Просмотр содержимого документа
«Т?рбие са?атыны? та?ырыбы: Маманды?ты? б?рі жа?сы»
Республика: Казахстан
Кзылординская область
Жанакорганский район
Село: Тугискен
Кошанова Гулзира Файзуллаевна
Учительница начальных классов. Сш №256 село «Тугискен»
Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Мамандықтың бәрі жақсы.
Мақсаты:
Балалардың әртүрлі мамандықтар туралы білімдерін толықтыру.
Сурет бойынша қойылған сұрақтарға толық жауап беруге дағдыландыру арқылы зейіндерін дамыту.
Үлкендердің еңбегін бағалауға тәрбиелеу және мамандық таңдауға қызығушылықтарын тудыру.
Көрнекіліктері:түрлі мамандық иелері туралы суреттер, құралдар.
Оқу іс-әрекетінің барысы:
Шаттық шеңберін құру.
Балалар дөңгелене тұрып, бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді. Мысалы:
Сен қандай ақылдысың! Біздің денсаулығымыз мықты. Біз ойнаймыз, күлеміз, айналадағы дүниені танып-білеміз.
Міне, көрдіңдер ме? Балалар, болашақта әртүрлі мамандық иесі болу үшін ақылды, білімді, тәрбиелі болу керек.
Кіріспе бөлім
а) Жұмбақ шешкізу.
Кірпіштен сарай, үй салады,
Ол адам кім болады?
(Құрылысшы)
Осы жерде құрылысшы мамандық иесі екені айтылып, мамандық туралы әңгіме жүргізіледі.
ә) «Кім болам?» дидактикалық ойыны. Шарты: балалар үлкендердің бала күндерінде кім болуды армандағандарын және болашақта өздерінің қандай маман иесі болғысы келетіні жөнінде әңгімелерін, ойларын ортаға салады.
Негізгі бөлім.
а) «Мамандықты ата» дидактикалық ойыны. Дәптердегі мамандық иелері бейнеленген суреттерге қарап, мамандық иелерін (дәрігер, ғарышкер, полиңия, құрылысшы) айтады. Төмендегідей сұрақтарға жауап береді.
Дәрігер не істейді?
Ғарышкер ше?
Полиция қызметкері не істейді?
Тағы қандай мамандық түрлерін білесіңдер? (Балалардың жауаптары тыңдалып, толықтырылады).
ә) «Кімге не керек?» тапсырмасы. Шарты: дәптердегі бірінші бағанда тұрған мамандық иелерінің суреттерін екінші бағандағы суреттердің тиістісіне сызықпен қосып көрсету. «Кімге не керек?» сұрағына ауызша жауап беру.
б) Дәптердегі аспан әлемі бейнеленген суретті аяқтау. Бір- екі балаға салған суреттері бойынша әңгімелету. Ғарышкер мамандығы туралы түсіндіру.
Ғарышкер - ғарышта аспан денелерін зерттейтін адам.
в) Жұмбақ шешкізу. Шешуі: үшақ. Ұшқыш мамандығы туралы әңгіме жүргізу.
Оқу іс-әрекетін қорытындылау.
а) Бірнеше мамандық түрлерін кезекпен айту. Балалар әр мамандық туралы әңгімелеу. Мысалы:
Ұшқыш ұшақты жүргізеді. Жолаушыларды тасымалдайтын ұшқыш, әскери ұшқыш болады.
Полияция қызметкері елдің тыныштығын қадағалап жүреді.
ә) Мамандықтың бәрі жақсы, тек қандай мамандық иесі болу үшін көп оқу керектігін айтып, сабақты қорытындылау.