kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Т?йе мен тыш?ан (мо??ол ертегісі)

Нажмите, чтобы узнать подробности

  • Саба?ты? ма?саты:

 1. О?ушылар?а ертегіні? мазм?ны мен идеясын аша отырып,ертегіні т?сініп,д?рыс о?уларын ?алыптастыру. 
2.Ауыз ?дебиетіні? бір саласы ертегіні о?и отырып, ?орытынды жасау, негізгі ойды табу да?дыларын дамыту. 
3.Жа?ымсыз ?асиеттерден аула? болу?а,с?збен емес,іспен ма?тану?а т?рбиелеу. 
 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Т?йе мен тыш?ан (мо??ол ертегісі)»

Омаркасова Галия Толеубековна

2 сынып Әдебиеттік оқу

Түйе мен тышқан (монғол ертегісі )

















































  • Сабақтың тақырыбы: Түйе мен тышқан 
    Сабақтың мақсаты:

  • 1. Оқушыларға ертегінің мазмұны мен идеясын аша отырып,ертегіні түсініп,дұрыс оқуларын қалыптастыру. 
    2.Ауыз әдебиетінің бір саласы ертегіні оқи отырып, қорытынды жасау, негізгі ойды табу дағдыларын дамыту. 
    3.Жағымсыз қасиеттерден аулақ болуға,сөзбен емес,іспен мақтануға тәрбиелеу. 
    Көрнекілік: кітаптар суреті, слайдтар, интерактивті тақта. 
    Сабақтың түрі: жаңа сабак 
    Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, көрнекілік, әңгімелесу, талдау, сын тұргысынан ойлай оқыту әдістерін қолдану.
    Сабақтың барысы:

  • .I. Ұйымдастыру кезеңі.
    1-слайд.Психологиялық ахуал туғызу 
    Қуанамын мен де 
    Қуанасың сен де, 
    Қуанайық, достарым 
    Арайлап атқан күнге 
    -Арайлап атқан күнге неге қуанамыз? (16 желтоқсан-тәуелсіздік күніне байланысты айту,яғни елімізде тыныштық, бейбітшілік,тәуелсіздік бар) 
    Сурет қиындылары арқылы топқа бөлу.

1 топ: «Тышқан»3 топ: «Қой» 4 топ «Мешін»

2 топ: « Түйе»

Топ басшысын сайлау.
Топта қандай ережелерді сақтауымыз керек?

1.Тыныштық сақтау

2.Тыңдай білу

3.Кедергі жасамау

4.Белсенді қатысу

5.Ұйымшыл болу

(Бағалау парағын,стикерлар тарату)
2-слайд

II.Үй тапсырмасын тексеру. 
*Қасым Аманжолов туралы не білеміз? 
*Қазақстан өлеңін мәнерлеп оқу. (Әр топтан бір баладан сұрау,
мағынасын сұрау)

-Ақын неге қуанып,шаттанады?
3-слайд

. III.Мотивациялық - бағдарлау кезеңі. –Болжау стратегиясы

*Суретпен жұмыс. 
Шығып келе жатқан күн суреті, жасырынған тышқан, түйе суреттерін болжап табу. 

4-слайд.Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Түйе мен тышқан» 
Монғол халқы туралы түсінік беру. 
Біздің Отанымыз Қазақстан Республикасы  басқа елдермен достық қарым — қатынастамыз. Сондай дос елдің бірі — Монғолия.
5-слайд

Сабақ мақсатын хабарлау.

 Әрбір адам қандай іске кіріссе де , ісі сәтті аяқталғанын қалайды. Бүгінгі сабағымыз сәтті болуы үшін мынандай мақсаттар қояйық: тыңдай білу, салыстыру, бір жүйеге келтіру , талдау, қорытындылау. Сендер мақсаттарыңа жеткілерің келе ме? Ендеше сабаққа жақсы , белсенді қатысайық.
.* Ертегі мазмұнымен танысу 
*Жыл атауларымен танысамыз

6-слайд.

IY.Дәптермен жұмыс 
Желтоқсанның он төрті 
Сынып жұмысы 
Түйе мен тышқан ертегісі 

7-слайд

. Ассосация құру
Жұптық жұмыс. Түйе мен тышқан туралы ой шақыру (оқушылардың ойларын тыңдау) 

8-слайд.

Оқулықпен жұмыс.

Бөліктерге бөліп,ретімен қою 
Ертегінің 1-ші бөлігін оқу, талдау,түсіндіру. 
• Әрі қарай ертегіні жалғастыр. 
• Не болады деп ойлайсың?

Сонымен ертеде адамдар әр жылды нелердің атымен атауды ұйғарыпты? Олар неше жылға атаулар берген?(Олар қандай атаулар , кәне , кім біледі екен?) Ал 12-жылдың атауына  қай жануарлар аттарын ұсынған? Олар бір-бірімен қалай  айтысты деп ойлайсыңдар? Ал адам мәселені қалай шешіңдер деген?Ал түйе мен тышқан не деп келісті? 
10-слайд. 
Ертегінің 2-ші бөлігін оқу, талдау,түсіндіру. 
• Әрі қарай ертегіні жалғастыр. 
• Не болады деп ойлайсың?

Түйе не істеді? Ал тышқан ше ? Күннің ең алғашқы шапағы таулардың шыңдарына түскенде не болды? Неге тышқан бірінші көрді?
11-слайд. 
Ертегінің 3-ші бөлігін оқу, талдау,түсіндіру. 
• Әрі қарай ертегіні жалғастыр. 
• Не болады деп ойлайсың?
Ал ұтылған түйе не істеді ? Содан бері түйе күлді көрсе не істейді екен?         Сонымен түйе неге жыл атына ие болмай қалған екен?

  • 12-слайд
    YI.Сергіту сәті.. Аңдар биі (музыкамен оқушылардың билеуі) 

     13-слайд«Венн»диаграммасы 

    14-слайд.

  • Суретпен жұмыс

  • Артығын тап.
    -Қай жануар артық? Неге? Балалар, биыл қай жылды қарсы алайын деп отырмыз?

  • Неше жыл бар?

Жылдардың ретін есте сақтаудың оңай әдісі.

Түйе сеніп бойына,

Қалған ұмыт жылдардан.

Жатпа қарап, мойыма,

Тойма именіп ділмәрдан.

Осы шумақтағы әрбір сөз жыл санаудағы қолданылып жүрген жануарлардың алғашқы әрпімен басталады. Тышқан, Сиыр,Барыс, Қоян, Ұлу, Жылан, Жылқы, Қой, Мешін, Тауық, Ит, Доңыз.

Өлеңді дәптерге жазу
14-слайд.Қазақша жыл санаулары: тышқан,сиыр,барыс,қоян,ұлу, жылан, жылқы, қой, мешін, тауық, ит, доңыз. 
12 жыл-бір мүшел.Мүшел-уақыттың өлшем бірлігі.Адам жасын мүшелмен есептеген.2015ж-қой,2016ж мешин жылын қарсы алу туралы айту. 

15-слайд 
YI.Қорытынды

«Балық » ойынын ойнайық. Балықтың денесіне жыл атауларын ретімен жазып шыққан топ жеңімпаз болады. Кәне, кім жылдам екен?


- Бүгінгі сабақта қандай ертегімен таныстық? Не білдік? 

YI.16-слайд.

Үйге тапсырма: 
Күнделікті ашайық 
Үй тапсырмасын жазайық 
Бүгінгі алған білімді 
Ұмытпай есте сақтайық 
17-слайд

. Бағалау. 
5 болсын алар бағамыз 
Біліммен бақыт табамыз 
Өнер-білім көп бақыт 
Өсе берсін санамыз



-Стикерларын сабақ барысында өздеріне ұнаған жұмыс тұрлеріне жапсырады




































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 2 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Т?йе мен тыш?ан (мо??ол ертегісі)

Автор: Омаркасова Галия Толеубековна

Дата: 20.01.2016

Номер свидетельства: 279952


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства