Просмотр содержимого документа
«Т?йе.Дауыссыз дыбыстар»
Ана тілі 1- сынып
Тақырыбы : Түйе. Дауысты және дауыссыз дыбыстар
Мақсаты : Дауысты және дауыссыз дыбыстар туралы түсініктерін кеңейту,түйе туралы мағұлмат беру;
Оқушылардың оқу және сөйлеу дағдыларын,жазу сауттылығын жетілдіру,ой-өрісін дамыту;
Төрт түлікке қамқорлық сезімін ояту,тәрбиелеу;
Көрнекілік : слайд,қима қағаздар,оқулық
Сабақ түрі : жаңа сабақ
Сабақ әдісі: түсіндіру,сұрақ –жауап,жұппен жұмыс,топпен жұмыс,жекелеме тапсырма,ой–қозғау, шығармашылық жұмыс, пікірлесу, әңгімелеу.
Сабақ барысы :
І Ұйымдастыру кезеңі
Оқушы зейінін сабаққа аудару
Психологиялық дайындық (1 мин.)
Оң қолымда бес саусақ,
Сол қолымда бес саусақ.
Беске бесті қосқанда,
Болып шықты он саусақ,
-деп бүгінгі сабақта тек «5»деген баға алайық.
ІІ Үй тапсырмасын тексеру ( 4 мин.)
Төлді қалай шақырады?
Қозы--- Пұшайт,пұшайт!
Лақ--- Шөре,шөре!
Құлын--- Құрау,құрау!
Бұзау--- Аухау,аухау!
Бота--- Көс,көс!
ІІІ Жаңа сабақ 7 мин.
Ой қозғау
Жұмбақ
Иір –иір денесі
Сахараның кемесі.
Ащы шөптер – тамағы,
Шөлге шыдап бағады. (Түйе)
- Сусыз көпке шыдайтын төрт түліктің бірі,қай жануар?
- Түйе
(Сабақ мақсатын айту)
-Балалар,қалай ойлайсыңдар бүгін сабақта не істейміз?
Интерактивті тақтадан суретін көрсетіп тұрып, мағлұмат беру.
-Қазақ ежелден мал шаруашылығымен айналысқан халық.
Мал олардың киімі,тамағы,көлігі болған. Түйе –төрт түліктің төресі. Түйе - киелі жануар. Ол шөл мен аштыққа шыдамды. Ыстық –суыққа төзімді, ұзақ жүрісте қажымайды. Ертеде ата – бабаларымыз көлік ретінде пайдаланды. (суретін көрсету жүк көтеріп келе жатқан)Оның терісі, жүні, сүті өте пайдалы. Сүтіненшұбат, қымырансияқты сусындар дайындайды. Түйе сүтінің емдік қасиеттері бар.Терісінен аяқ киім тігеді. Жүнінен жылы киімдер тоқиды, көрпеге салады. Түйе 30-40 жылға дейін өмір сүреді. Түйенің өзінің бірнеше түрі болады. (суретін көрсетіп)Міне, мына түйені айыр түйе қос өркеш түйе тұқымының бір түрі.Ал, мына түйе Аруана– сыңар яғни жалғыз өркешті түйе. (суретін көрсетіп)Аруана айыр түйеден гөрі ыстыққа төзімді, сүті де мол (екі- үш есе) бірақ жүні аз болады. Аруана (сыңар өркешті түйе) Қазақстанда Атырау облысында ғана өсіріледі.
Дәптермен жұмыс (10 мин.)
Көркем жазу
Тт Түйе
20- жаттығу (аудио) тындату
1.Сөйлемдерді көшіріп жазыңдар.
2.Қарамен жазылған сөздердегі дауыссыз дыбыстарды тауып астын сызыңдар.
Түйе боздайды. Сиыр мөңірейді. Қой маңырайды. Жылқы кісінейді.
21 –жаттығу (жұппен жұмыс) сәйкестендіру (3 мин.)
1. Сөздерді оқыңдар.
2. «Қай мал қайтеді?» деген сұраққа жауап беретін сөйлемдер құраңдар.(меңзер арқылы)