kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Т?уелсіздік деп со?ар ж?регіміз...

Нажмите, чтобы узнать подробности

Астана -ару  ?ала та?ырыбына  арнал?ан  сайыс  саба?  жоспары.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Т?уелсіздік деп со?ар ж?регіміз...»

Күні: 10.12.2014ж

Тақырыбы: «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз...»

Мақсаты: Оқушыларға Қазақстан Республикасының тәуелсіздіккежету жолындағы кезеңдерін көрсету,еліне,жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру,патриоттық сезімін ояту.

Көрнекілігі: слайд,буктемелер,суреттер,шарлар,ту.

Кештің барысы: «Көк тудың желбірегені» әні

Оқушы орындауында:

«Мен қазақпын» М.Мақатаевтің өлеңімен басталады.


1-жүргізуші:

Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және қадірменді қонақтар! Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 23 жылдығына арналған «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!

2-жүргізуші:

23 жыл ,23 жыл азаттық

Өзімізді құрсаудан да босаттық

Ақтадық біз ата-баба үмітін

Қолда қазір көк ту менен бостандық


Желтоқсанның қанды суық ызғары

Қалың әскер қазағымды қорлады

Тәуелсіздікті қолдаған жастардың

Отан үшін табандары тозбады

2-жүргізуші:

Болмасам да сол кезде мен сеземін

Жүректе намыс оты сөнбегенін

Ызғарына аяздың төзгендерін

Бұл күннің оңайлықпен келмегенін


Құтты болсын тәуелсіздік мерекесі

Мықты болсын елімнің керегесі

Тату –тәтті болып халқымыз әрқашан

Кетпесін туған жердің берекесі.

2 «Б»сынып оқушыларының тәуелсіздікке арналған өлең шумақтарын қабыл алыңыздар!
 Камилла:
Армандарды жақындатып тым алыс,
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.
Егемендік - ел бақыты, ертеңі, 
О, халайық! Құтты болсын қуаныш!
Асыл:
Азат өлкем күндей күлген шығыстан,
Асыл елім жан - жүректі ұғысқан.
Ата бабам аңсап өткен бақытым, 
Айналайын, Қазақстан - Гүлстан!
Айбек: 
Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің
Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің 
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті 
Тәуелсіз Қазақстан – елім менің
Жанел:
Тас еденде жатты қазақ баласы,
Ауырса да, қыңқ етпеді жарасы,
Жараланған жолбарыстай, ышқынып,
Айтып жатты соңғы сөзін ол ащщы!!!......

Аружан:
Желтоқсан – заман толғағы байтақ даланың, 
Шарпыған сәті үміт пен күдік қаланың 
Желтоқсан – Қайрат, Ләззат, Сабира 
Құрбаны болған жаланың 
Ал қоғамның адамнан бар ма асылы, 
Кеткенде жоқ құлақтан зар басылып, 
Бұғаудағы боздақтары кете барды
Бірі атылып, ал бірі дарға асылып
1- жүргізуші:

Назарларыңызды экранға аударуыңызды сұраймыз!

Видеоролик : «Желтоқсан жаңғырығы»

(Ә.Тінәлиевтің «Желтоқсан желі» әні ойнап турады)

1986 жылғы Алматыдағы Желтоқсан оқиғасы қазақ топырағына ұлттық санасын, намысын жетелеген жаңа әрі қайсар буынның келгенін әйгіледі. Біздің жастар 1986 жылы желтоқсан айында Алматыда және басқа қалаларда ереуілге шықты. Көтеріліске шыққан жастар көбінесе студенттер еді. Жасақшылар жастарды аяусыз ұрып –соғып азаптады.

Біздің жастар тәуелсіздік жолында маңызды қадам жасады.Олар сол жолда құрбан болды. Армандары толығымен іске асты. Олардың істері бізге өнеге.Қазақ елі өзінің тәуелсіздігін алды.Өкініштісі, құрбан болған боздақтардың осы күнге жетпеуі.

Міне,осы бір жантебірентер сәтте қазақ елінің еркіндігі мен бостандығына басын тіккен , туған елінің тәуелсіз ,еркін ел болғанын көре алмай өткен қазағымыздың қаһармандары Қайрат Рысқұлбеков,Ляззат Асанова,Ербол Сыпатаев,Сабира сынды қыздарымыз мен ұлдарымыздың рухына бас иіп, 1 минут үнсіздікпен еске алайық.

(Оқушылардың орындауында Қайрат ,Ляззаттың айтылған сөздері оқылады)

Ляззат сөзі:

«Жасқанбаған жауыңнан

Біз-қазақпыз, қапсыз!

Өмір керек азапсыз

Ел боламыз егемен

Сонда ғана азатпыз».

Қайрат сөзі:

Күнәдән таза басым бар

Қазақ деген атым бар

21-де жасым бар

Қасқалдақтай қаным бар

Босторғайдай жаным бар,

Алам десең алыңдар.

Қайрат деген атым бар

Қазақ деген затым бар

Еркек тоқты құрбандық,

Атам десең атыңдар.

Мен не етермін, не етермін

Мен келмеске кетермін

Көрмеген қош бол таңдарым,

Көре алмай мен өтермін.

Хош, аман бол артымда,

Ағайын-туыс, азамат,

Артымда қалған ата-анам,

Ел жұртым саған аманат!

Міне, осылайша алаңға шыққан қазақ жастары қорлық көріп, жәбір шекті. Оладың бірқатары түрмеге жабылып, сотталды, бірқатары оқудан шығарылып, қызметтерінен айырылды, қатаң сөгістер алды, ішкі істер қызметкерлерінің үнемі назарында болды. Қаншама қазақ жастары денсаулықтарынан айрылып, мүгедек болып қалды. Дегенмен, қазақтың өр Рухы өлмеді.

Тарихтың беті айналып, 1991 жылы көп аңсап, арман еткен тәуелсіздігімізді алдық. Осы жолда Желтоқсан оқиғасының орны ерекше. Қазақ даласындағы өзге ұлт-азаттық көтерілістерден Желтоқсан көтерілісінің бір өзгешелігі-мұнда кілең сайдың тасындай қыз-жігітеріміздің қатысуы. Ұлттық намысты ту еткен олар қандай мақтауға да лайықты.Желтоқсан оқиғасына қатысқан жандардды біз ардақтап, құрметтей білуіміз керек.

Әмірбек:

Ерлерді ұмытса да ел, сел ұмытпас,

Ерлерді ұмытса да ел, жел ұмытпас.

Ел үшін жанын қиып, жауды қуған,

Ерлерді ұмытса да ел бел ұмытпас.

Айдын:

Ел үшін төккен ерлер қанын жұтып,

Ерлерді ұмытса да ел, жер ұмытпас.

Арқаның селі, желі шөлі белі-

Ерлерді ұмытпаса ел ұмытпас,

1-жүргізуші:

Көк тәңірінің қайсар рухты ұлы едік,

Күнім туып,тағы қайта түледік.

Көгілдір ту! Дархан дала қыраны

Зеңгір көкте самғай ұшып жүр, әні!

2-жүргізуші:

Елтаңбамда – жанжағынан жарқын түсті

Уықтары жамырап,

Көрген сайын көзіңе оттай басылатын Шаңырақ!

Алтын қанат, ай мүйізді қос пырақ,

Барлық ұлтты бөлектемес бейбіт көңіл бос-пырақ

Биік самғап болашақта ұмтылар,

Маңдай тұста мәнгілік шуақ шашып, Күн тұрар!
Нұрсұлтан:
Бақытым - Республикам Қазақстан, 
Көгінде ақ көгершін, қаздар ұшқан. 
Саған жетпес құшағы әлемнің де, 
Қыс болса, бір шетінде жаз ауысқан.
Балщаби
Қазақ дейтін менің бір елім, 
Жатыр алып жарты дүние әлемін. 
Бұл даланы анам жаспен суарған, 
Бұл далаға жылап келіп қуанған, - деп Қасым Аманжолов ағамыз жырлағандай, кең байтақ жерімізде Қазақ халқының басынан не өтпеді десеңізші. Талай қиындықты бастан кешірсе де, ешқашан мойымай, күресе білді. Азаттық таңы туатынына кәміл сеніп, үміттерін үзбеді. 

Тақтада біздің сыныптың оқушыларының осы бүгінгі мерекемізге арнап салынған суреттері ілінген. Олар Қазақ еліміздің көгілдір көк байрағын,алтын күн шуағымен әсемделген елтаңбасын, кең байтақ жерін,керемет көз тоймайтын табиғатын өз суреттерінде бейнелген.
Акниет:
Қасиетті Қазақстан мекенім, 
Ақиқаттың алтын бесігі екенсің. 
Елім, жерім, Отаным – бақ - дәулетім, 
Болашағым, өнер - білім, өркенім.
Ақгүл:
Бейбіт өмір тілеймін мен халқыма 
Туған тілім шұбарланба жарқыра 
Тарихымызда таланттылар көбейсін
Бас иемін ата баба рухына.
Қарақат:
Бойымда әні бұлақ жатыр бұрқырап
Сол бұлақтан сыр ағыздым жыр құрап
Тілейтінім барша жұртқа бір ғана 
Ырыс, бақыт, татулық пен ынтымақ. 

Хор «Қазақстан» орындайтын 2 Б - сынып оқушылары  (Барша бала артында шығып тұрады, қолдарында шар мен жалауша) 
Аружан:
Ту тігілді халқымның бүгін бағына
Жас өрендер желбіретіп нық ұста
Ғасырларға жалғастырып елдікті
Дақ түсірме ата баба рухына
Үлгі бізге аталардың ерлігі
Ұлағаты өнегесі еңбегі
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары
Айгерім;
Қазақ елім! Туды жастық дәуірің. 
Алғандайсың жұлдызыңның жарығын. 
Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым, 
Туған күнің құтты болсын, алыбым! 

Жүргізушілер:
Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік, ағайын. Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар!




















Желтоқсан көтерілісі — 1986 жылы 17 — 19 желтоқсан аралығында Алматыда болған қазақ жастарының КСРОүкіметінің отаршылдық, әміршіл-әкімшіл жүйесіне қарсы наразылық іс-қимылдары. Бостандыққа, тәуелсіздікке ұмтылған қазақ халқы тарихындағы елеулі оқиға болып табылады. [1]

Мазмұны

  [жасыру] 

  • 1 Себептері

  • 2 Көтеріліс хронологиясы

  • 3 Куәгерлердің естеліктері

  • 4 Тарихи маңызы

  • 5 Желтоқсан көтерілісі туралы

    • 5.1 Әдеби шығармалар

  • 6 Дереккөздер

  • 7 Сыртқы сілтемелер

  • 8 Тағы қараңыз

Себептері

Желтоқсан оқиғаларына арналған Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік монументі

Көтерілістің басталуына Мәскеудегі орталықтың республика халқының пікірімен санаспастан Ресейдің Ульянов облысы партия коммитетінің 1-хатшысы Г.В. Колбинді ҚКОК-нің 1-хатшысы етіп тағайындауы түрткі болды.



Қазақстан тәуелсіздігін алған соң Желтоқсан көтерілісі туралы шындық қалпына келтіріліп, бұл жөнінде “Желтоқсан. 1986. Алматы.” (құрастырылған Т.Өтегенов, Т.Зейнәбілов), “Желтоқсан құрбандарын жоқтау”, “Ер намысы — ел намысы” жинақтары, К.Тәбейдің “Мұзда жанған алау”, Т.Бейісқұловтың “Желтоқсан ызғары” кітаптары мен “Желтоқсан” (бас редакторы Х.Қожа-Ахмет) газеті жарық көрді, “Аллажар” (1991, реж. Т.Теменов), “Қызғыш құс” кинофильмдері түсірілді. [2]

Оқиғаға қатысқандарды саяси тұрғыдан қуғындау басталды. 99 адам сотталды, 264 студент оқудан шығарылды. 1987 ж. жазда КОКП Ок қаулысы шығып, желтоқсан оқиғасы қазақ ұлтшылдығының көрінісі ретінде бағаланды. Желтоқсан оқиғасы қоғамның саяси өмірін демократияландыруға серпін берді.

Осы күнге дейін мемлекет желтоқсан көтерілісінің тарихи маңызын жоғарлатуға зор үлес қосып келеді. Көтерілісінің құпиялары толығымен ашылған жоқ.

Көтеріліс хронологиясы

Солдан оңға қарай: Е.Көпесбаев, Т.Тәшенов,Қ.Рысқұлбеков және К.Күзембаев өздеріне шығарылған сот үкімін тыңдап тұр.

Алматы қаласында орналасқан 1986 жылғы желтоқсан көтерілісін еске алу монументі.

17 желтоқсан күні таңертеңгі сағат 8-де қаладағы Л.И.Брежнев атындағы алаңға (қазіргі Республика алаңы) саяси тәуелсіздікті талап еткен ұрандармен алғашында 300-дей адам жиналып, кешкісін көтерілісшілер саны 20 мыңға жетті. Бірақ көтерілісшілердің қойған талап-тілектері аяқ асты етіліп, “бұзақыларды” күшпен тарату мақсатында алаңға құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен арнайы әскери күштер тобы жеткізілді. КСРО ІІМ-нің бұйрығы негізінде дайындалған “Құйын — 86” операциясы бойынша көтеріліс қатыгездікпен басып жаншылды.

18 желтоқсан күні алаңға қайта жиналмақ болған көтерілісшілерге қарсы әскер күші қолданылды. Көтерілісшілердің қалған топтарын ығыстыру үшін жедел отряд, милиция мен жасақшылардан арнайы топтар құрылып, қала көшелеріне аттандырылды.

Осы әскери күштер 19 желтоқсан күні қаланың әр тұсында қайтадан шеруге шықпақ болған 6 топты басып, таратты. Алаңдағы көтерілісшілер таратылған соң ішкі істер бөлімдеріне 2401 адам жеткізілген (Алматы түрмесіне сыймағандықтан, қала сыртына апарып тасталғандарды қосып есептегенде барлығы 8,5 мың адам ұсталған). Желтоқсан көтерілісі құрбандарының қатарында Е.Сыпатаев, С.Мұхаметжанова, К.Молданазарова, Қ.Рысқұлбеков, М.Әбдіқұлов, Л.Асанова сынды ержүрек қазақ жастары бар.

Желтоқсанның 19 — 23 аралығында халықтың наразылық шерулері мен митингілер Қазақстанның Жезқазған, Талдықорған, Көкшетау,Қарағанды, Арқалық, Павлодар, Жамбыл, Талғар, Сарқан, т.б. қалалары мен Сарыөзек, Шамалған, Шелек елді мекендерінде жалғасты.

Куәгерлердің естеліктері Тарихи маңызы

Желтоқсан көтерілісіне КОКП ОК-нің қаулысымен “қазақ ұлтшылдығының көрінісі” деген баға беріліп, көтеріліске қатысқан азаматтар қуғын-сүргінге ұшырады. КСРО-ның тоталитарлық, отаршыл саясатына қарсы қазақ жастарының азаттық күресі тарихи маңызы бар үлкен оқиға болды.

Желтоқсан көтерілісі туралы

Кино:

  • "Аллажар", Желтоқсан көтерілісінің бар көрінісін Қаллдыбай Әбеновтың осы фильмінде керемет баяндалады. [3]

Қаллдыбай Әбенов

1988-89 жылы фильмді бастағанда «маған ешкім кедергі жасамағанда, әлі де болса көптеген ақиқатты жарыққа шығарар ма едім?» деп ойлаймын кейде. Алаңда, алаңнан тыс жерлерде 2000-нан астам шейіт болған жастарымыздың денелерін толық еркіндігіміз болғанда, бәлкім, біз табар ма едік. Ақиқаттың көбі оқиғадан кейін-ақ жойылды. Мен фильмді Желтоқсан оқиғасына қа­тыс­қан, түрменің азабын шегіп келген уыз­дай жастарымыздың айтқан әңгіме­лері, бойынша түсірдім. Қазақтың ұл-қыз­дарын шырылдата сабап жатқан жер­лерін өздерінің айтуларымен жасадым. Толқуды да оқиғаның бел ортасында болған балалардың әңгімесінен алдым. [4]

Әндер:

  • "Желтоқсан ызғары"[5]

Әдеби шығармалар

Айқараңғысы - Тұрысбек Сәукетаевтың 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы жайлы романы [6].

Дереккөздер
  1. Жоғарыға көтеріліңіз↑ [1] Желтоқсан – оқиға емес, көтеріліс!

  2. Жоғарыға көтеріліңіз↑ Қазақ энциклопедиясы,3 том

  3. Жоғарыға көтеріліңіз↑ [2], YouTube Сервисі

  4. Жоғарыға көтеріліңіз↑ http://qazaq.kz/?p=2020 «Аллажар» фильміне қамқорлық қажет

  5. Жоғарыға көтеріліңіз↑ http://www.youtube.com/watch?v=5VlGYF0eFUQ&feature=related

  6. Жоғарыға көтеріліңіз↑ «Айқараңғысы» – Желтоқсан оқиғасы туралы роман

Сыртқы сілтемелер
  • Желтоқсан эпопеясы (Жалғасы. Басы өткен санда) ДҮРБЕЛЕҢ

  • Желтоқсан эпопеясы (Басы. Жалғасы келесi сандарда)

  • Арнайы комиссия құрылса. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТI Н.Ә.НАЗАРБАЕВҚА

  • Қазақ зиялыларының ашық хаты

  • Желтоқсанға - 25 жыл

  • Қайсар қызы сен қазақтың!

  • Қайраттың хаты

Тағы қараңыз



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 2 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Т?уелсіздік деп со?ар ж?регіміз...

Автор: Бакытжанова Г?лмира Солдатовна

Дата: 26.04.2016

Номер свидетельства: 322872


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства