1. Білімділігі: қазақ халқының ұлттық кәсібінің бірі төрт түлік малдың ішіндегі түйенің ерекшелігіне тоқталу. Оның еті де, сүті де адамға шипалы екенін түсіндіру. 2. Дамытушылығы: оқушылардың мәнерлеп оқу дағдыларын дамыту, түйенің пайдасы туралы білімдерін толықтыру, тіл байлығын, ой - өрісін, іскерлік дағдыларын, шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру. 3. Тәрбиелігі: оқушыларды төрт түлікке деген құрметке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, төрт түліктің суреті, суреттер. Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру, көрнекілік, топтастыру, «ой шақыру», түртіп алу стратиялары
Сабақтың типі: жаңа білім беру.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық.
Білер қазақ баласы
Сәлем сөздің анасы
Алдымыздан кезіккен
Көп ұстазды көреміз
Бәрінен де ізетпен
Біздер сәлем береміз
ІІ, Үй тапсырмасын тексеру
а) Өлеңді жатқа айту (5-6 оқушыдан сұрау)
ә) Сұрақ-жауап
б) «Топтастыру» стратегиясы
ІІІ Жаңа сабақты түсіндіру:
Балалар жаңа сабақты бастамас бұрын сендермен «Бәйге» ойынын ойнағым келіп тұр. Тақтада төрт түліктің суреттері берілген. Әрбір малдың артында төрт түлікке байланысты сұрақтар жасырынған.
Кішкентай ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар. Ол қай төрт түлік мал? (Қой)
Қойдың тапсырмасы:
1.Төрт-түлік малдыңдауыстарын айыру
2. Бұрын ата-бабаларымыз қай малды көлік ретінде пайдаланған және қымызы денсаулық шипалы сусын? (жылқы)
Жылқының тапсырмасы:
1. Сүттен әзірленетін тағамдарды атаңыздар?
2. «Мүйізі айдай иілген,
Мұрнын көке шүйірген» - жыры қай төрт түлік мал жайлы айтылған?
Сиырдың тапсырмасы:
1.Төлдерді ата:
Кой – қозы
Ешкі – лақ
Жылқы - құлын
Сиыр - бұзау
Түйе - бота
2. Мал атасын ата: Қой атасы – Шопан ата Жылқы атасы – Қамбарата Түйе атасы – Ойсылқара Сиыр иесі – Зеңгібаба
Дұрыс айтасыңдар! Бүгінгі өтетін төрт түліктің келесі түрі – Түйе.. Балалар түйе қандай жануар сипаттайықшы.
«Топтастыру» стратегиясы
Түйе
ІV. Мұғалімнің түсіндірмесі
Түйе – төрт түліктің төресі. Ауыр жүк артылып, алыс сапарға жегілсе де мыңқ етпейтін маңғаз жануардың қадірін көшпелі жұрт қатты білген. Түйенің пайдалы жақтары көп қой. Көптеген ауруларға мыңнан бір ем. Сүтінен шұбат дайындап, құрт қайнатады. Шипалық қасиеті мол, дәмі тіл үйірер шұбат сусын. Ғалымдар шұбатпен өкпе құрты, бауыр ауруларын, холециститті, өт жолдарының бітеліп қалуын емдеуге болады дегенді айтады. Мақал-мәтелдерді оқу, мағынасын ашу.
Нар жолында жүк қалмас
Бақырауық демесең,
Бағалы көлік түйе ғой.
V. Жырды оқыту
Түйе
Маң-маң басқан, маң басқан,
Шудаларын шаң басқан.
Екі өркешін қом басқан,
Төрт аяғын тең басқан;
Тілін тікен теспеген,
Мұрындығы келіскен,
Алабота жегені,
Ащы қурай, теріскен;
«Шөк» дегенде «бық» деген,
Шешіп үйін жүктеген.
Оқыту түрлері:
Мұғалім оқиды
Іштен оқу
Тізбектей оқу
Хормен оқу
Түйе шөл мен аштыққа шыдамды. Ыстық - суыққа төзімді, ұзақ жүрісте қажымайды.Түйенің терісінен таспа, қайыс жасаған. Негізі түйе түбіті мен шудасы тоқыма өнеркәсібі үшін таптырмайтын шикізат. Жүні көрпе тоқыма бұйым жасаған. Енді келесі бейнебаянға назар аударайық.
Сұрақ-жауап әдісі
1.Түйенің төлі қалай аталады? Сүті ше?
2.Түйенің жүрісі туралы не деуге болады?
3. Түйе қандай шөпті жақсы көреді?
4. Түйенің көзі қандай?
VІ. Дәптермен жұмыс
«Түртіп алу» стратегиясы
Шуда- түйенің мойнындағы, тізесіндегі жүні.
Мұрындық – байлауға, жетелеуге арналған әбзел.
Қом басқан- май басқан, семірген
Алабота, теріскен, ащы қурай- шөптің түрлері.
VІІ. Сергіту сәті
Қазір балалар «Жануарлар әлемі» атты ойын ойнаймыз. Әрбір жануардың дауысын салу (мысық, сиыр, қой, тауық, жылан, жылқы)
VІІІ. Қорытындылау: Шығармашылық тапсырма:
«Ой шақыру» стратегиясы(ойын:Суретті аяқтау)
Мына сызба түйенің несіне ұқсайды?
Шарты: Түйенің өркешінен басқа заттар шығару (Жүрек, алма, көзілдірік, ерін, қалпақ,т.б)
Семантикалық карта
Сұрақтар
Бота
Көс-көс
Түйе
Ойсылқара
Шұбат
Алабота,ащы қурай
Төрт түліктің төресі?
Түйенің төлін қалай атайды?
Түйе атасын атаңдаршы?
Түйені қалай шақырады?
Түйе қандай шөпті жақсы көреді?
Түйенің сүті?
Жақсы балалар. Жарайсыңдар! Бүгін сабақты барлықтарын түсініпсіңдер. Сабақ қызықты өтті ма? Ұнады ма? Сабақтың ұнағаны немесе ұнамағы алдарында жатқан смайлдарды тақтаға жабыстыру арқылы көрсетесіңдер.
ІХ. Бағалау. Х. Үйге тапсырма: 57 – беттегі «Түйе» өлеңін жаттау, 58-беттегі 5 тапсырманы орындау.