Просмотр содержимого документа
«Т?рт т?лікті? иелері»
Тақырыбы: Төрт түліктің иелері. Дауыссыз дыбыстар (сауат ашу)
Мақсаты: Білімділік: Төрт түліктің перлерімен таныстыру, қасиеттерін танып білу. Дауыссыз дыбыстарды есте сақтау. Дамытушылық: Оқушылардың қабілеттерін арттырып, сөздік қорларын молайту, тілін дамыту. Тәрбиелік: Малды қастерлеп күтуге, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ Сабақтың әдісі: Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау технологиясы. Сабақтың тәсілдері: Топпен, ұжыммен жұмыс істеу. Сабақтың көрнекілігі: плакатқа жазылған дауыссыз дыбыстар, «қызық ойын», Венн диаграммасы.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі Оқушылар бір – біріне сәттілік тілейді. ІІ. Көркем жазу Аа Ана тілің – арың бұл. Тіл туралы қандай мақал –мәтелдер білесіндер? Тіл күнін ата. ІІІ. Төрт түліктің иелерін атап беру. Кім біліп келді? Сыныпты төрт топқа бөлу: Ітоп – «Ойсылқара» ІІтоп «Қамбар ата» ІІІтоп «Зеңгі баба» ІVтоп «Шопан ата» Әр топ басшысы тапсырма алады: І топ: Түйенің өсу жолдарын жазып,дауыссыз дыбыстардың астын сызу: Бота, тайлақ, буырлыш, бұзбаша,інген, атан, бура. ІІтоп Жылқының өсу жолдарын, дауыссыз дыбыстардың астын сызу. Құлын ,бесті, құнан, байтал, дөнен,құлық,құлын,жабағы,бие, ат, сәурік , айғыр. ІІІ топ: Сиырдың өсу жолдарын жазып,даусты дыбыстардың астын сызу. ІVтоп: Қойдың өсу жолдарын жазып, дауысты дыбыстардың астын сыз. Қозы, көбеген, марқа, тоқты, бағлан,тұсақ,көбей,кебе,ісек,абзан, ақауы, қошқар,саулық,қой. Топтардың басшылары ауысып, білгендерін басқа топтарға үйретеді. VСергіту сәті Бас бармағым алғашқы, Балаң үйрек жалғасты. Ортан терек ағасы, Шүлдір шүмек нағашы. Кішкентай бөбек балақан Бәріне ортақ алақан.
VІ Әр топқа бес жолды өлең құрастыру. І топ тақырыбы: «Түйе»
ІІтоп «Жылқы»
ІІІтоп «Сиыр» ІV «Қой»
ІІ. Оқулықпен жұмыс - 18 бет. 2- жаттығуды орындау. Жазылуын есіңе сақта! Арғымақ, сәйгүлік, тұлпар. Бұлар нелер? ІІІ Ойын «Тез айтайық» Бұл ойында әр топқа сұрақ қоямын, тез жауап беру керек.Егер жауап бере алмаса, келесі топ айтады. 1.Қойды неше рет қырқады? 2. Айтқа сойылатын малдарды ата. 3.Қой жылына неше рет қоздайды? 4.Қазақтың жылқыға байланысты қандай ұлттық ойындар бар? 5. Жылқының сүті қалай аталады? 6.Түйенің қандай пайдасы бар? 7. Бір өркешті түйені қалай атайды? 8.Қой қандай жануар? 9.Сиырдың сүтінен жасалатын тағамдарды ата. VІІІ Тестік тапсырма
1.Ертеде ата – бабаларымыз қалай амандасқан? А) мал жан аман ба? Ә)қал қалай? Б) сәлеметсіз бе? 2. Мал шаруашылығы қандай кәсіп? А) ата кәсіп Ә) шаруа кәсіп Б) көне кәсіп 3.Малшылық ненің бір түрі? А) егіншіліктің Ә) балықшылықтың Б) тіршіліктің
4.Малға шөп қай кезде дайындалады? А) қыста Ә)жазда Б)күзде 5.Мал қандай жануар? А) киелі Ә)қалың Б) ырымды ІХ. Көру диктанты 3- жаттығу. Жатқа жазу. Өздерін бағалау. Х. Төрт түлік туралы қандай ырымдарды білесің? Топ басшыларына айтып беру. 1.Малды теппе. 2.Ақты төкпе. 3. Мал сүйегін отқа тастама. 4. Малға теріс мінбе. 5.Малды басына ұрма. ХІ Ойын « Қызық ойын» Кестедегі сөздері жазылу реті бойынша оқымаймыз, дойбы ойнау ретімен оқу. Сонда төрт түлікке байланысты мақал шығады.
малдың
жаққан
жайын
білер
оттың
баққан
Мақалдың мағынасын түсіндіру.
ХІІ Қорыту: Мал қандай жануар? Оны ұрып соғуға бола ма?
ХІІІ. Бағалау. Топ басшылары өз тобындағы оқушыларды бағалайды.
ІХ Үйге тапсырма: бесінші жаттығу. Төрт түлікке байланысты мақал –мәтелдер жинап келу.