kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Т?уелсіз ел – ?аза?стан»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Т?рбие са?аты

Та?ырыбы: Т?уелсіз ел – ?аза?стан

Ма?саты:

  1. О?ушыларды елімізді? т?уелсіздік ал?аннан кейінгі жетістіктерімен таныстыру, білімдерін ке?ейту. ?з Отанын с?юге, ту?ан жеріне деген с?йіспеншілігін арттыру.
  2. ?аза?стан Республикасыны? р?міздеріне ??рметпен ?арау?а, р?міздерге нышандарды? ?ойылу себебі жайында толы? ма?л?мат беру. Ойлау ?абілетін арттыру, ой-?рісін, тіл байлы?ын дамыту.
  3. О?ушыларды отанс?йгіштікке, адамгершілікке, Отанына, хал?ына адал ?ызмет етуге тарихты білуге т?рбиелеу.

?дістері: баяндау, талдау, жина?тау, а?парат ??ралдарымен ж?мыс, с?ра? – жауап

К?рнекіліктері: елта?ба, мемлекеттік ту, ?Р ны? картасы, на?ыл с?здер, интерактивті та?та, слайдтар

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Т?уелсіз ел – ?аза?стан»»

Алматы облысы

Еңбекшіқазақ ауданы

Балтабай ауылы



Балтабай орта мектебі

«мектепке дейінгі шағын орталығымен»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі





Тәрбие сағаты



«Тәуелсіз ел – Қазақстан»







Жауапты: Назарбекова А.Е.













2015-2016 оқу жылы







Тәрбие сағаты

Тақырыбы: Тәуелсіз ел – Қазақстан

Мақсаты:

  1. Оқушыларды еліміздің тәуелсіздік алғаннан кейінгі жетістіктерімен таныстыру, білімдерін кеңейту. Өз Отанын сүюге, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру.

  2. Қазақстан Республикасының рәміздеріне құрметпен қарауға, рәміздерге нышандардың қойылу себебі жайында толық мағлұмат беру. Ойлау қабілетін арттыру, ой-өрісін, тіл байлығын дамыту.

  3. Оқушыларды отансүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге тарихты білуге тәрбиелеу.

Әдістері: баяндау, талдау, жинақтау, ақпарат құралдарымен жұмыс, сұрақ – жауап

Көрнекіліктері: елтаңба, мемлекеттік ту, ҚР ның картасы, нақыл сөздер, интерактивті тақта, слайдтар

Барысы: І. Ұйымдастыру: Кіріспе:

  • «Құс ұясыз, жыртқыш інсіз болмайды дегендей, адамдардың мекені туған жері – Отаны.

  • Отан дегеніміз не?

  • Отан дегеніміз елім, жерім, туған жерім, табиғатым.

  • Біздің Отанымызы қалай аталады?

  • Қазақстан

  • Қазақстан қандай мемлекет?

  • Егеменді тәуелсіз мемлекет. Біздің жеріміз бай. Отанымызда тұратын халықтар мейірімді, еңбекқор, Тәуелсіздігімізді сақтап бар күшімізді саламыз.

Азаттық қазақ халқының ежелгі арманы еді. Қазақ жерінде азаттық үшін күресте қылыш сермеледі. Қазақстаннан шыққан Қабанбай, Бөгенбай, Райымбек сияқты батырлар жерін, елін қорғады. Қазақ халқы азаттық үшін талай қиындықты бастан кешірді. Бірақ ешқашан мойымады, күресе білді. Азаттық таңы туатынына сенді.

Тарихи оқиғаларды еске түсірейік:

Жібек:

1723 – 1725 ж.ж Ақтабан шұбырынды, жоңғар әскерлері қазақ жеріне басып кірді.

1837 – 1847 ж.ж Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс

Іңкәр:

1836 – 1838 ж.ж Ішкі Бөкей Ордасындағы көтеріліс

1916 ж Ұлт азаттық көтеріліс

Балнұр:

1918 – 1920 ж.ж Азамат соғысы

1931 – 1932 ж.ж Жаппай ашаршылық

1937 – 1938 ж.ж Жаппай репрессия







Ерасыл:

1941 – 1945 ж.ж Ұлы Отан соғысы

1954 – 1956 ж.ж Тың игеру

1986 ж Желтоқсан оқиғасы



Тыңдаңыздар, мөлдір аспан, бұйра қырат,

Таулардан сылдырап бір құлап бұлақ.

Тыңдар балдырғандар әсем әнін,

Көпшілік салыңыздар жырға құлақ

Жібек:

Желбіресін байрағың желді күнге,

Биіктесін мәртебең елдігіңде

Таныта бер ұлы Тілі бар әлемге,

Керегеңнің кеңдігін де, теңдігін де!



Сәулесі бар нұрыңда таңғы үміттің,

Басын қосқан сан халық, сан ғұрыптың.

Даңқың артсын егеменді елім менің,

Серігіңе айналып мәңгіліктің.

Ахат:

1986 жылы «Желтоқсан» атты оқиға болды. Елдің егемендігін аңсаған жастар алаңға шықты. Желтоқсан желі дауылға айналды. Өрттей қаулаған жастар ұлттың намыс- құдіретін әлемге паш етті.

Назар:

Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шоқ ұрды,

Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың.

Кеудеңде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның,

Айналайын, айналайын жас өркені халқымның.



Ерғұлан:

Міне, Алаш арыстары армандаған көптен күткен күнге біз осы оқиғадан кейін қолымызды жеткіздік. Бұл күні, яғни 1991 жылы 16 желтоқсанда еліміз тәуелсіздік алып, ірі мемлекеттердің қатарына қосылды.

Жібек:

1993 жылы 15- қарашада теңгеміз дүниеге келді.

1995 жылы 30- тамызда Қазақстан Республикасының Ата заңы қабылданды.

1992 жылы Республикамыздың аспанында қазақ елінің жалауы желбіреді, елдігімізді танытар Елтаңбамыз қабылданды.

Балнұр:

1994 – 1998 жылдары Қазақстан аймағы ядролық қарудан тазартылды.

1998 жылы 10 – маусымда еліміздің тәуелсіздігіміздің жүрегі Астана қаласы Қазақстан Республикасының астанасы деп аталады.

Еліміздің рәміздерін қастерлеу, құрметтеу, сақтау – бәріміздің абыройлы міндетіміз.

Ахат:

Қайырлы күн, қымбатты ұстаздар, оқушылар!

Іңкәр:

Еліміздің егемендік алуы, халқымыздың тарихында жаңа дәуірдің бетін ашты. Ол баршамызды өзіміз тіккен ортақ шаңырағымыздың тәуелсіздігі.



Арнұр:

Тәуелсіздік ата – бабам аңсаған,

Жете алмай құрбан болды қанша адам.

Айгерім:

Махамбеттер, кешегі өткен Қайраттар,

Ән кезеңде сен деп ерлік жасаған.

Айару:

Құтты болсын тәуелсіздік мейрамы,

Ол әркімге еркін өмір сыйлады.

Қарақат:

Тәуелсіздік он бір әріп құраған,

Сан ғасырлар бар қазақққа болды арман.

Ахат:

Тәуелсіздік қасиетті ұғым бұл,

Ей, келіншек, жан- тәніммен ұғып біл.

Он бір әріп не мағына береді,

Ал, талдайық, жеткенінше қызыл тіл.

Жібек:

Ия, сонымен «тәуелсіздік» дегенді қалай түсінеміз?

Ерғұлан:

Өз алдына дербес, еркін мемлекет, ешкімге тәуелді болмай, ішкі, сыртқы саяси мәселелерді шеше алалтын мүмкіндігі бар елді тәуелсіз мемлекет деп атаймыз.

Назар:

Тәуелсіз мемлекет атануымызға кімдердің еңбегі сіңді?



Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаев, Ләззат Асанова, Сәбира Мұхаметжанова, сияқты азаматтардың еңбегі сіңді.



«Орындарыңыздан тұрыңыздар, сот келе жатыр» деген дауыс шығады. Шымылдық артынан сот үкімі оқылады.. «Қайрат Рысқұлбеков Қазақ КСР қылмыстық кодексінің 60- бабы бойынша 3 жылға 1- тармағы бойынша ең жоғарғы жаза – өлім жазасына кесілсін» сот Қ.Рысқұлбековке ақырғы сөз кезегі берілсін.

Қайраттың ақырғы сөзі:

Күнәдан таза басым бар,

Жиырма бірде жасым бар.

Қасқалдақтай қаным бар,

Бозторғайдай жаным бар,

Қайрат деген атым бар,

Қазақ деген затым бар.

Еркек тоқты құрбандық

Атам десең атыңдар.











Ерсұлтан:

Нашақор деп, ұлтшыл деп,

Қазақққа күйе жаққан күн.

Базары кетіп бір күнде

Қайғыға халық батқан күн.

Еламан:

Әділдік пен шындықты,

Өтірік жала еткен күн.

Надан жасаған шындықты,

Адамдар азап шеккен күн.

Ерасыл:

Кез емес жаугершілік «аттан» атты,

Алаңның шеруі емес салтанатты.

Қытымыр қыстың басы сол бір айда,

Желтоқсан желі әлемді жалт қаратты.



Азаптады қарақшылар қанқұйлы,

Қазақ қыздар қорлық көрді санқилы.

Арпалысып теңдігі үшін халқының,

Батыр Ләззат желтоқсанда жан қиды.

Ануар:

Қақаған қыстың ызғары,

Сүйектен өтіп кеткен күн.

Қаракөз қазақ қыздарын,

ОМОН – дар бастан тепкен күн.



  • 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақтсан Республикасының мемлекеттік тәуелісздігі туралы Конституциялық Заңы қабылданды.

  • Міне, биыл тәуелсіздікке – 24 жыл, арман орындалды. Еліміздің көк байрағы астанамызда желбіреп тұр. Өз елтаңбамыз, өз әнұранымыз бар.

Мадина:

Мен қазақпын, биікпін байтақ елмін,

Қайта тудым өмірге қайта келдім!

Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске,

Айта бергім келеді, айт бергім!

Ануар:

  • «Орнында бар оңалар» демекші, ел орнында, жер орнында, Жерге жетер байлық жоқ. Жер болса, ел болса ер болады. Ерлеріміздің арқасында Қазақстан егеменді ел болып, дүние жүзі танылды.

  • 1991 жылы 1- желтоқсанда тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ел Президенті етіп сайланды.

  • 1992 жылы 6 – маусымда Қазақстан Республикасының аспанында қазақ елінің жалауы желбіреді, елдігімізді танытар Елтаңбамыз қабылданды.



  • 1993 жылы 15 – қарашада төл теңгеміз дүниеге келді.



  • 1995 жылы 30- тамызда Қазақстан Респубилкасының Ата Заңы қабылданды.



  • Тәуелсіздігіміздің тірегі, елдігіміздің жүрегі – Астана қаласы 1998 жылы 10 – маусымда Қазақстан Республикасының астанасы деп аталды.



Назар:

  • 1992 жылы қазан айында ғарышқа тұңғыш рет қазақ ғарышкері Т.Әубәкіров ұшты.

Айдар:

  • 2011 жылы қаңтар айында Қазақстанда қысқы Азида ойыны өткізілді.

  • Тәуелсіздік алған соң өз еркімізбен ядролық қарудан бас тарттық.

Ахат:

Қазақстан рәміздері – елдігімнің белгісі,

Білу керек балаға дейін ең кіші.

Әнұран, көгілдір ту, елтаңба,

Рәміздерін жатқа білсін әр кісі.



Көптен күткен көк байрақ желбіреді,

Күннің көзі көктемдей елжіреді.

Мұнан ыстық, жалын от бар ма сірә,

«Отан» әнімен жүрегім тербеледі.

Ерғұлан:

Атыңнан айналайын егемен ел,

Тәуелсіз күнің туды кенеле бер.

Мерейің құтты болсын, Тәуелсіздік!

Ғасырдың тойы болшы келе берер.



  • Осымен «Тәуелсіз ел – Қазақстан» атты тәрбие сағаты аяқталды.

Тәуелсіздігіміз тұғырлы,егеменді еліміздің еңсесі биік болсын!




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 2 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
«Т?уелсіз ел – ?аза?стан»

Автор: Назарбекова Айгуль Еркиновна

Дата: 17.01.2016

Номер свидетельства: 278070


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства