Просмотр содержимого документа
«Т?рбие шарасы "Денсаулы?-зор байлы?"»
Облыстық есту органы зақымдалған балаларға арналған арнайы(түзеу) мектеп-интернаты
Тәрбие сағаты
Тақырыбы:Денсаулық-зор байлық
Сыныбы:1,5-нашар еститін сынып
Өткізген:Карасаева Н.Т.
2015-2016оқу жылы
Тәрбие сағаты.
Тақырыбы: Денсаулық-зор байлық
Мақсаты:
1.Білімділігі-Жас ұрпаққа адам денсаулығының қымбаттылығын,өмір сүру үшін қажеттілігін,бағалы байлық екенін түсіндіру.
2.Коррекциялық:қимыл әрекетке жаттықтыру,еңбек етуге,елін,жерін қорғауға қажетті күш-қуатын молайту.
3.Тәрбиелігі:Жеке бас тазалығының сақтау ережесін қалыптастыру.
Көрнекілігі: слайд, мультфильм, көрініс
Жүру барысы:
І.Ұйымдастыру
2.Мұғалім түсіндірмесі:
Адамның денсаулығы,қоғам байлығы.Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек.Дені сау адамның көңіл-күйі көтеріңкі болып,еңбекке әрқашан құлшына кіріседі.
«Денсаулық-зор байлық» денсаулық болса,бәрі де болады. Дені сау адамның көңілі шат,өмірі бақытты.
Денсаулықты нығайтуда спорт, денешынықтыру,ырғақты қимыл,мәдениетті түрде тынығу, дұрыс тамақтану,ретімен киінудің де мәні зор.
Ой ашу:блиц-турнир сұрағы:
1.Тіс тазартатын құралдар?
(тіс щеткасы,тіс пастасы)
2.Денені шынықтыратын,денсаулыққа әсері мол сабақ?
(Дене сабағы)
3.Адам өміріне ең қажет
(ауа,су,жылу,жарық,тамақ)
4.Ол судан қорқады,одан кір қорқады
(сабын)
5.Тазалық кепілі-........
(денсаулық)
6.Жалқаудың досы
(еріншектік,ұйқы)
Ертегіден көрініс
Ертеде бір кірқожалақ бала болыпты. Оның дүниедегі ең жек көретін нәрсесі- қолын жуу және жуыну екен. Сол себептен қолында, аяғында пайда болған жаралар денесіне тарайды. Ауыз арқылы ішке кірген микроб баланы ауруға шалдықтырады. Оны қаратуға дәрігер шақырады. Дәрігер баланы тексеріп, ауруды жеңетін ғажайып затты ұсынады.
Бұл не деп ойлайсыңдар? (сабын)
Иә, бұл сабын.
Сөйтіп, кірқожалақ болып жүретін бала сабынмен күн сайын жуынып, таза жүргендіктен, ауруынан айығыпты.
Ой қозғау
Балалар жеке бас гигиенасын сақтау дегенді қалай түсінесіңдер?
Жеке бас гигиенасын сақтау деп таза жүру, таңертең тұрып жаттығу жасау, жүгіру, жуыну керек. Тырнақты өсірмей, уақытында алып тұру керек.
Мектепте де, үйде де тазалықты сақтауымыз қажет. Тісімізді жуып, қолымызды сабындап жуу, бөгде заттарды ұстамау қажет.
Жеміс-жидектерді жуып жеу, тамақты асықпай шайнап жеу, тамақ үстінде сөйлемеу.
Спортпен айналысып, таза жүру, әрбір адам өз денесін шынықтырса, жуынып таза жүрсе, оны аурудан сақтайды.
Ал енді мақал-мәтелге кезек берейік
Ас адамның арқауы
Тазалық – саулық кепілі,
Саулық – байлық кепілі.
Денсаулық – зор байлық.
Дені саудың – жаны сау.
Көңіл көтерейік!
Не жедің?
Мирас, сен бетіңді неге жумағансың? Бүгін таңертең не жеп келгенің көрініп тұр.
Иә, не жеппін?
Шоколад…
Жоқ, шоколадты кеше жегенмін.
Қорытынды
Мұғалім:
Балалар деніміз сау болу үшін таза болып жүрумен бірге тағы не істеуіміз керек екен?
Оқушылар:
Таңертеңгілік жаттығу жасап, спортпен шұғылдану керек.
Мұғалім:
Адамдар әрқашан қимылды қозғалыста жүрсе біздің ағзамыздағы қан жүрісі де қозғалыста болып жұмысы жақсарады. Ауруларға қарсы тұра алатын боламыз. Денімізді сақтау үшін зиянды әдеттерден аулақ болу керек. Адам денсаулығына жақын дос та, қас та бар. Адам денсаулығына жақын не деп ойлайсыңдар?
Тазалық, спорт, таза ауа, дұрыс тамақтану, күн тәртібі.
Мұғалім:
Адам денсаулығына қас
Оқушылар:
Жаман әдеттерден аулақ болу , салақтық, жалқаулық.
Қорытындылай келе ,балалар, денсаулық адам ағзасының қалыпты, дұрыс жұмыс істеуі. Денсаулық дұрыс тамақтану. Денсаулық тәулігіне 10 сағат ұйықтау, ұйқы ең алдымен миды тынықтырады. Денсаулық таза ауада көбірек жүру. Денсаулық тазалық сақтау. Денсаулық тамақты шамадан тыс тойып ішпеу. Денсаулық тамақтан соң ауызды шайып, қолыңды жу.
Осымен бүгінгі «Денсаулық – зор байлық » атты тәрбиелік шарамыз аяқталды. Назар қойып тыңдағаныңызға рахмет!