kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Т?лкі мен ?ыр?ауыл

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сыни т?р?ысынан ойлау стратегиясы. ?ткен саба?пен байланыстыру.

1."Ми?а шабуыл". О?ушылар?а автор портретін к?рсете отырып, Спандияр К?беевті? ?мірбаянынан, шы?армашылы? жолы жайлы ма?л?мат беру.

2. " Ойлан, тап!" Ж?мба? шешу.

а) ?зі айлакер, ?зі ?у

Ж?рген жері ай?ай шу.   (Т?лкі)

Т?лкіні? суретін к?рсетіп интерактив та?тадан: айлакер, ?у, с?м, иісшіл,са???ла? екенін т?сіндіру. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Т?лкі мен ?ыр?ауыл »

Сабақтың тақырыбы: Түлкі мен қырғауыл

Сабақтың мақсаты: Білімділігі:1 түсініп оқуға төселдіру.Мысалдың мазмұны мен идеясын ұғындырып, оқушылардың тілін дамыту. Мысал жөніндегі түсініктерін толықтыру, кейіпкер бейнесін талдау арқылы қарапайым мінездеме беру дағдыларын жетілдіру.Шығармадан қорытынды шығарып негізгі идеяны аяқтау.

2.Дамытушылығы: Біліктілігін көтеру, ойлау қабілетін дамыту мен бірге оларды аңқаулық пен қулықтан сақтандыру.

3. Тәрбиелігі: Алдау мен мақтаншақтыққа қарсы күресуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Автор суреті, түлкі , қырғауыл суреті, интерактивті тақта.

Әдісі: Мәнерлеп оқу, баяндау. Сұрақ –жауап , талдау, жинақтау, қорытынды жасау.

Сабақтың түрі: Дамыта оқыту технологиясы.

Сабақтың пән аралық байланысы: қазақ тілі, дүниетану.

Сабақтың барысы: I Ұйымдастыру кезеңі:

(оқушылардың ынтасын жаңа сабаққа аудару).

Мақсатымыз білім алу,

Міндетіміз –еңбектену.

II. Үй тапсырмасын сұрау:

1.Ғабит Мүсіреповтың өмірбаяны.

2. Ақымақ бота. Мазмұнын айту.

3. Сұрақ-жауап арқылы оқушылардың ойларын жинақтау.

Ғабит Мүсірепов кім? Ол –өте шебер жазушы. Ол күллі ғұмырын жазушылық жолға арнады. Ақбота енесіне қалай еркеледі? Енесінің денесі ақботаға неге жайлы тиді? Ақбота кімнің дауысын танушы еді? Шынар ботаны қалай үйір етті? Бота тақырыбына қысқаша шығарма жазып келу. Оны оқыту.

III. Жаңа сабақ: Түлкі мен қырғауыл

Сыни тұрғысынан ойлау стратегиясы. Өткен сабақпен байланыстыру.

1."Миға шабуыл". Оқушыларға автор портретін көрсете отырып, Спандияр Көбеевтің өмірбаянынан , шығармашылық жолы жайлы мағлұмат беру.

2. " Ойлан, тап!" Жұмбақ шешу.

а) Өзі айлакер , өзі қу

Жүрген жері айқай шу. (Түлкі)

Түлкінің суретін көрсетіп интерактив тақтадан: айлакер, қу, сұм, иісшіл ,саққұлақ екенін түсіндіру.

3."Ой қозғау"

а) Қырғауылдың суретін көрсету арқылы оқушыларға қандай құс екенін түсіндіру

ә).Көптеген қазақ ертегілерінің ;

Ерте, ерте ,екен, ешкі жүні бөрте екен,

Қырғауыл жүні, қызыл екен,

Құйырық жүні ұзын екен, - деп басталатынын білесіңдер. Қырғауылдың суретін көрсете отырып, ол расында да құйрығы ұзын , әдемі құс. Әсіресе хоразы тіпті әдемі. Еті, жұмыртқасы дәмді, қауырсыны, мамығы бағалы құс. Мысалда автор ойын тура ашып айтпай, бүкпелеп,тұспалдап, астарлап, жан-жануарлар бейнесі арқылы ұқсатып айтылатындығын түсіндіремін. ( осы уақытқа дейін қандай мысалдар оқығандарын сұраймын.)

Шығарманың тақырыбына көңіл аударамын. Ол түлкі мен қырғауыл жайлы екенін айтамын.

Оқулықпен жұмыс.

а) Мысалды нақышына келтіріп оқу

ә) Мазмұнын көрініс арқылы түсіндіру.

б) Қиын сөздер мен сөздік жұмысын жүргізу

Қырғауыл- жылы жақты мекендейтін тауық. Тұқымдас қызқылт, не сұр түсті әдемі құс.

Кәрі- көп жасаған, қартайған қароия,қарт.

Бұйрық- әмір етті, жарлық.

Қаршыға – шағын денелі, имек тұмсықты қыран құс.

Алды-артына қарамады- тоқтаусыз жүреберді, алаңдамады.

в) Оқушыларға өз бетінше оқыту

г) Дауыстапекі сөйлемнен оқыту.

д) Мысалдағы кейіпкерді тапқызу.(Түлкі , қырғауыл және автор екендігін белгілейміз)

е) Шығарманы түлкі мен қырғауыл іс-әрекеттеріне құрылғанын анықтаймыз.

-Дәптермен жұмыс.

Мәтіндегі әңгімеленген аң-құстардың аттарын ата және дәптеріңе жаз.

с) Оқушыларға рөлдерге бөліп оқытамын.

-Сұрақ тапсырмалармен жұмыс.

Оқулықтағы жұмбақты шешу. Тақтаға түлкінің суретін ілу. Көп сөздердің ішінен түлкіге тиісті сөздерді ілу.(мысалы: айлакер, мейірімді,қу, аңқау, сұм, иісшіл,қорқақ, саққұлақ,)

Жаңылтпашты оқыту, жатқа айтуға төселдіру.

IY. Қорытынды:

Түлкі үнсіз қаша жөнелмей, не деп кеткеніне көңіл аудар.

Біреуді алдау өмірде кездесе ме?

Сұрақ қою арқылы, ондағы негізгі ойды түсіндіруге жеңілдік жасалады. (осыны анықтап алғаннан кейін, оқушылардан түлкі қандай адамның бейнесінде көрінгендігін сұраймын.)

Біздің елді мекеніміз Бейнеуде осы түлкі, қырғауыл кездесе ме?

Түлкінің баласы қалай аталады?

Y. Үйге тапсырма:

Мысалды түсініп оқу.

Мысал мазмұнына сәйкес мақал- мәтелдер жазып келу.

YI. Бағалау:




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 2 класс

Скачать
Т?лкі мен ?ыр?ауыл

Автор: Кыстаубаева Айтолган Джалгасбаевна

Дата: 18.04.2015

Номер свидетельства: 202939


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства