kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Т?рлаулы м?шелер.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Махсотова Гульжанар Сериковна учительница начальних классов средней школы №7 имени М.Ауезова.Я со  своими учениками активно участвою на различных конкурсах. Я хочу дисциплинированная и старательная  учительницам, свободно владеет разнообразными формами методами  изложения нового материала, добивается активной  учебной работы учащихся. Много внимания уделяет воспитательному процессу в ходе обучения. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Т?рлаулы м?шелер. »



Пәні: Қазақ тілі.

Тақырыбы: Тұрлаулы мүшелер

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Бастауыш пен баяндауыштың тұрлаулы мүшелері екенін ұғындыру.

Дамытушылық: Оқушылардың сауатты жазу дағдыларын жетілдіру, сөздік қорын байыту, байланыстырып сөйлеу дағдысын дамыту.

Тәрбиелілік: Өзара ынтымақтастыққа, сыйластыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: талдау, сұрақ-жауап, топпен жұмыс, топтастыру, ойын.

Көрнекілігі: ереже жазылған плакат, интерактивті тақта, суреттер

Пән аралық байланыс: Әдебиеттік оқу, бейнелеу

Сабақтың жүру барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды топқа бөлу

І топ: қызыл түс

ІІ топ: сары түс

ІІІ топ: жасыл түс

Психологиялық дайындық.

Мұғалім:

- Әрбір адам?

- Әрбір сабақ?

- Әрбір ісің?

- Әрбір сөзің?

Оқушылар:

Туысым, досым, жұрағат.

Үйрену, ұғу, ұлағат.

Тірлік, тірек, адамдық.

Шындық, бірлік, адалдық.

-Олай болса, балалар, бүгінгі сабағымызды бастаймыз, әрбір ісімізге мұқият болайық.

Топ ережесі құрылады.

1. Топ мүшелерімен ақылдасу.

2. Кез-келген сұраққа, тапсырмаға бірлесе отырып, жүйелі жауап беру

3. Басқа топ мүшелерін тыңдау, сыйлау

4. Уақытпен санасу


ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

55-жаттығу. Өлеңді бастауыштан кейін сызықша қойып көшіріп жазу




3 топтан 3 оқушыдан сұралады.

1-топ: Отан-туған үйіміз,

2-топ: Отан -туған жеріміз.

3-топ : Отан-ортақ үйіміз.


Көңілді ән мен күйіміз.


ІІІ. Мақсат қою кезеңі. (сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау)

- Балалар, сабағымызды жақсы көңіл-күймен өткізіп, белсенділігіміз бен білімімізді көрсетейік. Сабақ соңында кім сабақта белсенді және білімді болған балаға зерек, білімді, талапты, алғыр атағы беріледі.


IV. Жаңа сабақ: Ұйымдастырылған ізденушілік.

- Оқушылар, қазір жылдың қай мезгілі?(Қазір күз мезгілі)

- Күзден кейін қай мезгіл келеді?(Қыс мезгілі келеді)

- Қыс айы қай айдан басталады?(Қыс желтоқсан айынан басталады)

- Желтоқсан айының алғашқы бірі күні қандай атаулы күн?( Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті күні).


Көркем жазу. "Қыс" деген сөзді дәптердің бір жолына көркем етіп жазу.


Оқулықпен жұмыс.

60-жаттығу. Сөйлемдерді оқып,олардың ұқсастықтары мен өзгешеліктері бар екенін оқулықтағы Негеш пен Білгішбектің диалог-әңгімесін оқыту арқылы таптыру.

Қар жауды.

Бүгін жапалақтап қар жауды.

Негеш: -Бұл сөйлемдерде қар туралы,оның жауғаны туралы айтылып тұр ғой?...

Білгішбек: Өте дұрыс.Екі сөйлем де қар туралы айтылып,оның жауғанын хабарлайды.

-Қар жауды. –сөйлемнің тұрлаулы мүшелері. Ол бастауыш пен баяндауыштан тұрады. Тұрлаулы мүшелер сөйлемдегі негізгі ойды білдіреді.

Бірінші сөйлем тек тұрлаулы мүшелерден тұрса, екінші сөйлемде бастауыш пен баяндауыштан басқа да сөздер қолданылады.



Тұрлаулы мүшелер



Бастауыш

Қар


Баяндауыш

жауды


V. Жаңа білімді меңгеру.

1. Ауызша жұмыс

61-жаттығу.

Сөйлемдерді оқып, тұрлаулы мүшелерді тап. Неліктен тұрлаулы екенін түсіндір.

Мектепте асхана бар. Аспазшы тамақты дәмді пісіреді. Балалар үзілісте асханаға келді.

(Тұрлаулы мүшелер бастауыш пен баяндауыштан тұрады. Сөйлемдегі негізгі ойды білдіреді)


2. Тақтамен, дәптермен жұмыс.

62-жаттығу

Мәтінді тиісті тыныс белгісін қойып көшіріп жазу. Мәтінге ат қою. Тұрлаулы мүшелердің астын сызу.

Балалар Ақлима әжейге көмекке келді қыздар үй тазалады ұлдар отын жарды ақлима әжей балаларға риза болды.


- Осы мәтінге ат қояйық? Не деп қоюға болады?( Көмекшілер, Қамқорлық)


3. Сергіту жаттығуы.


4. Өздік жұмыс.

63-жаттығу. Мақалды жатқа жазу. Тұрлаулы мүшелердің астын сызу.

Әр топтан оқыту. Мазмұнын ашу.

1. Әкеге қарап ұл өседі,

Шешеге қарап қыз өседі.

2. Жаман жолдас жолда қалдырады.

-( ұлда, қызда әкесімен анасынан үлгі өнеге алып өседі, тәрбиеленеді;

Жаман жолдас қиыншылықта қайырылмайды, көмектеспейді)


5. Шығармашылық жұмыс.

І топқа тапсырма:

Сурет бойынша тұрлаулы мүшеден тұратын сөйлем құрастырып жаз.

Жаңбыр жауды. (жаңбыр суреті)

Күн шықты. (күннің суреті)

Қарлығаш ұшты. (қарлығаштың суреті)


ІІ топқа тапсырма:

Көп нүктенің орнына тиісті тұрлаулы мүшені қою арқылы сөйлемді көшіріп жазу.

1. Оқушылар ... . 2. ... жазылды. 3. Қыс ... .






ІІІ топқа тапсырма:

Мағынасына қарай жасырын сөйлем мүшесін тауып,орнына қой:

1. ... түскі асты пісірді.

2. ... ұшақты басқарды.

3. ... әткеншек тепті.

4. ... бесік жырын айтты.

Жасырын сөздер: бала, әже, аспаз, ұшқыш


6. Дидактикалық ойын: «Кім тапқыр?» 64-жаттығу

Сөйлемдерді оқып, мағыналық байланысына қарай ретімен айтып бер. Тұрлаулы мүшелерді тап.

1. Тырна түлкіге тамақ беріпті.

2. Құмыра түлкінің басына сыймапты.

3. Тырна түлкіні қонаққа шақырыпты.

- Бұл қай ертегіден алынған үзінді?


7. Семантикалық карта.


Сөздер


Бастауыш


Баяндауыш


оқушы



келді



сырғанады



жазды



ойыншық



машина




VI. Қорытындылау.

«Себетке жина» ойыны.

Берілген сөздерді себеттерге жинау.

Себетте бастауыш,баяндауыш,басқа сөздер деп жазылады.


Мұғалім сабақ түсіндірді. Ағам шөп шапты.

Айжан кітап оқыды.








  • Балалар, бүгін біз не үйрендік?

  • Сөйлемнің қандай мүшесімен таныстық?

  • Оларды неліктен тұрлаулы мүшелер деп айтамыз?


VII. Үйге тапсырма: 65-жаттығу,77-бет.

VIII. Бағалау. Балаларды мақтап зерек, білімді,алғыр, талапты болған балаларды атап айту.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
Т?рлаулы м?шелер.

Автор: Махсотова Гулжанар Сериковна

Дата: 11.05.2015

Номер свидетельства: 209972


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства