Просмотр содержимого документа
«Ту?ан жерім-аяулым»
«Туған жерім – аяулым» білгірлер сайысы
(4 сынып)
Мақсаты: Тәуелсіз Қазақстан туралы алған білімдері арқылы оқушылардың таным дүниесін кеңейту, ізденімпаздық, тапқырлық қасиеттерін қалыптастыру, Отанға деген сүйіспеншілік сезімін арттыру.
Армысыздар, сайысқа қатысушылар, құрметті ұстаздар! 14 желтоқсаннан бастап мектебімізде қазақ тілі апталығы өтуде, осы апталыққа байланысты 4 сыныптар арасында өтетін «Туған елім- аяулым» білгірлер сайысына қош келдіңіздер! Бәріңізді Тәуелсіздік күнімен құттықтай отыра сайысымызды бастаймыз.
Жүргізуші: - Құрметті сайыскерлер! Сайысты бастамас бұрын сіздерге оның өту барысынан қысқаша мәлімет бере кетейік.
1 кезең: «Бәйге» сайысы.
2 кезең : «Шығармашылық» сайысы.
3 кезең: «Мақал- мәтелдер» сайысы
4 кезең: «Сөзтізбек» ойыны
5 кезең: «Қос тіл- қос қанатың».
6 кезең: «Жаңылтпаштар» сайысы
7 кезең: «Топ басшылары» сайысы
Сайыс жеті кезеңнен тұрады, берілген тапсырмаларды дұрыс, нақты жауап беріп, жоғары ұпай алған топ жеңімпаз деп атанады.
- Балалар, «Қазақ тілі» еліне сапар шегеміз. Алдымыздан көп сайыстар кездеседі. Ондағы тапсырмаларды орындаған топ мүшелері «Қазақ тілі елінің құрметті азаматы» атағын жеңіп алады. Әр сайысқа 10 ұпайдан және капитандар сайысына да ұпай қойылады. Ең жоғары ұпай- 10, ең төмен-2.
- Қазылар орнықтырар әділдікті,
Кімдердің жауаптары кәміл шықты?
Білім мен тапқырлықтың сайысында
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты!- деп әділ қазылар алқасын сайлаймыз.
Әділ қазылар алқасы сайланады.
-Төселген жазушы емес менің затым,
Көркемді жұмыс емес жазған хатым.
«Сергек ой-ер серігі» дейді қазақ,
Салмақпен ел танысын ерлер атын,-деп сайысымызды бастаймыз:
I. «Сәлем-сөздің бастауы». Екі топтың сәлемдесуі.
Бірінші топ:
Топтың аты: «Туған жер»,
Ұраны: «Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас»
Екінші топ:
Топтың аты: « Отан»
Ұраны: « Отансыз адам ормансыз бұлбұл»
1 кезең :«Бәйге» сайысы.
«Сұрақ – жауап» сайысында әр оқушы қоржыннан асық алып, нөмірін айтады. Сол нөмірлі сұраққа жауап беруі тиіс.
Сұрақтар:
1.Қазақстан қандай мемлекет?
2. Қазақстанның елбасшысы кім?
3.Сен қай мемлекетте тұрасың?
4. Қазақстанның астанасы қай қала?
5. Сен қай қалада тұрасың ?
6. Сен қай облыста тұрасың?
7. Қазақстанның рәміздерін ата ?
8. Астананың символы не?
9. Алматының символы не?
10.Тудың авторы кім?
11.Елтаңбаның авторлары кімдер?
12.Әнұранның авторлары кімдер?
2 кезең: «Шығармашылық» сайысы.Бұл сайыста топтар өз өнерлерін көрсетеді.
1.«Туған жер» тобы «Отан» тақырыбына байланысты өлеңдерін мәнерлеп оқиды.
2. «Отан» тобы « Туған жер» тақырыбына байланысты өлеңдерін оқиды.
- Құрметті әділ – қазылар алқасы, қазір ән шашу болады,содан кейін сіздерден осы өткен екі сайыстың қорытындыларын жариялауларыңызды сұраймыз.