1.Ендеше бағдарлау дегеніміз-көкжиек тұстарын, бақылаушының өзінің тұрған орнын және жүру бағытын анықтау. Бағдарлаудың екі түрі бар: а)белгілі жерді бағдарлау;ә)белгісіз жерді бағдарлау. Белгілі жерді бағдарлаудың еш қажеттігі жоқ,үйреншікті дағды арқылы жүреміз.Белгісіз жерде жүру,жолды дәлме-дәл табу тұсбағар арқылы жүргізіледі.Ол үшін тұсбағармен азимутты анықтайды. Солтүстік пен белгілі бір затқа дейін жүретін жол арасындағы бұрыш азимут деп аталады.Азимут арабша ас-сумут –жол деген мағына береді. Азимут А әрпімен белгіленеді. Азимутты анықтау үшін тақтаға шеңбер сызылады. Оқушылардан шеңбердің градустық шамасын сұрау.(360°) Шеңбердің әр бөлігін 90°–тық бұрышқа тең екендігін және берілген азимутты шеңбердің қай бөлігінен іздеу керектігін ұғындырамын да,азимутты өлшеп көрсетемін.Яғни,275ºІV бөліктен,С-Б-тан табу,200 ºІІІ бөліктен,О-Б-тан табуға болады. Тақтаға азимутты транспортир құралымен сызып көрсетемін.Азимут бағыты үнемі сағат тілінің бағытына сәйкес келеді. 2.Дәптермен жұмыс.Анықтамаларды жаздырту. Бағдарлау дегеніміз-көкжиек тұстарын, бақылаушының өзінің тұрған орнын және жүру бағытын анықтау. Тұсбағдар-жүретін жолды дәл анықтайтын құрал. Азимут (арабша ас-сумут –жол) деп бақылаушы тұрған нүкте мередианының солтүстік басынан діттеген бағытқа дейінгі аралықтағы бұрышты айтады. Топтарға тұсбағар беріліп,тақтадағы сурет арқылы пайдалану әдісін көрсетемін.Сыныптың солтүстік бағытын анықтап беремін. |