы тұлға ұлылығын даратып
Жетімдердің бола білген панасы
Жас сәбидің жетелеген арманын
Жүрегіңмен жолға салып жалғадың
Ақ жолыңа нұр құйылып алдыңнан
Шапағатты бөлей берсін Алланың
2-оқушы
Сара апамыз-анамыз, өз анамыз,
Ертең апай атынан сөз аламыз
Қасиетті, қамқоршы жүрегіңнен
Жақсылығын өмірдің сезе аламыз
3-оқушы
Бөбектердің былдыраған тілдері,
Еліміздің қуанышы, гүлдері.
Тарихында қазағымның жасасын,
«Бөбек» қоры еліміздің бүгінгі.
4-оқушы
Алақаның ыстық сіздің аялы
Кең пейілді, мейірімді анасың
Пана болып бауырыңызға тартып сіз
Барша жұрттың, жетім қалған баласын
5-оқушы
Жетімдіктің алыс кетсін ызғары
Әлі талай ерітерсін мұз-қарын
Күн келгенде сен екен деп қаламыз
Бір өзіңдей болсын қазақ қыздары
6-оқушы
Бүтін болсын етек жең мен жағамыз
Күнен-күнге арта берсін бағамыз
Бар қазақтың қамқоршысы, панасы,
Сара апай мен Нұрсұлтандай ағамыз

Оқу ақпарат
Ана – әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, артақтысы, қамқоршысы, жанашыры, қадірлісі. Ана – өмір нұрын себуші, ақ жол нұсқаушысы. Ананың жан жылуы, аялы алақаны баласын әлдилеп, әлпештеуге жаралған. Жылылық пен шексіз мейірімділікке толы ана жүрегі қашан да баласы үшін лүпіл қағып тұрады. Ананың балаға деген махаббаты – мәңгілік әрі шексіз. Ананы мәңгі қастерлеп, құрмет корсету, қамқорлық жасау – әрбір баланың парызы.
Дәйексөз. Тақтаға назар аударайық.
«Жер бетіндегі жақсылық, ізгілік, қайырымдылық атаулының бәрі де ананың ақ сүтінен тарайды» Н.Назарбаев
Дәйексөзді хормен оқу, дәптерге көшіріп жазу. Дәйексөздің мәнін ашу.
Жағдаятты талдау
Арман күнде сабақтан келгенде үстіндегі киімдерін лақтырып тамағын ішер – ішпестен ойынға кетеді. Анасы болса үндемей жинап қояды. Бірақ Арман ол әдетін күнде – күнде қайталайды.
1. Арманның бұл қылығы дұрыс па?
2. Арманның орнында болсаңдар не істер едіңдер?
Мәтінмен жұмыс
Сара Алпысқызының «Өмір әдебі» деген кітабынан алынған үзіндіні оқи отырып, оқушылар әр адамның өз өміріне өзі жауапты екендігіне назар аударады.
«Мен бала күнімде шамадан тыс қарапайым жасқаншақ болдым. Өзім білетін құрбыларымның барлығы да менен ақылдырақ, мақыздырақ сияқты көрінетін. Актриса болуды армандадым да өзімнің балалық ақылыммен: «Қайдағы, бұл таңдаулылардың ғана ісі ғой» деп пайымдадым. Бақытыма қарай жас келген сайын «Балақайдың» арқасында бойымдағы бұйығылықтан біртіндеп арыла бастадым. Рас, актриса бола қойған жоқпын. Бірақ өмірімді бұрмаламай көрсететін бір қарапайым ақиқатты түсіндім. Ал нақтырақ алатын болсақ, адамдарды бір-бірінен ажыруға болатын басты айырмашылық жан дүниесі мен рухтың үйлесімі арқылы өмір сүру қабілетін айқындайтын олардың санасының даму деңгейі екен».
Сара Алпысқызы
Сұрақтарға жауап беріп өзара пікір алмасады
1. Сіздерді қандай ойлар мазалайды? Осындай ойлар ше?
2. Өзіңе деген сенімділік, өзінді таба білу дегенді қалай түсінесіңдер?

Топтық жұмыс
1. Оқушылар екі топқа бөлініп «Алтын жүрек ана» тақырыбына сурет салу және оны қорғату.
2. Топпен ән айту «Ардақты ана»
Ә. Дүйсенбиев
Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым,
Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың.
Өміріме нәрін берді ақ сүтін,
Кең құшағың – аясындай гүл бақтың.

Мен өзіңмен қайда болсам біргемін,
Махаббатың жүрегімде жүр менің.
Күн нұрындай – жадырай біл күлгенің,
Қандай жақсы ортамызда жүрегің.



Жүректен –жүрекке :Балаларды шеңберге тұрғызып, қол ұстатып ,
Ж Тұрбековтың сөзіне жазылған Ә Еспановтың «Бақытты балалық шақ »
әнімен сабағымызды аяқтаймыз.





































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 2 класс

Скачать
Тыс саба?ы "Алтын ж?рек анамыз"

Автор: Алпысбаева Асемгуль Шеркеновна

Дата: 18.04.2016

Номер свидетельства: 319877


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства