kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Тренингі «?зін-?зі тану» "Жа?ымды к??іл – к?й"

Нажмите, чтобы узнать подробности

 Саба?ты?  ма?саты: ««Махаббат», «ба?ыт» адамгершілік ???дылы?тары туралы т?сініктерін ке?ейту.

Міндеттері:  Жа?ымды ?арым – ?атынастар туралы т?сінік беру;

?зіін – ?зі ?стау білу іскерліктерін дамыту;                          

              ?стамдылы??а, сабырлылы??а, ризашылды??а  т?рбиелеу.

           К?рнекі ??ралдар :  ?р т?рлі к??іл к?йді білдіретін суреттер

            Т?л?алы? ?асиетті білу».

С?леметсіздір ме  балалар, б?гін біз «?зін – ?зі тану  тренинг саба?ты ?ткіземіз.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Тренингі «?зін-?зі тану» "Жа?ымды к??іл – к?й"»

тренингі «Өзін-өзі тану»

Сабақтың тақырыбы: Жағымды көңіл – күй

 Сабақтың мақсаты: ««Махаббат», «бақыт» адамгершілік құңдылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері: Жағымды қарым – қатынастар туралы түсінік беру;

Өзіін – өзі ұстау білу іскерліктерін дамыту;

Ұстамдылыққа, сабырлылыққа, ризашылдыққа тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар : Әр түрлі көңіл күйді білдіретін суреттер

Тұлғалық қасиетті білу».

Сәлеметсіздір ме балалар, бүгін біз «өзін – өзі тану тренинг сабақты өткіземіз.

«Біз өмірдің гүліміз»

Зеңгер көктен

Нұрын төккен

Ортақ біздің күніміз.

Жайнап өскен,

Жайдары өскен

Біз өмірдің гүліміз.

Бал достыққа,

Жолдастыққа

Шақырады әніміз,

Тыныштыққа,

Нұр құшақта

Бақытымыз бәріміз.



1.«Менің есімім» атты жаттығу тренингі.

Жаттығу танысу үшін жасалынады

- әркім кезекпен өз атын атап, есімінің бас әріпінен басталатын сөз айтады.

Мысалы: Сандуғаш сникерс, Әсел әлем т.б.

«Дүниедегі ең оңай нәрсе – біреуге ақыл айту,

Ең қиын нәрсе – өзіңді –өзің түсіну» Әл Фараби

 « Жағымды көңіл-күй» қалыптастырайық 

       Мақсаты: Оқушылардың ішкі жандүниесін  ашуға және өзін еркін сезіне алуға үйретету. 

«Сәлемдесу»ойыны: Қазір біз сендермен ойын ойнаймыз, қимылды тез жасауларың керек.

«Бастаймыз» деген белгі берілгенде, мен қалай амандасу керек екенін айтамын, сонда сендер бір-бірлеріңмен тез-тез амандасасыңдар. Әр оқушымен әртүрлі амандасасыңдар. Сонымен... «Бастаймыз» көзбен… қолмен… иықпен… құлақпен… тіземен… иекпен… өкшемен… арқамен.

Кім улкенді сылайса ,

Кім үлкенді тындаса,

Үлкен болған кезінде

Сыйлы болмақ өзі де.

Өткізу әдісі:

Білім алушылар, менде ерекше кітап. Ол сиқырлы «Кешірімді кітап» деп аталады. Менің қолымда сиқырлы таяқша. Мен кітапқа тигізем , біз бәріміз 1-ші бетінде боламыз.

 Павлик туралы әңгіме

Павлик футболды өте жақсы ойнайды, жылдам жүгірді, көңілді бала болды.Бір күні, футбол ойнап жүріп, жанынан аяғын сылтып басып бара жатқан әйелді көреді. Павлик оған саусағын шошайтып, оны мазақ қылып, қатты күлді. Әйел Павликке қарап, басын шайқады да, жүріп кетті.Бірақ, бір күні доп ойнап жүріп, шұқырды көрмеді. Доп қуып жүріп, шұқырға құлап, аяғын сындырады. Павлик ауруханада өте ұзақ жатады. Сосын, жазылып шығады. Бір рет ол сондағы әйелді кездестіріп, оған жақындап келіп, кешірім сұрады.

         Неге ол кешірім сұрады?

         Әйел оны кешірді ме?

         Ол әйелге қандай сөз айтты деп ойлайсыңдар?

         Ауру әйелге қандай көмек көрсету керек?

         Әрқашан естеріңе нені алу керек?

Қорытынды:  Ауру адамға күлуге болмайды, оған көмектесу керек.

Адам, ғалам ғажайып жеке дара,

Жан құмары – ізденген мәнгі сана.

Өзіңді – өзің танысаң - істің басы,

Түзеген өз ғаламын болған дана.


Сөз жұмбақтар шешу тренигі


Бірге барып класқа,

Бірге үйіңе қайтады.

Оның бетін кім ашса,

Әр бағаңды айтады.

/күнделік/



Он екі парақ-

Он екі ақ қанат,

Жауабы әсем-ақ,

Сызылған тақталап.

/дәптер/



Ол – оқушы құралы,

Қатеңді түзетіп тұрады.

/өшіргіш/







Тебеннің ұшы түйір,

Аяғы біреу, қолы жоқ,

Шиыр-шиыр жолы көп.

Өзі сөйлей білмейді,

Салған ізі сөйлейді.   /қалам/



Жоқ өзінде бас та,

Қас та, мойын да,

Ұзындығы жазулы тұр бойында.

/сызғыш/





11- түйе, 5 - жылқы,

2 - сиыр, 5- ешкі.

2- қоян, 3- түлкі,

Таба алмасаң бос күлкі.

Барлығы - (28)



«Сіздің көңіл-күйіңіз қандай?» тренингі

«Сіздің көңіл-күйіңіз қандай?» Смайлікті сурет бойынша ортасына жапсырып әр түрлі қарындаштар арқылы бояп эмблема жасайды

.«Ақ тілек »  жүрекке – жүрек тренингі.

«Журек» сурет бойынша балалар бір біріне ақ тілек сыйлап жылы сөздерді айтады



Тренинг соңында әр қатысушы өз ойын біледі.

_____________________________

 Міне, қоштасатын да сәт жетті.

Балалар келгендеріңізге көп рахметімізді айта отырып, отбасыларыңызға бақыт нұры шашыла берсін дегім келеді.

Сау болыңыздар!




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
Тренингі «?зін-?зі тану» "Жа?ымды к??іл – к?й"

Автор: Алпысбаева Асемгуль Шеркеновна

Дата: 18.04.2016

Номер свидетельства: 319879


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства