Просмотр содержимого документа
«Ту?ан жер туралы жыр »
Күні:27.11.2014
Пәні: әдебиеттік оқу
Сабақтың тақырыбы: Туған жер туралы жыр (қалмақ ертегісі) Сабақтың мақсаты: Мәтін мазмұнын өз бетімен түсініп оқуға және оның идеясын ашуға жол салу. Күтілетін нәтижелер: Пәндік нәтиже: мәтінмен жұмыс істей білуге, мәтіндегі негізгі ойды таба білуге жағдай жасау. Түсініп, жүгірте оқи білу, ойын толық жеткізе білуге машықтандыру, ауызекі сөйлеу тілдерін дамыту. Тұлғалық нәтиже: туған жерге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Сабақтың көрнекілігі: әнші құстар, тордағы құстардың, туған ауланың, қаласының суреттері. Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Психологиялық дайындық.
Сабақты біз бастаймыз
Артта қалып қоймаймыз
Қандай сұрақ болса да
Жауап таппай қоймаймыз
Миға шабуыл
-балалар біз әдебиет сабағында нелермен танысамыз?
-ауыз әдебиетінің қандай түрлерін білесіңдер?(жұмбақ, мақал-мәтел, өтірік өлең, ертегі т.б)
-Ертегінің түрлерін білеміз бе? (қиял-ғажайы, тұрмыс –салт, хайуанаттар)
-балалар, осы оқып жатқан тарауымыз қалай аталады? (неткен сұлу, неткен көркем, осы менің туған өлкем)
-өте жақсы, ал онда не туралы айтылған? (туған жер, отан)
-Отан, туған жер туралы кімдердің шығармаларын білдік?(Ермек Өтетілеуов, Мұзафар Әлімбаев т.б)
-олай болса топқа бөлінейік
1 топ-туған елім
2 топ- туған жерім
3 топ-туған өлкем
4 топ-атамекен
-кәне бәріміз ән тыңдап жіберейік
Ән: туған жер
-балалар, ән не туралы? (туған жер туралы)
-ал, туған жер туралы не білесіңдер?
Жаңа тақырып: туған жер туралы жыр
-олай болса аудиотаспаға құлақ түрейік
-Ары қарай не болды деп ойлайсыңдар?
(оқушылар өз ойларын айтады)
Мәтін бөліктерге бөлініп тыңдалады, әр бөлік сайын өз ойларын айтып отырады.
ертегіні жақсы оқитын балаға оқытамын
Сөздік жұмыс
Император – мемлекет билеушісі. Жұмақ – рақат өмір. Ғұлама, данагөй – оқымысты, білімді адам. Нөкер – императордың көмекшісі.
Терме диктант:
Ежелгі заман (бұрын), қалмақтар (Қалмақтар – Ресей Федерациясы құрамындағы Қалмақ Республикасының (Хальмг Тангч) жергілікті халқы. Моңғол-тунгус тілінде сөйлейді. Будда дінін ұст. Тілі Алтай тілдерінің батыс-моңғол тобына жатады. Б. з. б. 1-мыңжылдықта қазіргі моңғолия жерін мекендеген), император(мемлекет билеушісі), мамық (үлпілдек), жұмақ(рақат өмір), уәзір(император көмекшісі), қапырық(ыстық), әмір ету(бұйыру), данагөй,ғұлама (оқымысты,білімді адам), зындан (жерден қазып жасалған қамақ), жат жұрттық (басқа елдің адамы), азаттық (бостандық), өз иелігіндегі (өзіне қарасты), сексеуіл (ағаш тектес өсімдік)
-Ал балалар қандай әнші құсты білесіңдер?(бұлбұл)
-Дұрыс, Бұлбұлдар—торғайтәрізділеротрядының сайрауықтар тұқымдасына жататын әншіқұстар.Қазақстандаекі түрі – шығыс, бұлбұлыжәнеоңтүстік бұлбұлыкездеседі. Дене тұрқы 160 – 190 мм, қанатының ұзындығы 90 мм-дей, салмағы 17 – 26 г. Арқасы қара-сұр, қоңыр-сұр, бауыры ақшыл болады. Бұлбұл – жыл құсы.
Тапсырма:
1 топ-әнші құс неліктен сайрауын тоқтатты?
2 топ- тұтқын адам құстың сайрамау себебін қалай тапты деп ойлайсың?
3 топ- ертегінің қай тұсында императордың өзі де құсқа ұқсап қалды?
4 топ-император сөзінде тұрып тұтқынды босатты деп ойлайсың ба?
Топтық тапсырма:
1 топ- осы ертегі ертегілердің қай түріне жатады
2 топ- туған жер туралы мақал жазу
3 топ- император бағы мен құстың туған жерін салыстыру
4 топ-туған жер туралы постер қорғау
Қорытынды: Тесттік тапсырманы орындау. 1. Ертегі не туралы?
А) туған жер+
Ә) байлық
Б) халық
2. әнші құс неге сайрамады?
А) ауруға шалдыққын
Ә)мүлдем сайрап көрмеген
Б) туған жерін сағынғандықтан+
3. Императордың ертегі соңында нені түсінді: А) құстың тар жерде отырғысы келмейтінін; Ә) құстың туған жерде ғана рақат өмір сүретінін;+ Б) ғажайып баудың әнші құсқа ұнамағанын Үйге тапсырма: Туған жер туралы жыр. Бағалау: