kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

" Ц?рпі мен дыбысы"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? та?ырыбы: «Ц ц дыбысы мен ?рпі»

Ма?саты:

Білімділік: О?ушылар?а Ц дыбысы мен ?рпін таныту, о?у мен жазу да?дыларын ?алыптастыру;

Дамытушылы?ы: Ц дыбысына ?атысты жа?а с?здерді таныту ар?ылы о?ушыларды? білімін жетілдіру, тілін дамыту, с?здік ?орын молайту;

Т?рбиелігі: О?ушыларды білімділікке, ??ыптылы??а, сауаттылы??а, е?бек с?йгіштікке т?рбиелеу;

Саба?ты? т?рі: Жа?а саба?

Саба?ты? ?дісі: Ой ?оз?ау, топтастыру, тізбектей о?у, ойын, шы?армашылы? тапсырма, сурет ар?ылы с?йлем ??рау. Кластер ?дісі ар?ылы сай?ымаза?ты? бейнесін ??рату;

Саба?ты? к?рнекілігі: Суреттер, буындар, с?зж?мба?, слайд, сай?ымаза?ты? суреті, бейнеролик;

Саба?ты? барысы:

І. ?йымдастыру кезе?і:

а) О?ушыларды? назарын саба??а аудару

?) ?айырлы та?, достым!

?айырлы к?н болсын!

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«" Ц?рпі мен дыбысы" »

Сабақтың тақырыбы: «Ц ц дыбысы мен әрпі»

Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға Ц дыбысы мен әрпін таныту, оқу мен жазу дағдыларын қалыптастыру;

Дамытушылығы: Ц дыбысына қатысты жаңа сөздерді таныту арқылы оқушылардың білімін жетілдіру, тілін дамыту, сөздік қорын молайту;

Тәрбиелігі: Оқушыларды білімділікке, ұқыптылыққа, сауаттылыққа, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: Ой қозғау, топтастыру, тізбектей оқу, ойын, шығармашылық тапсырма, сурет арқылы сөйлем құрау. Кластер әдісі арқылы сайқымазақтың бейнесін құрату;

Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, буындар, сөзжұмбақ, слайд, сайқымазақтың суреті, бейнеролик;

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

а) Оқушылардың назарын сабаққа аудару

ә) Қайырлы таң, достым!

Қайырлы күн болсын!

Біздің алар бағамыз

Кіл бестіктер болсын!

Біз бүгінгі сабағымыздың барлық тапсырмасын орындасақ, сабақ соңында бір бейнені құрастырамыз.

ІІ. Үй тапсырмасы: Щ дыбысы мен әрпі

« Сөз ойла, тез ойла» ойыны

а) Щ дыбысы бар сөздерді айту;

ә) Щ дыбысы кездесетін сөздерді буынға бөлу

щи, борщ, а - щы, тұ - щы, щет - ка

б) «Щеткалардың айтысы» рөлге бөліп оқу

Сайқымазақтың бірінші бөлігін құрастыру

ІІІ. Жаңа сабақ: «Ц дыбысы мен әрпі»

- Ол жерде аңдардың ойынын көруге болады.

- Онда сайқымазақ пен сиқыршылар өнер көрсетеді.

- Цирк сөзінде неше дыбыс бар?

- Ол қандай дыбыстар?

- Бірінші дыбыс қандай?

- Дұрыс. Бүгінгі сабағымызда біз Ц дыбысымен және әрпімен танысамыз.

Ц дыбысы орыс тілінен енген сөздерде кездеседі.

Қане, бәріміз тақтаға қарайық. Тақтадағы суреттерге қарап, сөздерді қайталау.

Цех, цирк, концерт, цифр, цемент, цистерна

Жазылуы – Цц, баспа түрі – Ц ц

«Ц» дыбысы – дауыссыз, қатаң дыбыс

Біз ц дыбысын қай кезде айтамыз?



«Буын құра»

-----а

-----о

Ц---и

-----у

-----е

----ы

Сайқымазақтың екінші бөлігін құрастыру.

ІҮ. Оқулықпен жұмыс:

1/ цех цирк концерт цифр

2/ Суретпен жұмыс

Суретке қарап, сөйлемді құрастыру

Циркте сайқымазақ пен ит көрсетті. Ит шығыршықтан секіруге дайындалып тұр.

3/ Бейнеролик көрсету

Мәтінмен жұмыс:

- Мәтінді мұғалімнің оқуы;

- Сұрақ - жауап

Циркте кімдердің, нелердің ойындарын көруге болады?

Өзіңе қандай цирк ойыны ұнайды?

Оқушыларға оқыту

Сайқымазақтың үшінші бөлігін құрастыру

Дәптермен жұмыс:

Ц әрпінің емлесімен танысу. Ц әрпін жұмыс дәптерлеріне жазу

Сергіту сәті:

Бір, екі, үш

Бойға жинап күш

Қолға қалам аламыз,

Әдемі етіп жазамыз.

Жеке жұмыс:

Тез тапсырма орындаған балаға карточкалар таратып, ондағы сөздерге дыбыстық талдау жаса

Сайқымазақтың төртінші бөлігін құрастыру

Шығармашылық жұмыс:

«Концерт» тақырыбына әңгіме құрастыру

Мектепте мерекеге арналған концерт болды. Досан домбырамен күй орындады. Маржан ән айтты. Айбек өлең оқыды. Айгүл би тобы би

биледі. Балалардың өнері тамаша болды.

Сайқымазақтың бесінші бөлігін құрастыру

Сергіту сәті:

«Қарлы кесек» ойыны

Соңғы дыбысқа сөз ойлау

Айна, ағаш, шеге, етік

Сайқымазақтың алтыншы бөлігін құрастыру

Ү. Сабақты қорытындылау:

- Ц дыбысы қандай дыбыс?

- Ц қатаң дауыссыз дыбыс.

- Ц дыбысы сөздің қай жерінде кездеседі?

- Сөздің басында, ортасында кездеседі.

« Кім тапқыр?» ойыны

Түсіп қалған әріптерді орнына қой

... ирк, кон... ерт, ... ех, ... емент

а... ы, тұ... ы, ... етка, бор...

Сөзжұмбақ шешу:

1. Көру мүшесі

2. Түрлі көкөніс қосып пісірілетін тағам

3. Циркке кім барды?

4. Сандарды жазу үшін пайдаланамыз.

5. Құрылыс материалы.

6. Сайқымазақтың өнер көрсететін орны.

7. Астың дәмін келтіретін тағам

ҮІ. Үйге тапсырма: Ц ц дыбысы мен әрпін оқу

Сайқымазақтың сыйлығын үйлестіру











лассика

31 қаңтар 2013

4263

0

0

Петропавл қаласы

Қалалық класскикалық гимназия

Сейтбекова И. Т.



Сауат ашу:

Сабақтың тақырыбы: Ц ц дыбысы мен әрпі.

Сабақтың мақсаты: 1. Ц ц дыбысы мен әрпін танытып дауыссыз дыбыс екенін ұғындыру. Сөздерді дұрыс буынға бөліп оқуға жаттықтыру.

2. Дыбысты, әріпті танумен қатар сөз, сөйлем құрай білуге, буындық, дыбыстық талдау жасай білуге үйрету арқылы сөздік қорларын, тіл байлықтарын, байқампаздықтарын дамыту.

3. Мамандық түрлеріне баулу, тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Кестерлер, үлшілер, әріп кассасы, суреттер.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.

Сабақтың әдістері: Сұрақ-жауап, топпен жұмыс, ассоциация.



Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру (өлең айту)

Мен күнді көремін,

Күн мені көреді.

Мен айды көремін,

Ай мені көреді.

Мен жұлдызды көремін,

Жұлдыз мені көреді.

Мен сені көремін,

Сен мені көресің.

Біз сізді көреміз,

Сіз бізді көресіз.

ІІ. Өткенді еске түсіру.

Әжесіне қонаққа бара жатқан Қызыл телпекті аңдардан құтқарып көмек беру.

1. Аюдың тапсырмасы. «Кім жылдам?» ойыны қай қатар өткен дыбыстарға сөз құрайды тез, әрі көп сөз құрау.

1 - ші қатарға э дыбысына сөз құрау.

2 - ші қатарға щ дыбысына сөз құрау.



2. Түлкінің тапсырмасы. «Дыбысқа саяхат» ойыны жоғалған дыбыстарды атау, сөзді оқу, сөйлем құрау.

... лектр, а... ы,... кран, тұ... ы.



3. Қасқырдың тапсырмасы. Кеспе әріптермен жұмыс.

І - нұсқа

Щетка(2 буын, 5 әріп, 6 дыбыс)

ІІ – нұсқа

Борщ(1 буын, 4әріп, 4 дыбыс)



4. Сергіту сәті

(музыка әуенімен би ырғақтарын жасау)

ІІІ. Жаңа сабақ.

1. Ассоциация құру.

- Цирк деген сөзді естігенде ойларыңа не келеді?

Шарлар, жонглер, көңілді, қызық, су, аю, ит

2. Цирктің суретін көрсету.

Бізге таныс емес дыбыс. Ц дыбысы.

3. Ц дыбысын дыбыстату (артикуляциясын түсіндіру)

Ц - дауыссыз дыбыс (хормен айту)

Ц дыбысының баспа, жазба әріптерін көрсету.

4. Циркуль, цемент сөздеріне сөйлем құру, буынға бөлу, ц дыбысының орын анықтау.

5. Сергіту сәті.



6. Оқулықпен жұмыс.

а) Бағандағы сөздерді жекелеген оқушыларға оқыту, мағыналарын ашу.

Ц дыбысының орнын анықтау, суреттерін көрсету.

(ц дыбысы орыс тілінен енген сөздерде кездесетінің көрсету)

ә) «Цирк» әңгімесін мәнерлеп оқу. оқушыларға іштей және дауыстап оқыту. Әңгіменің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап алу.

- Әңгімен не туралы?

- Циркте нелер бар?

- Аю, ит не қылды?

7. Дәптермен жұмыс.

а) Ц ц үлкен, кіші әріптерінің жазылуын көрсету.

ә) Үлгі бойынша 1-ші жолдарды бастырып жазу.



8. Сабақты қорытындылау.

Клоунның тапсырамалары

а) Шашылған дыбыстардан сөз құра

(х, е, ц) цех

(р, и, ц, к) цирк

- Циркке адамдар неге барады?

- Циркте қандай мамандықтар жұмыс істейді?

- Не үйрендің; не білдің?

Бағалау: Клоун балалардың жауаптарына қанағаттанып, қыздарға шарлар, ұлдарға ысқырғыш сыйлады





Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы

«№35 жалпы орта білім беретін мектеп» ММ

Жоғары санатты бастауыш сынып мұғалімі:

Сембаева Толқын

2010-2011 оқу жылы

Әліппе

1-сынып

Сабақтың тақырыбы: Ц дыбысы мен әрпі. Цирк

Сабақтың мақсаты: Болашақ ұрпаққа терең біліммен өнегелі тәрбие беру.

Сабақтың міндеті:

  1. Ц дыбысы мен әрпін таныстыру, ол арқылы берілген сөздерді оқу мен жазуды меңгерту.

  2. Ц дыбысы қатысты жаңа сөздерді білдіру арқылы оқушылардың жалпы ой-өрісін, тілін дамыту.

  3. Оқушыларға жол көліктерін білдіре отырып, адамгершілікке тәрбиелеу.

Көрнекілік: Ц дыбысының баспаша, жазбаша түрлері, кеспе әріптері, дыбыстық белгілер, ролотно, жұмбақ, цирктің суреті, Күлегеш қонақ, бағанадағы сөздердің суреттері, әріптері алфавит, алтын мәтін жазылған плакат, ассоциация құру, insert әдісі.

Оқыту әдісі: Баяндау, ізденушілік, сұрақ-жауап, insert.

Сабақ жоспары:

I. Ұйымдастыру кезеңі:

а) Қонақ

ә) Топқа бөлу

II. Үй тапсырмасын сұрау.

а) Білімді тексеру

III. Жаңа тақырып

а) Жаңа дыбыс

ә) «Цирк» суретпен жұмыс

б) Цирк сөзін дыбыстық белгімен жазу

в) Бағандағы сөздерге түсініктеме беру.
г) Цирк мәтінін түсіндіру.

ғ) Ассоциация құру.

д) Мұғалімнің мәнерлеп оқуы

ж) Хормен, іштей, тізбектей оқу.
з) Сергіту сәті.

л) Ауада жазу, тақтамен жұмыс.

ІҮ. Бекіту сұрақтары.

a) insert әдісі.

ә) үйге тапсырма беру

Ү. Қорытынды

а) бағалау

ә) топ жеңімпаздарын анықтау

Сабақтың барысы:

I. - Сәлеметсіңдер ме? - Отырыңдар!

  • Қазір қай мезгіл? - Қыс.

  • Қыстың қай айы? - Желтоқсан

  • Қазір әліппе сабағы.

  • Балалар, бүгін келген оқушылар саны

- Күлегеш деген бала қонаққа келіп отыр. Сонымен қоса бүгін бізге көптеген қонақтар келіп отыр. Сондықтан сендер тыныш отырып, сабаққа жақсы қатысып отыруларың керек. Соның бәрін қонақтар сырттай сендерді бақылап, қарап, қадағалап отырады. Қане барлығымыз тыныш отырайық. Сыныпты 3 топқа бөліп, топ басшыларын сайлап алайық.

II. 1-Аялдама. «Білімді тексеру» бөлімі.

  • Өткен сабақта қандай дыбыс өттік? (щ)

  • Ол қандай дыбыс? (дауыссыз)

  • Сондықтан біз оны қандай тор көзге орналастырдық? (көк)

  • щ дыбысына мысал келтіріңдерші? (щётка т.б.)

  • Үйге берілген мәтінді кім оқып береді? (Қол көтереді).

  • Ал, кім мазмұнын айтады? (Қол көтер) Үй тапсырмасына жақсы дайындалып келіпсіңдер. Осы бөлім бойынша алдарыңдағы тізбеге , □, ▲ белгілерін орналастыру.

ІІІ. 2-Аялдама. «Жаңа дыбыс» бөлімі.

«Цирк» суретпен жұмыс. Цирк деген сөзде таныс емес қандай дыбыс естіледі? Ц дыбысы. Олай болса бүгінгі біздің танысатынымыз Ц дыбысы (баспа түрі) Қане хормен айтып көрейікші Ц-Ц-Ц. Біз қайттік? Көзбен көрдік, ауызбен айттық, құлақпен естідік. Дауысымызды созып айта аламыз ба? (жоқ) Олай болса Ц дыбысы қандай дыбыс екен? (дауыссыз)

Яғни, Ц – тіл алды, жуан, қатаң дауыссыз дыбысты белгілейтін әріп. Қазақ тілінің төл сөздерінің құрамында кездеспейді. Орыс тілінен енген сөздермен халықаралық терминдерге тән.

Ц дыбыс сөздің басында, ортасында келеді. Оны қандай торкөзге қоямыз? (көк)

3-Аялдама. «Жаңа дыбыс еліне мысал келтір» Ц дыбысына кім көп, сөз айтар екен? (цирк, цех, т.б.)

Цемент сөзін буынға бөлейікші. (2 буын) Қане кім Цемент сөзін дыбыстық белгісін жазады. Дыбыстық талдау. Цемент сөзінде неше, буын бар? (2) дауысты дыбыс нешеу? (2) дауыссыз нешеу? (4) Ц дыбысы қай буында кездеседі? (1-ші). Офицер сөзін полотноға жазғызу. Ц дыбысы қай буында? (3-ші) Неше әріп, неше дыбыс бар? (6 әріп, 6 дыбыс)

Яғни, мынау Ц дыбысының әріп таңбасы. Бұл баспа түрі. Кітапта, газет-журналда жазылады. Ал мынау жазбаша түрі. Бұл дәптерде, тақтада жазылады. Қалташаларына , □, ▲ белгілерін қою.

4-Аялдама. «Кім дұрыс оқиды» бөілімі. Ц дыбысы бар бетті ашайық, бағандағы сөздерді оқып, түсініктеме беремін.

Цирк – көтеріңкі көңіл күй!

Цех – қажеттерді жасап шығару орталығы. (кәмпит, нан, т.б.)

Цемент – Құрғақ, ұнтақ, тез қататын құрылыс материалы.

Авиация – ауаға ұшақтарды ұшыру орталығы.

Офицер – әскери адам.

Ал енді, «Цирк» деген мәтінді түсіндіремін. Ассоциация құру.

Енді плакатпен хормен оқыту. Оқушылар орнында кітапен іштей оқу. Енді парта бойынша тізбектей оқу, дауыстап.

Сергіту сәті: Жазу жаздық бәріміз

Талып қалды қолымыз.

Тынығамыз біраз біз

Қайта жазу жазамыз.

  • Отырыңдар! Қалташаларына , , ▲ белгілерін қою.

5-Аялдама. «Кім әдемі жазады» бөлімі.

  • Енді Ц жазбашасымен танысып, оны ауада жазғызу. Тақтадағы жазу әдемі жазғандар қалташаларына , □, ▲ белгілерін қою.

6-Аялдама. «Бәсеке, мәре» бөлімі.

Яғни, бүгін қандай дыбыспен таныстық? (Ц)

Ц дыбысы қандай дыбыс? (дауыссыз)

Қандай мәтін оқыдық? (Цирк)


Не білемін?

Не білдім?

Не білгім келеді?

Циркте күлегештер, хайуанаттарды білеміз.

Цирктің мағынасын түсіндім.

Циркте хайуанаттарды қалай жаттықтыруларын білгім келеді.


Үйге: Цирк мәтінін оқып, мазмұнын айту.

Оқушыларды бағалау. Әр топтың -рын есептеп орын беру.

1-ші орынға алтын белгі.

2-ші орынға күміс белгі табыс ету.

– Осымен ашық сабағымыз аяқталды. Келген қонақтарымызға көп рахмет!

















Тексерілді: 1 «Г»

Күні:

Пәні: сауат ашу

Сабақтың тақырыбы: ь және ъ белгілері

Сабақтың мақсаты: ь белгісі, ъбелгісі

  • Балаларға әріпті таныту; сөздерді тұтастай оқып, мәтіннің мазмұнын талдауға үйрету

  • Сөздік қорларын молайту, алған білімдерін қалыптастыру

  • Елін мақтан етуге, сүюге тәрбиелеу

Көрнекті құралдар: суреттер

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Әдіс -тәсілдері: көрнекілік

Сабақ барысы:



Ұйымдастыру

Оқушылардың назарын сабаққа аударамын.



Есту диктанты:

Бекзат Саттарханов – 2000 жылы Сиднейде өткен Олимпиаданың чемпионы.

Кіріспе әңгіме:

Жұмбақ:

Дыбысы жоқ өзіңше,

Тынысы жоқ өзінше,

Қатаңдатып жіберер,

Өзге әріпті көзіңше

ъ

Мұзайдында киетін аяқ киім түрін ата. Коньки

Жаңа сабақ:

ь,ъ белгілері дыбысталмайды. ь белгісі алдындағы дауыссыз дыбысты жіңішкертеді

ъ белгісі сөзді екіге бөліп, қатаңдатады.





Оқулықпен жұмыс

134-135 беттегі мәтін оқылып, мазмұны талданады



Дәптермен жұмыс

Дәптерлеріндегі тапсырманы орындайды.



Ауызша жұмыс:

Тіл жаттықтыру жаттығулары:

Көп жүктерді вагонға

Разъезде тиейді

Көп қабатты үйлерге

Подъезсіз кірмейді

Қорытынды






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 1 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
" Ц?рпі мен дыбысы"

Автор: М??ан Айымг?л Самат?ызы

Дата: 13.05.2015

Номер свидетельства: 210925


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства