Сабақтың мақсаты: оқушылардың оқу-жазу дағдыларын жетілдіру, мағынасы бір-біріне жуық сөздер туралы түсінік беру, шығармашылық қабілеттерін дамыту; сөздік қорларын молайту, ой-өрістерін, дүниетанымын кеңейту. Байланыстырып сөйлеуін жетілдіру, белсенділігін арттыру.
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, жеке сөздер жазылған карточкалар, әуенді сандық.
Сабақ барысы:
І. Бағдарлау-мотивациялық кезең (Оқушылардың қызығушылығын ояту):
ІІ. Операционалдық-орындаушылық кезең.
182-жаттығу:
а) Мәтінді мәнерлеп оқу.
э) Оқушылардың оқуы.
б) Мәтін мазмұнына байланысты сұрақтар:
Түйені көргендерің бар ма?
Түйенің қандай пайдасы бар?
Түйенің қандай түрлерін білесің?
Түйенің жүнінен не жасалады?
в) Сөздік жұмысы:
шұбат - түйе сүтінен жасалған сусын
сыңар өркешті - бір өркешті
төзімді - шыдамды, мықты
183-жаттығу, 184-жаттығу.
Оқулықтан тыс тапсырмалар: сюжетті суретке қарап әңгіме құрау. Ол үшін сұрақтар қойылып, сол сұрақтың жауаптарынан әңгіме түзіледі.
Суретте ата не істеп отыр?
Ата еліктің баласын ұстап тұр.
Еліктің баласы кандай?
Ол өте көрікті, әрі сымбатты.
Ата мен еліктің жанына не келді?
Ит келді.
Елік не істеді?
Елік үркіп, қорқып кетті.
Ата еліктің баласын ұстап тұр. Ол өте көрікті, әрі сымбатты. Ата мен еліктің жанына ит келіп еді, елік үркіп, қорқып кетті.
Мәтіннен мағынасы жуық сөздерді тауып астын сызыңдар.
«Әуенді сандық» дидактикалық ойыны.
Ойынның шарты: әр топ әуенді сандықтың ішінен конвертті алып, ол конверттің ішіндегі тапсырмаларды орындау керек. Қай топ тез және дұрыс орындаса сол топ жеңімпаз атанады.
І топ мүшелері жұмбақ шешеді.
Қыс бойына жатады
Тәтті ұйқыға батады
(Аю)
Аюдың қимылын көрсетіп, сергіту сәтін жасаңдар.
ІІ топ мүшелері мақалды толықтырады.
Еріншектің ... бітпейді.
Мақалдың мағынасын түсіндіріңдер.
Еріншек сөзіне мағынасы жуық сөздсрді тауып айтыңдар.
ІІІ топ мүшелері шыдам сөзінің мағынасып түсіндіреді.
Сөздің мағынасын түсіндір.
Шыдам сөзіне мағынасы жуық сөздерді тауып айт.
Балалар, қазір біз «Жуык сөздер» ойынын ойнайммз. Ойынның шарты: әр балаға бір сөзден жазылған карточкалар таратылады (мысалы: әдемі, таза, батыр, т.б.). әр оқу қолындағы карточкадан сөзді оқығанда қалғандары сол сөзге мағынасы жуық сөзді тауып айтуы керек. Кім дұрыс және көп тауып айтса, сол жеңімпаз атанады. III. Рефлексиялық-бағалау кезеңі.
Берілген сөздерден сөйлем құрап жазады.
Өте, бұлақтың, таза, суы.
Ерасыл, батыр, ержүрек, әрі.
апасымен, ұзақ, сапарға, Асан, шықты.
әдепті, Айман, оқушы
Берілген сөздерге мағынасы жуық сөздер тауып жаз.
Зәулім, ізетті, жаңбыр, батыр.
ҮІ. Қорытынды бөлім.
Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.